3.4
Шылаулардың эмоционалды
қызметі
Эмоционалдық мағына тудыру, эмоция білдіру қызметіне толық
лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді
байланыстырып немесе белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып,
оған әр түрлі грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылатын сөздер
де қатысады. Зерттеушілердің пікірінше, ақпарат немесе хабар жеткізу
дегеніміз тілдің танымдық және білім
жинақтау мен оны сақтау
құралы қызметін атқаруы. Тілдің барлық еңбектерде басты қызметі
ретінде аталатыны қарым
-
қатынас жасау, яғни адамдардың бір
-
бірімен
пікір алысып, сөйлесіп, әңгімелесуі үшін қолданатын құралы. Көңіл
-
күйді білдіру әдетте аталған қызметтерден кейін, я болмаса қарым
-
қатынас құралы ретіндегі қызметінен кейін аталады. Тілдің бұдан
басқа да қызметтері бар екендігі белгілі. Тілдің коммуникативтік, сезім
білдірушілік, танымдық рөлі туралы сөз еткенде тек сөйлемдердің ғана
қызметін назарға алу аздық етеді. Өйткені тілдегі әрбір сөздің ой
білдірудегі, мәтіннің мазмұнын ашудағы, сезімді жеткізудегі қызметі
де тілдің коммуникативтік қызметіне келіп саяды.
Қазақ тіліндегі
шылаулардың да лексикалық мағынасы, синтаксистік қызметі жоқ,
бірақ бұған қарап оларды тілдің танымдық, ақпараттық, қарым
-
қатынастық, сезім білдірушілік т.б. қызметтерінде де рөлі жоқ деген
қорытынды шықпайды. Шылаулар өздері жетегінде қолданылатын
сөздерге тек грамматикалық мағына ғана емес түрлі мағыналық реңк
үстеу қасиетіне ие. Олардың бәрі тек тілдің жұмсалымы үстінде ғана
ашылады. «Қазақ грамматикасында» шылаулардың негізгі ерекшелік
-
тері ретінде мыналар аталады: шылау сөздердің толық лексикалық
мағынасы болмайды; контексте толық мағыналы сөздердің жетегінде
қолданылып, оған қосымша әр түрлі грамматикалық мағына, реңк
үстейді; шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не
салаластыра байланыстырады; сөйлем ішінде синтаксистік қызметіне
қарай жеке сөйлем мүшесі бола алмайды; шылау сөздер түрленбейді,
174
басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Олар –
лексикалық
мағынасынан айрылу негізінде қалыптасқан көмекші сөздер» [9, 556].
Орыс миссионерлерінің қазақ тіліне қатысты жазылған еңбек
-
терінде азды
-
көпті сөз болған шылаулар А. Байтұрсынұлы еңбек
-
терінде қазақ тілінде түсіндірілді. Кейін Қ. Жұбанов, С. Аманжолов
еңбектерінде жалғасын тапты. А. Байтұрсынұлы өз еңбегінде шылау
сөздердің демеу және жалғаулық деген екі түрін көрсеткені белгілі.
Шылау сөздер туралы: «Демеу дегеніміз –
екі сөздің арасын яки екі
сөйлемнің арасын жалғастыруға демеу болатын сөздер. Демеу сөздер
қазақ тілінде аз. Оның көбі басқа сөзден шыққан туынды демеулер».
«Кей сөздер жалғау орнына жүреді һәм жалғаулар сияқты басқа
сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды. Сондай
сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз»
деп жазады [77, 167].
С. Аманжолов: «Сөйлемдегі сөздердің басын
қосуда ерекше орны бар дәнекерлік қызмет атқаратын нәрсе –
шылау
-
лар»,
–
деп жазып, олардың мағынасы жөнінде: «Көп шылаулар жеке
тұрғанда, өздігінен мағына бермейді. Тек басқа сөзге қосылғанда ғана,
толық мағына береді. Тек болар
-
болмас мәнінің барлығына қарап, олар
мәнді, мәнсіз болып екіге бөлінеді» деген пікір айтады
[93,
79]. Қазақ
тіл білімінде шылаулар А. Ысқақов, Н. Оралбаева, М.
Балақаев, А.
Хасенова, А. Ибатов, М. Оразов, Р. Әміров сынды ғалымдардың грам
-
матика салаларын зерттеу барысында айтқан пікірлері мен моногра
-
фиялық зерттеулері бар. Еңбектердің көпшілігінде шылаулардың
лексикалық дербестігінің жоқтығы, сөз бен сөзді немесе сөйлем мен
сөйлемді байланыстырудағы, өзі қосылатын сөзге түрлі реңк үстейтіні
жайындағы пікірлер болғанымен қазақ тіліндегі шылаулардың таби
-
ғаты әлі де толық ашылмаған десек артық айтқандық емес. Бұл,
әсіресе, шылаулардың қоланыстағы ерекшелігіне қатысты. Соңғы
жылдары шылаулардың бірнеше кандидаттық диссертацияның арнайы
зерттеу нысаны болғандығына қарамастан, жалпы тіл білімінде функ
-
ционалдық грамматика мәселесі елеулі орын ала бастаған кезеңде,
қазақ тіл біліміндегі шылаулардың функционалды әлеуеттілігі, функ
-
ционалды талдануы өз деңгейінде зерттелмей отыр.
Шылаулар сөйлеуші мен тыңдаушы үшін аса зор маңызға ие
кейбір өте нәзік эмоционалды реңктерді білдіру мүмкіндігін қамта
-
масыз ете алады. Мысалы,
–
Шіркін, заман осы
ғой,
міне. Адамға мұнан өзге
не керек, –
дейді
Кәмен
(С. Мұратбеков). Ғой
шылауы айтушының тамсанысын, риза
-
шылығын жеткізіп, сөйлемнің эмоциялық күшін арттыруға маңызды
үлес қосып тұрған тілдік бірліктер.
175
Шылаулардың ішінде адамның түрлі эмоциясын білдіру үшін жиі
қолданылатын шылаулардың бірі –
әлде.
Бұл шылау сөз жұмсалу
ерекшелігіне қарай күмандану, шүбалану, таңдану, таңырқау мағына
-
ларын бере алады. Мысалы,
Қыз жігіттің жүзіне
Достарыңызбен бөлісу: |