Қазақ тіліндегі эмоционалды


Бақыт келе де қоймас, мынадай ақтүтекте тырп етудің өзі мұң  ғой



Pdf көрінісі
бет144/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
Бақыт келе де қоймас,
мынадай ақтүтекте тырп етудің өзі мұң 
ғой
 
(С. Мұратбеков)
деген сөйлемдегі 
ғой 
демеулігі
 
айтушының іс
-
әрекетті нақтылап, тұжырымдауымен қатар, оның күтіп тұрған адамын 
(Бақытты) ақтау, аяу, оған алаңдау мағынасын да беріп тұр. 
Күшейткіш мәнді
 
-
ақ, 
-
ау, 
-
ай, әсіресе, да/де, та/те 
демеуліктері 
айтылған ойға күшейту мәнін қосу үшін қолданылады. Мысалы,

Суығын
-
ай
 
ей! У
-
у... –
 
деп қойды (С. Мұратбеков).
 
 

 
Қарағым
-
ай!
 

 
деп Әмір кемсеңдеп құшағын жайды (Ж. 
Аймауытов). 
Бұл демеуліктердің айтылған ойға күшейту мәнін қосу, 
айтушының жағымды немесе жағымсыз эмоциясын көрсету, істеліп 
жатқан іс
-
әрекетке, құбылысқа, айтылған сөзге баға беру т.б. да 
қызметтерін төменде келтіріген сөйлемдерден де байқауға болады. 
Мысалы, 
Дәл ауылда
 
өз үйінде
 
отырғандай
-
ақ,
 
сел
-
сел терлеп, орамалымен 
маңдайын сүртіп қояды
(С. Мұратбеков) –
 
жақтыртпау, жағымсыз 
баға беру.

 
Бұл, кәдімгі, атақты Жирен айғырдың баласы ма
-
ей, Бадалы? –
 
деді шалдардың бірі.
 


178 

 
Иә. Шіркін, айғырым
-
ақ
 
еді
-
ау
 
(С. Мұратбеков)

сүйсіну, 
тамсану, жағымды баға беру.
-
ау
демеулігі есім, етістік, одағай сөздермен тіркесіп қуану, ренжу, 
күйіну, күмандану, ерегесу сияқты түрлі эмоциялық реңк үстейді. 
Мысалы, 
Әй, осы біздің Көкбай да географияны білмейді
-
ау 
(С. 
Мұратбеков).
 
Сен қызға ерегескенде таң атқанша тұрармын
-
ау 
(С. 
Мұратбеков).
 

 
Шіркін
-
ай, небір сабаздар еді, бірде бірінің артынан тұяқ 
қалмады
-
ау...
 
(С. Мұратбеков).
 
Шектеу мәнді 
-
ғана/қана, тек, ақ
демеуліктері тіркескен сөздеріне 
шек қойып тежеу мағынасын үстеу үшін қолданылады. 
-
ақ
демеулігі 
күшейту, шектеу мағынасымен қоса сөйлемде көсемшенің 
-
й
формасы 
жалғанған болымсыз етістік+
-
ақ+қой
түрінде қолданылған кезде 
жағымсыз/жағымды эмоцияны да білдіреді. Мысалы,
Сара он екіге шығып, ұзын көйлек киіп, бұрымын артына 
селтитіп өріп қоятын балған екен. Ақбілек оған:
 

 
Сен қыз 
болмай
-
ақ қой.
 
Басыңды биттетпе! –
 
деп шашын 
алдыртып тастады (Ж. Аймауытов).
 
Онан соң әзілдей сөйлеп: –
 
Жанайжан қалай, пермеге қонуыңа 
мешайт еттік пе, кһе
-
кһе... –
 
деп күліп қойды. –
 
Ой, әкеңнен 
ұялмай
-
ақ қой,
 
сендей кезінде оның өзі де талай қылмыстар істеген, кһе, 
кһе... (С. Мұратбеков).
 
Қорыта келгенде, шылаулар сөйлеуші мен тыңдаушы үшін аса зор 
маңызға ие кейбір өте нәзік эмоционалды реңктерді білдіру мүмкін
-
дігін қамтамасыз ете алады. 
Да, де, та, те
жалғаулық шылаулары
эмоциялық процесті, оған қатысты түрлі іс
-
әрекет пен құбылысты 
даралап көрсетумен бірге жұмсалым үстінде түрлі жағымды, 
жағымсыз реңктерді, эмотив
-
етістіктермен тіркескен 
үшін 
септеулігі 
сөйлемде айтылған қимыл нәтижесінде туындауы тиіс эмоцияны, 
ма/ме, ба/бе, па/пе 
сұраулық демеуліктері ренжу, өкпелеу, жақтырт
-
пау, қарсы келу, келіспеу, сенімділік, үміттену, менсінбеу, қомсыну, 
көңілі толмау, сенбеу, иланбау, еске салу т.б. да эмоционалдық 
реңктерді бере алады. Нақтылау мәнді 
-
қой/ғой
демеуліктері тіркескен 
сөздеріне нақтылау, тұжырымдау мағынасын үстеумен қатар 
сөйлеушінің айтылып отырған іс
-
әрекетке, құбылысқа деген бағасын, 
көзқарасын,
эмоциясын да білдіреді. Күшейткіш мәнді
 
-
ақ, 
-
ау, 
-
ай, 
әсіресе, да/де, та/те 
демеуліктері айтылған ойға күшейту мәнін 
қосып, айтушының жағымды немесе жағымсыз эмоциясын көрсетеді. 
Қазіргі қазақ тілінде шылаулар өзінің шыққан сөз табынан байла
-


179 
нысын жоғалтқан, лексикалық мағынасынан айырылған сөздер ретінде 
танылады. Шылаулардың эмоция білдірушілік қызметіне жасалған 
талдау шылаулардың жұмсалым үстінде түрлі эмоциялық бояу бере 
алатындығын, олардың жағымды да, жағымсыз да эмоцияның түрлі 
сипатынан бастап, нәзік қалтарыстарына дейін көрсету қызметінің 
шексіздігін көрсетті. Өкінішке орай шылаулардың жұмсалымдық 
қызметі әлі де терең танылмай келе жатқан тілдік құбылыстардың 
қатарына кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет