Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет147/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

еңіреп
 
жіберді
(С. Мұратбеков).
Осындағы 
дыбыстық еліктеуіш негіз болып тұрған 
еңіреп жіберді
тілдік бірлігі 
жылады 
етістігінің орнына, сөйлемнің эмоционалдылығын күшейту, 
ойды бейнелі жеткізу мақсатында қолданылған. Басқа етістіктермен 
салыстырғанда еліктеуіш негізден болған етістіктердің экспрессив
-
тілік қасиеті басым, эмоциялық бояуы қанық болатындығы белгілі.
Эмоцияны білдіру, бейнелеу мақсатында жұмсалатын еліктеуіш 
сөздер эмоциялық процесті, адамның жағымды жағымсыз бейнесі мен 
күйін сипаттайды. Олардың сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы 
қандай сөздермен тіркесуіне байланысты. Эмоцияны еліктеуіштер 
арқылы білдіру мақсатында жұмсалған кезде оның етістіктермен
жиі 
тіркесетіні, негізінен баяндауыш қызметін атқаратыны байқалады. 
Еліктеуіштер негізгі етістіктермен де, көмекші етістіктермен де 
тіркеседі. Көмекші етістікпен тіркескен кезде оның қай формада 
тұруына байланысты, сол құрамға кіріп күрделі бір мүше болады. 
Мысалы,

Өй, сендер өзі тура әңгімеге көшпей, бос сөзге айналып кет
-
тіңдер ғой, –
 
деп 
күңк ете түсті,
 
үнсіз отырған Әзиев
(С. 
Мұртабеков). 
 
Жанай бет
-
аузын жалын шалғандай лапылдап 
ду ете түсті
 
(С. Мұратбеков).
 
Сөйлемдердегі 
күңк ете түсті,
 
ду ете түсті
 
тілдік бірліктері 
баяндауыш қызметін атқарып тұр. Бірінші сөйлемдегі
күңк ете түсті 
баяндауышы дыбыстық еліктеуішке негізделіп, Әзиевтің жағымсыз 
эмоциясын білдірсе, екінші сөйлемдегі 
ду ете түсті
баяндауышы 
адамның қатты ұялу, қысылу эмоциялары әсерінен болатын беттің 
ысуына қатысты физиологиялық күйін білдіріп тұр.
Дербес мағыналы бір негізді етістіктермен тіркескенде эмоцияның 
сын
-
сипатын, қалай жасалғандығын білдіреді де сөйлемде пысық
-
тауыш қызметін атқарады. Дыбыстық еліктеуіштер көп жағдайда 
жылау, күлу сияқты эмоциялардың дыбыстық тұрғыдағы сипатын 
білдіріп, 
қалай?
деген сұраққа жауап береді. Мысалы,
Моторбай көзі жыртиған күйі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет