Қазақ тіліндегі эмоционалды


 Мәтін тақырыптарындағы эмоционалдылық



Pdf көрінісі
бет159/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

4.1 Мәтін тақырыптарындағы эмоционалдылық
 
Тілдегі сөздердің негізгі қызметтерінің бірі –
адам ойындағы, жан
-
дүниесіндегі түрлі құбылыстарды жеткізу.
Тіл мағыналы сөздер 
арқылы тұтас ойлардың сөйлем арқылы жеткізілуіне, сөйлемде 
қолданыс табуына негіз болады. Тілдік бірліктердің түрлі мағыналық 
реңктері мен қолданылу өрісін айқындауға, адамзатқа тән белгілі бір 
категорияның қандай тілдік бірліктер арқылы бейнеленетіндігін сара
-
лауға негіз болатын тілдік деректердің қайнар көзі көркем әдебиет. 


192 
Көркем әдебиеттегі жеке тұлғалардың тілі туралы ой айтып, пікір 
білдіру, зерттеулер жүргізу, өзіндік қолтаңбасын айқындау –
фило
-
логия табиғатына тән құбылыс. Олай болуы заңды да, өйткені әдебиет 
тіл арқылы өмір сүреді, тіл –
әдебиеттің бірінші элементі. Жазба 
әдебиеті ерте дамыған халықтардың филология ғылымында бұл 
үрдістің, яғни, әдеби тілдің функционалды стильдерінің бірі ретінде 
көркем әдебиет тіліне талдау жасаудың, соған орай әдеби тілдің даму 
бағыттарын зерделеп отырудың ғасырлық тарихы бар. Орыс тіл 
білімінде аталған тақырыпқа А.Н. Веселевский, В.В. Виноградов, Г.О. 
Винокур. А.И. Ефимов, Н.М. Шанский, Л.И. Тимофеев, Л.В. Щербак 
т.б. ғалымдар өзіндік үлес қосты.
Мәтін тақырыптары орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың елуінші 
жылдарынан бастап ерекше тілдік бірлік ретінде танылып зерттеу 
нысанына айнала бастаған болса, қазақ тіл білімінде соңғы жиырма 
жыл көлемінде ғана арнайы зерттеле бастады. Бұл зерттеулерде тақы
-
рыптардың номинациялық тәсілдеріне, грамматикалық тұлғаларына, 
экспрессиялық қасиеттердің берілу тәсілдеріне, синтаксистік ерекше
-
ліктеріне, функционалдық типологиясы мен семантикасына талдау 
жасалды. Мысалы, Э.А. Лазарева «Заголовок в газете», А.С. Попов 
«Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее 
развитие», В.П. Вомперский «К изучению синтаксической структуры 
газетного зоголовка», Н.Е. Бахарева «Структурно
-
функциональное 
развитие заголовков», В.Г. Костомаров «Из наблюдений над языком 
газеты: газетные заголовки», Г.К. Ихсангалиева «Функционально
-
прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет и 
телепрограмм)», Р.Т. Қожабекова «Баспасөз бетіндегі тақырыптардың 
фразеологиялану ерекшеліктері» т.б.
В.П. Вомперский
еңбегі Қазақстандағы орыс тілді газеттердің 
тақырыптарына арналса, Г.К. Ихсангалиеваның еңбегінде Қазақстан
-
дағы газеттер мен телебағдарламалар тақырыптарына талдау жасалған.
Р.Т. Қожабекованың еңбегінде газет тақырыптарындағы фразеоло
-
гиялық үдеріс
диссертациялық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде 
алынады. Лингвистикалық зерттеулерге жасалған шолу, ғалымдар 
тарапынан жасалған зерттеулердің басым бөлігі газет тақырыптарына 
қатысты екендігін көрсетіп отыр.
Аталған зерттеу жұмыстарында мәтін тақырыптарына берілген 
анықтамалардың көпшілігінде мәтін тақырыптарының ішкі мазмұны 
мен сыртқы формасы арасындағы байланыс, мәтін тақырыбының 
өзіндік сипаты мен ерекшелігі,
ең негізгі белгілері айтылады.
Әр 
зерттеуші тақырыптың ең негізгі деген ерекшелігін баса айтып, 
тақырып ұғымын мүмкіндігінше ашуға ұмтылады. Мысалы, А.С. 


193 
Выготскийдің пікірінше тақырып әңгіменің бүкіл құрылымын анық
-
тайтын доминант болып табылады [
101
]. В.С. Мужевтің анықтауынша: 
«Тақырып –
мәтін
мазмұнына жасалған сілтеме» [
102]. 
Келтірілген 
шолу қазақ және орыс тіл білімінде көркем мәтін тақырыптарына 
арнайы лингвистикалық талдау жасалған зерттеу жұмыстары көп 
болмаса да, публицистикалық, көркем әдеби мәтін тақырыптары 
туралы бірқатар еңбектің бар екендігін көрсетеді.
Көркем шығарма –
күрделі механизм. Күрделі механизмде әрбір 
тетік өзіндік рөл атқарумен бірге бір
-
бірімен тығыз байланыста бола
-
ды, ортақ мақсатқа қызмет етеді. Көркем шығармада тақырып пен идея 
таңдау, сюжеттің өрбуі, кейіпкер бейнесінің, автор бейнесінің қалып
-
тасуы өзіндік маңызға ие бола отырып, біртұтас полотно ретінде 
шығарманың бүкіл болмысын анықтайды. С. Мұратбековтың «Үскі
-
рік» атты әңгімесінің тақырыбы –
мәтіннің бүкіл мазмұнына жасалған 
сілтеме. Әңгімені бастап оқығаннан
-
ақ, оқырман тақырыпта айтылған 
үскіріктің ішіне
кіре бастағандай болады. Әңгіменің басы: «Қар 
жауды. Көп жауды»
,
 

 
деп басталады. Одан әрі тура мағынасында да, 
ауыспалы мағынасында да үскірік басталады: «Онан соң ышқына ұлып 
долданып, жер
-
көкті астын
-
үстіне сапырып, жұлып жеп, жын қақандай 
құтырынып, еліріп боран соқты. Қарды жалап
-
жайпап сыпырып, қуыс
-
қуысқа үсті
-
үстіне тықпалап нығарлады кеп, нығарлады кеп. Ертеңіне 
күн ашылды. Бірақ аспанды мұнар кіреуке торлап тұрды. Күннің көзі 
жасаураған, шел басқан
кәрі көздей өлеусіреп, қызамықтанып, жыр
-
тиып қана сәуле шашты. Жылуы жоқ жансыз сәуле. Ен даланы 
саршұнақ аяз жайлады, үскірік есті. Боран оңынан соққан, үскірік 
солынан есті. Бет қаратпайды, жалап тұр, жалап тұр» (С. Мұратбеков). 
Әңгіменің тақырыбы, әңгіменің сюжеті, әңгіменің екі кейіпкері Дәнеш 
пен Қайроштың ішкі жан
-
дүниесіндегі бір
-
біріне деген жағымсыз 
сезім, бәрі үскірік мағынасымен астасып жатады.
Үскірік кезіндегі 
Қайроштың адамшылықтан алыс, суық, жексұрын
қылығының кесірі
-
нен әңгіме соңында қайтыс болатын Дәнештің жан
-
дүниесіндегі 
қиналыс әңгіменің әр жолын оқыған сайын оқырманға да үскіріктей 
сезіліп отырады. 
Көркем шығармалардағы эмоцияның тіл арқылы бейнеленуі деген 
мәселе аясында оның кішкентай бір элементі –
сұрақ белгісінің, нақты
-
лай айтқанда сұраулы құрылымдардың тақырып ретіндегі қызметінің 
маңызы ерекше. Сұрақ белгісі, сұраулы құрылымдар үлкен шығарма
-
шылықтың
кішкентай бір
элементі болғанымен, үлкен рөл
атқара
-
тындығын тілдік деректерге талдау жасау барысында, шығармалардың 
тереңіне
үңілгенде байқауға болады.


194 
М. Мақатаев қазақ поэзиясына өз үнімен, өз әуенімен келіп қосыл
-
ған белгілі лирик ақындардың бірі. Ақын өлеңдері тереңнен сыр тартар 
нәзіктігімен ерекшеленеді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт 
тұғыры –
туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, заман
-
дастарының аңсар арманы, адамның ішкі сезім иірімдері, сан түрлі 
көңіл
-
күйі мен жан тебіренісі. Осының бәрін Мұқағали қайталанбас 
шеберлікпен, поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар, 
сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образ
-
дармен бедерлеп отырады. М. Мақатаев шығармалары қазақ поэзия
-
сын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты, қазақ халқының 
сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті. 
М. Мақатаев шығармалары қазақ әдебиеттану ғылымы мен тіл 
білімі ғылымында ғана емес, соңғы жылдары психологиялық, филосо
-
фиялық тұрғыда да зерттеле бастады. Біртуар дарын М. Мақатаевтың 
қаламынан туған қанатты жырлар қазақ халқымен бірге мәңгі жасай 
беретіні, оның шығармашылығы
әлі де талай ғылыми
-
зерттеу жұмыс
-
тарының нысаны болары сөзсіз. Біз зерттеу жұмысында М. Мақатаев
-
тың 1991
-
1993 жылдары «Жазушы» баспасынан шыққан үш томдық 
шығармалар жинағынан іріктеліп алынған поэзиялық туынды тақы
-
рыптарына, оның ішінде ақынның сұраулы сөйлемдер арқылы 
берілетін тақырыптарына лингвистикалық талдау жасамақшымыз. 
М. Мақатаев шығармаларының жинағынан дереккөз ретінде 
жиналған тақырыптарға түрлі белгілеріне қарай классификация жаса
-
ғанда ең алдымен ерекше көзге түскені сұрақ белгісі қойылған 
тақырыптар болды. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет