ш
болып, оған
с
-дан басталатын қосымша
жалғанса,
с
айтылуда
ш
-ға ауысады:
қашша (қашса), ішшін (ішсін), ұшшын
(ұшсын).
Түбір
сөздің соңындағы
с, з
дыбыстарына жалғанатын қосымшаның
басқы
ш
дыбысының әсерінен айтылуда
с, з
дыбыстары
ш
дыбысына
ауысады:
жұмышшы (жұмысшы), сөшшең (сөзшең), башшы (басшы).
Түбір сөздің соңғы дыбысы
қ, ғ, к, г
дыбыстарының
алдынан келсе,
айтылуда өзгеріп, тіл арты
ң
дыбысына ауысады:
бір гүңгі (бір күнгі).
Сөз ішінде немесе сөз аралығында
н
дыбысы мен
к
дыбысы,
с
дыбысы
мен
ж
дыбысы іргелес келсе, айтылуда
н
дыбысы
ң
дыбысына,
қ, к
дыбыстары
ғ, г
дыбыстарына,
с
дыбысы ш дыбысына, ж
дыбысы ш
дыбысына өзгереді:
Қазаңғап (Қазанқап), Есеңгелді (Есенгелді), Амаңгелді
(Амангелді), Дошшан (Досжан).
Редукция
– бұл дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі
дауыстының көмескіленуі. Негізінен редукцияға қысаң дауысты дыбыстар
ұшырайды.
Басқаша айтқанда, редукция – дыбыстың артикуляциялық және
акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция – екпін болмауынан
дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция –
сол себептерден
артикуляцияның өзгеруі. Мысалы:
қат(ы)нас, дәр(і)гер
, т.б. Осымен
байланысты Ж.Аралбаев өз зерттеуінде: «ы фонемасы сөздің барлық шенінде
келе береді:
ыдыс, ық, ыстық, жылылық, мылтық, ыза, ырым
және т.б.
Ы
қысаңы
л, р
сонорынан бұрын және сөздің екпінсіз позициясында түрлі
редукция басқышына енеді:
қрық, қзыл, қзық, пшақ, қтық, қсыр, шбық
және
т.б. Кейде сөздің екінші екпінсіз буынында (р мен н-ның, у мен з-ның, р мен
к-ның, й мен н-ның аралығында)
ы
дыбысы фонетикалық нөлге айналады:
орын-ы – орны, қарын-ым – қарным, ауыз-ым – аузым, бөрік-і – бөркі»
[5].
Сөз ортасындағы қысаң дауысты дыбыстардың түсіп қалуын Н.Уәли
өзінің зерттеуінде былай түсіндіреді: «Мұрын, ерін тәрізді сөздердің дыбыс
құрамындағы
ы
-ның түсіп қалып, мұрны, ерні түрінде айтылу себебі бұл
сөздердің
өзге сөздермен салыстырғанда, тәуелдік тұлғасында жиі
жұмсалуына байланысты. Ал
құрық, жарық
сөздері, керісінше, тәуелдік
тұлғада, өзгелермен салыстырғанда, әлдеқайда сирек жұмсалады екен» [2].
Дауысты
ы
дыбысының редукциялану процесі
ритмикалық екпіндегі
сөз тіркесінде де байқалады екен:
тор ат (торы ат), сар адам (сары адам),
сар май (сары май).
Дуысты
ы
дыбысы ритмикалық екпіндегі сөз тіркесімен
қатар сөз соңында да түсіп қалады. Нақты айтқанда, дауысты
ы
дыбысына
біткен сөздерге ашық дауыстыдан басталатын қосамшалар қосылғанда ы
толық редукцияланады:
алты-ау – алтау, оқы-у – оқу.
С.Мырзабеков дыбыстық өзгерістің бір түрі
редукцияға мынадай
анықтама береді. Редукция дауысты дыбыстарға ғана қатысты және сөз
ішіндегі дауыстының көмескіленуі. Ал көмескіленетін қысаң дауыстылар
болып келеді.
жазылуы
айтылуы
дәрігер
дәр'гер
қатынас
қат'нас
тәжірибе
тәж'рибе
аңызақ
аң'зақ
адыраңдау
ад'раңдау
бадырақ
бад'рақ
едіреңдеу
ед'реңдеу
иірім
и'рім
қасірет
қас'рет
жұдырық
жұд'рық
көбірек
көб'рек
Мысалдардан көріп отырғанымыздай,
қысаң дауыстымен келетін
сөздер негізінен редукцияланып, айтылуда естілмейді.Қысаң дауыстылардың
сөз арасында түсіп қалуы айтылыммен ғана байланысты емес, жазуда да
түсіріп жазуды ұсынатын пікірлер бар. Осымен байланысты зерттеуші
Қ.Күдеринованың пікірінше, 3 буыннан артық ашық буынмен келетін, екінші
буындағы дауыссыз дыбыс пен үнді арасындағы
ы, і
езуліктері таңбаланатын
сөздерді ықшамдап,
ы, і
әріптерінің дәнекерінсіз,
бітеу буынмен таңбалауға
болады деп ойлаймыз:
аблай, аброй, адра, абсын, айрым, ақрын, бадрақ,
бұрлыс, келсім, жадраңқы, қапрық, мейрім, өкніш.
Қорыта келгенде, ауызша тілде дыбыс әртүрлі өзгерістерге ұшырайды.
Дыбыстық өзгерістер протеза, редукция, метатезада көрініс табады.
Әдебиет:
1 Күдеринова Қ. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. Оқу құрал.
Алматы, 2013.
2 Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері:
фил.ғыл.докт.авторефераты. Алматы, 2007.
3 Уалиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық
негіздері: фил.ғыл.канд...Алматы, 1993.
4 Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 2006.
5 Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988.