32
жету дәрежесіне байланысты анықталады. Егер алға қойылған мақсат
орындалса, жағымды эмоция туады, ал орындалмаса жағымсыз эмоция
туады [28, 13]. П.К. Анохин: «Жағымды эмоция барынша өнімді
жұмыс істеуге жағдай жасайды, ол адамға кереметтей күш
-
қуат береді,
мұндайда адам еш шаршап
-
шалдығу дегенді білмей, күндіз
-
түні
жұмыс істей алады», –
деп жазады [29, 25 б]. «Ал жағымсыз эмоциялар
адамның жан
-
дүниесіне, сондай
-
ақ ішкі секреция бездері мен вегета
-
ция қызметтеріне әр қилы әсер ете отырып, физиологиялық процес
-
тердің бұзылуына әкеп соқтырады. Мұндай әсерлер белгілі бір
дәрежеде ішкі ағзалардың да (жүректің, асқазанның, ішектің) қызметін
бұза
алады» [29, 25 б].
Эмоцияның жағымды және жағымсыз түрлері тілде түрлі жолдар
-
мен беріледі. Оның бірі –
одағайлар арқылы эмоцияның жағымды
және жағымсыз сипатының берілуі. Адамның эмоциясын білдіруде
одағайлар ерекше қызмет атқарады. Одағайлар сан жағынан
көп,
семантикалық реңкі өте бай сөз табы. Олар адамның әр қилы көңіл
-
күйін білдіреді. Осы қызметіне қарай көңіл
-
күй одағайларын: 1)
жағымды эмоцияны білдіретін; 2) жағымсыз эмоцияны білдіретін; 3)
әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар деп үш
топқа бөлуге болады. Тек жағымды эмоцияны білдіретін одағайлар:
Достарыңызбен бөлісу: