жіберейін бе?
»
–
деп еркекше кісімсіп, қоқиланатын» (Ж. Аймауытов,
Қартқожа)
. Ж. Аймауытов шығармасындағы
«Қақ басқа салып
жіберейін бе?»
деген сөйлем адамның ызаланған күйін білдіру үшін
қолданысқа түседі деп пайымдасақ та, контексте қараған кезде, автор
-
дың «
еркекше
кісімсіп, қоқиланатын»
деген баяндауынан кейін бұл
сөйленімнің ар жағында зілі жоқ екендігін байқауға болады.
Қоқилан етістігі қыр көрсету, қодыраңдау, едіреңдеу мағыналарын
береді.
«Бүгінгі жиынға Байқазы мен баласы қ о қ и л а н ы п,
паңданып, аса зор маңыз беріп отырғандай (М. Қаратаев, Дала).
Жаңа ғана бұл далада өздерінен басқа қожа жоқтай қ о қ и л а н ғ а н
солдаттар төбесінен жасын түсіп, сүйектері шашылып қалды (М.
Құмарбеков, Асау Ертіс). Күшіктерге қ о қ и л а н а тісін бір ақситып
қуып шықты да, асқа бас қойды (С. Елубаев, Ой. қара)»
[113,
275
]
.
Жұман сүй дегенде, ұрмайтынын білсе де, қатыны недәуір шамда
-
нып:
«Сені қойсайшы.. сөйтпей!»
–
дейтін еді
(Ж. Аймауытов,
Қартқожа)
.
Шамдану етістігі бір нәрсеге ыза болу, қызараңдап ашу шақыру
мағыналарын береді. «
Редактор оның орнында болмай шыққанына
қатты
шамданып,
терісіне сыймай отыр екен (Ұ. Доспанбетов,
Сырға.)
Әлденеге
шамданып,
тулап кетсе, тағы ие бола алмай
қалармыз
(
Т. Нұртазин, Үлкен.). Шамданып
шарт сынар деп ойлап
едім, олай болмады (Б. Мұқаев, Өмір)»
[114, 125].
Адамның бір нәрсеге ызаланғанын, жақтыртпағандығын, қатты
ашуланбаса да айтылған сөздің немесе істелген қылықтың ұнама
-
ғандығын көрсету үшін қолданылатын
Достарыңызбен бөлісу: |