Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет149/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

қыңқылдай береді
(І. Жансүгіров).
Жанай қозғалмастан терезеге қарап 
бедірейіп
 
отыра берді
(С. Мұратбеков).
 
Шүңк 
еліктеуіші негізінде жасалған етістіктердің жағымды, 
жағымсыз сипаты контексте ғана белгілі болады. Төмендегі микро
-
мәтіндегі 
шүңкілдесу 
екі адамның, жаңадан қосылған ерлі
-
зайып
-
тылардың арасындағы жағымды қарым
-
қатынасты көрсету үшін 
қолданылған. 

 
Ұзақ, қолыңды жу, –
 
деп дауыстады Тана. Онан соң екеуі сандық 
үстіне дастархан жайып шүйіркелесе
 
шүңкілдесіп
 
тамақ ішті. 
Екеуінің қосылғаннан бері сырт көзден қорғаншақтамай бетпе
-
бет 
оңаша бірінші рет отырулары еді бұл
(С. Мұратбеков).
 
Қорыта келгенде, еліктеуіш сөздер көркем әдебиет стилінде, 
ауызекі сөйлеу стилінде ерекше мәнер алып, адамның көңіл
-
күйіне 
қатысты эмоциялық реңк беру, образды ашу, бейнелеу қызметтерін 
атқарады. Еліктеуіш сөздер адам эмоциясының түрлі қырын адамның 
қимылы, дауысы, көзқарасы, жүрісі т.б арқылы да білдіре алады. Бұл 
тұрғыда қарастырғанда еліктеуіш сөздің мағынасы ешбір сөз табына 
ұқсамайды деуге болады. Еліктеуіштер затты, заттың санын, сынын, 
қимылды, қимылдың сынын білдіретін сөздермен салыстырғандағы 
басты ерекшелігі адамның сезім мүшелерінің реакциясы нәтижесінде 
пайда болады, яғни дыбысты естудің, бейнені көрудің, дәмді сезудің


183 
адам санасында қорытылуы. Еліктеуіштердің ең үлкен ерекшелігі көп 
жағдайда олар арқылы эмоцияның жағымды я жағымсыз екендігі, 
сонымен қатар эмоцияның деңгейі бірден белгілі
болады. Еліктеуіштер 
бейнелі сөздердің қайнар көзі. Хабарлау, ақпарат беру мақсатында 
қолданылатын етістіктердің орнына еліктеуіш негізді я болмаса 
еліктеуішпен тіркесу арқылы жасалған етістіктерді қолдану сөйлемнің 
эмоционалды
-
экспрессивтік бояуын күшейтеді. Дербес мағыналы бір 
негізді етістіктермен тіркескенде эмоцияның сын
-
сипатын, қалай 
жасалғандығын білдіреді. Дыбыстық еліктеуіштер көп жағдайда 
жылау, күлу сияқты эмоциялардың дыбыстық тұрғыдағы сипатын 
білдіреді. Еліктеуіш сөздердің ойды дәл, қысқа, анық жеткізуде де 
өзіндік орны бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет