"Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінді оқу мен түсінудегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру".
№4 НОМ
27.10.
Пән мұғалімдеріне оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдістемелік көмек ұйымдастыру.
35
2
"Нәтижеге бағытталған білімді тиімді жоспарлау тәсілдері".
№61 ЖББОМ
19.01.
Нәтижеге бағытталған білімді тиімді жоспарлау тәсілдері туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, әдістемелік кеңес беру.
35
3
"Қазақ тілі сабағында топтық жұмысты пайдалана отырып, оқушыларды көшбасшылыққа жетелеу".
№8 НОМ
16.02.
Оқу процесін белсендіру, топтық жұмыс әдістері туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу.
38
4
«Кітап – сәуле, нұр берер шырағыңыз»
№86 ЖББОМ
16.03.
«Оқу шаттығы» жобасын жүзеге асыру.
54
5
"Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушы белсенділігін қалыптастыру".
№68 ЖББОМ
20.04.
Әрекеттік педагогика туралы мәлімет бере отырып, интербелсенді әдістерді тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын көрсету.
30
Алғашқы семинар 27 қазанда №4 негізгі орта мектебінде болып өтті. Семинардың мақсаты: Пән мұғалімдеріне оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдістемелік көмек ұйымдастыру. Семинарға қала мектептерінен 35 мұғалім қатысты. Қалалық семинардың ашылу рәсімін мектеп директоры Кулбулатова Қаламқас Сабырқызы жасады. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Жаркеева Гулназ Бекетовна функционалдық сауаттылықтың қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі екендігін, білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын баса айтып кетті. Мектеп директоры Кулбулатова К.С «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында мәтінмен жұмыс арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында қала мектептерінің мұғалімдеріне семинар-практикум өткізді. Семинар-практикумда мұғалімдерге нақты мәтін бойынша тапсырмалар беру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың жолдары көрсетілді.
Қазақ тілі мұғалімдері Жадрасинова А.Ж. 6«А» сыныбында «Дара және күрделі зат есімдер» тақырыбында, Шүкірхан Назгүл 7«А» сыныбында тіл ұстартудан ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар байлық, білім, ақыл туралы пікір алысты. Пән мұғалімдері сабақта оқушыларға мәтін арқылы функционалдық сауаттылыққа негізделген түрлі тапсырмалар берді, оқушылар мәтінді оқып, түсінуі арқылы өздерінің таным-түсініктерін, сыни ойлау деңгейлерін көрсете білді. Мәтін мазмұнына өз көзқарастарын білдіріп отырды. Семинар соңында қатысушылармен рефлексия жүргізілді. Рефлексия барысында мұғалімдер қатысқан ашық сабақтары мен семинар-практикум туралы ой бөлісіп, пікіралмасты.
Екінші семинар 19 қаңтарда №61 ЖББОМ базасында «Нәтижеге бағытталған білімді тиімді жоспарлау тәсілдері» тақырыбында өткізілді. Семинардың мақсаты: Нәтижеге жету жолында оқытуды тиімді жоспарлау және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және біліктіліктерін арттыру. Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көки Жұлдыз қазақ әдебиеті пәнінен 8-сыныпта М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тарих пәні мұғалімі Мукашева Сағыныш Рымжанқызы «Оқытудағы критериалды бағалау» тақырыбы бойынша тренинг өткізді. Бұл тренингтің мақсаты - мұғалімдерді жаңаша білім беру мазмұнындағы критериалдық бағалауға үйрету болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көки Жұлдыз «Эссе жаза білу – нәтижеге бағытталған білімнің алғышарты» тақырыбында тренинг өткізді. Эссе жазу – биылғы оқу жылындағы басты жаңалық болғандықтан, педагогтер жоғары қызығушылықпен қабылдады. Бұл тренингте мұғалімдерге эссе жазудың қыр-сыры толықтай таныстырылды.
Семинарға қатысқан ұстаздар тиімді әрі мол тәжірибемен бөлісіп, бүгінгі күндегі өзекті де, маңызды тақырыптардың қозғалғандығына ризашылықтарын білдірді.
Келесі семинар 16 ақпан №8 ЖББОМ базасында «Топтық жұмыс арқылы оқушыларды көшбасшылыққа жетелеу» тақырыбында өткізілді. Семинарға қала бойынша 38 мектептен мұғалімдер қатысты. Аталған шараны мектеп директоры Мустафин Ықылас Қатенұлы ашып, қалалық білім бөлімінің әдіскері Жаркеева Г.Б. «Оқу процесін белсендіру негіздері» тақырыбында ой жалғастырды. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Кузембаев М.К. және Макачева Г.К. ашық сабақ өткізіп, сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жоспар бойынша семинар «Оқу процесін белсендіру негізі – топтық жұмыс әдістері» тақырыбында пікіралмасумен жалғасып, мұғалімдер сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру бойынша ойларын ортаға салды. Семинар соңында рефлексия жасалып, қатысушы мұғалімдер өткізілген іс-шарадан түйген ойларымен бөлісті.
Келесі семинар 16 наурыз №86 ЖББОМ базасында облыстық «Оқу шаттығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың есебі ретінде ұйымдастырылды. Семинарға оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі мектептерден 54 мұғалім қатысты. Семинарды мектеп директоры Кунедилов Нурбол Даригулович құттықтау сөзбен ашып, жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Жаркеева Г.Б. кіріспе сөзінде жобаға енген эксперименттегі бес мектептегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.С.Габдуллинаның жетекшілігімен, тіл мұғалімдерінің дайындауымен оқушылар поэзия, проза, драмалық шығармаларды жатқа оқып, көріністер көрсетіп, сахналық қойылымдар қойды. Ата-аналар да балаларының кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру бағытында жасап жатқан жұмыстарын көрсетіп, өз көзқарастарын білдірді, ойларын ортаға салды, жұмыстарын көрсетті. Семинар соңында мектеп психологы Б.Адамқожина семинарға қатысушылармен психологиялық тренинг жүргізді, рефлексия жасады. Ұйымдастырылған барлық шаралар көпшілік көңілінен шығып, жоғары баға алды.
Соңғы семинар 20 сәуір №68 МИББ кешенінде болып өтті.