Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет157/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19


 
Өй, өй...
 

 
деп сасқалақтап күле берді (С. Мұратбеков).
 
Әр түрлі одағайлардың қатар қолданылуында семантикалық 
сәйкестік болады. Жағымды эмоция кезінде 
Ура! Алақай!
одағайлары, 
қатты өкінгенде 
Қап! Әттең!
одағайлары, қиналғанда 
Аһ! Оһ! Аһ! Уһ!
одағайлары, қошеметтегенде, риза болғанда 
Уа!
Пәлі! Ай! Пәлі!
одағайлары қатар қолданыла береді. Мысалы, 

 
Уә, пәлі,
 
өркенің өссін, қарағым. Бәсе, сөйтейік те
(С. 
Мұратбеков).

Ай, бәлі!

деп жігіттер көтеріліп қойды
(І. Жансүгіров).
Қыстың аяқ кезінде, Өрік ақсақалды әбден өзіме қараттым ғой 
деп, сенімі күшейген кезде, Ақбілектен ақтық көңілін шығаруға, екі 
қабат екенін естіртті. Ақсақал аяғының астынан аю
 
шыға келгендей, 
шошып кетті:
 


188 

 
Аһ! Оһ!..
 
Қой... Қой!.. 
Өй... Өй...
 

 
дей берді. Қатын жанын 
беріп сендірді. «Оны азсынсаң» дегендей, босанатын мезгілі де таяу 
екенін білдірді (Ж. Аймауытов). 
 
Адам эмоциясына қатысты жұмсалатын одағайлар сөйлемнің тек 
басында ғана емес, басқа шенінде де қолданыла береді. Мысалы, 
Шыбын жаны құрғырды ойлай беріппін
-
ау, 
япыр
-
ау!
 
(Ж. 
Аймауытов).
 

 
Дау
-
шар десе жанып кетеді
-
ау шіркін. Осындайды ізденіп 
жүреді ғой, 
түге.
 
Әй бұлар ма!.. (С. Мұратбеков).
Адамның әр алуан күйін көрсететін құрамында одағай сөздер бар 
ойбай салды, аһ ұрды, ай
-
шай деспей, ай
-
шайға қарамай 
сияқты 
тұрақты тіркестер ауызекі сөйлеу стилінде, көркем әдебиетте жиі 
қолданылады. Құрамында одағай сөздер болғанымен бұл тіркестер 
түгелімен одағай сөздерге жатпайды. 
Эмоцияның күштілігі қолданыста одағайлардың 
де 
етістігімен 
тіркесуі арқылы жасалған тілдік бірліктер арқылы да білдіріледі. 
«Одағайлар көбіне де етістігімен тіркесе келе, кейбір жағдайда сол 
етістікпен өзара жымдасып, мағыналық жағынан өзгеріске ұшырап

одағай категориясынан ауысып кетеді. Мысалы, 
Я деген! Уа деген! 
Апырай десе! Ой десе! Бәсе деймін! 
сияқты тіркестерді мағына 
жағынан бөлшектеу қиын» [9, 567].
 
Қорыта келгенде, эмоцияның туу себебінің өзі сыртқы дүниенің 
субъектіге тигізетін әсері болып табылады. Сол әсердің нәтижесінде 
субъект күледі, ашуланады, ызаланады, ләззат алады немесе тамса
-
нады. Осы әсерлердің негізінде адамдардың түрлі дыбыстар шығаруы
-
нан пайда болған сөздер тобына қазіргі қазақ тілінде одағайлар деп 
танылып жүрген сөздердің негізгі бөлігі жатады. Адам эмоциясының 
түрлі реңкін бере алатын
көпмәнділік қасиетке одағайлар сөйлеу
жағдаяты, сөйлемдегі контекст және
екпін арқылы ие болады.
Көп
-
мәнді одағайлардың әрбіреуі жұмсалу ерекшеліктеріне қарай әр түрлі
екпінмен айтылады. Бірде созылыңқы, бірде баяу, бірде тез т.б. Беретін 
мағынасына байланысты екпін бірде алғашқы буынға түссе, бірде 
соңғы буынға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет