Ойбай,
ат шешіліп кетті! (І. Жансүгіров) –
үрейлену.
–
Ойбай,
мен жүрейін, қош, қалқам!
(І. Жансүгіров) –
алаңдау,
асығу.
Көпмәнді ойбай одағайының интонациясы жайында «Қазақ
грамматикасында»: «
Ойбай!
одағайы үрку, шошыну мағынасында
жұмсалса, онда екпін бірінші буынға қойылады да, сөздің өзі жұлып
алғандай, тез, жылдам айтылады. Егер таңырқау, таңдану мәнінде
жұмсайтын болсақ, онда екпінді, керісінше, соңғы буынға ауыстырып
соңғы
«а»
дыбысын мейілінше созып айтамыз
(ой
-
ба
-
а
-
й)
» [9, 566].
Бір нәрсені тыю үшін айтылатын тәйт одағайы зекіру, жекіру, жек
көру, ұнатпау мағыналарын да береді. Мысалы,
–
Өй, мынаған не болды сонша.
Тәйт
әрі! –
деді Әзиев қабағын
түйіп
(С. Мұратбеков).
Көңіл күйге қатысты қолданылатын одағайлардың ішінде
А! О! Ә!
И! Ы! Ай! Ау! Аһа! Ой! Пай! Қап! Бәсе! Мә!
Ту! Түу! Ыһ!
сияқты
одағайлар әрі қарай бөлшектеуге келмейін түбір, негізгі одағайлар
қатарына жатады. Мысалы,
–
Түу,
не деген қорқынышты дыбыс (С. Мұратбеков).
–
Несі бос сөз. Менің өлейін деп отырғаным мынау. Шай
қайнатып беруге де шамам келер емес, –
деді кемпірі.
187
–
Ыһ.
Баяғыда қосыларда кәрісініп ең, жарамауға айналдың ба?..
Кемпір жауап қатпай самауырды алып шығып кетті (Т. Әбдіков) –
кекету, мазақ
қылу.
Достарыңызбен бөлісу: |