Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет135/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
[77,
259].
 
Қимылдың сынын білдіретін сөздердің заттың сынын білдіретін 
сөздерге қарағанда кеш қалыптасқандығы белгілі. Осыған орай тіл 
білімінде үстеулер өзге сөз таптарының негізінде, кейіннен 
қалыптасқан сөз табы деген де пікір бар. Бұл жөнінде Б. Қапалбеков: 


168 
«Көбіне өзінің төл қызметіне, пысықтауыштық қызметте жүретін 
үстеулердің морфемалық құрамынан өзге сөз таптарына қатысты 
түбір, қосымша морфемалардың ізін анық байқауға болады. Үстеулер 
сөз табы ретінде қалыптаспай тұрғанда оның қызметін сын есімдер 
атқарған деген де болжамдар бар. Яғни сын есімдер о баста заттың да, 
әрекеттің де сынын білдіріп, анықтауыштық та, пысықтауыштық та 
қатынастар жасай білген»,
 

деп жазады [
90, 56-57].
Қазақ тіл білімінде үстеулерді зерттеп, ол сөз табының ғылыми
-
теориялық негізін қалыптастыруға А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. 
Аманжолов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев, А. Ысқақов, С. 
Исаев, Н. Оралбай, Қ. Есенов, Ғ. Әбуханов, Ә. Төлеуов т.б. ғалымдар 
өз үлестерін қосты. Салыстырмалы түрде айтқанда үстеулер жан
-
жақты зерттелгендігіне қарамастан қазақ тіл білімінде үстеулерге 
байланысты даулы мәселелер ғылыми еңбектерде жиі кездеседі.
Солардың бірі –
аса, тым, тіпті, өте
тілдік бірліктеріне байланысты. 
Бұл тілдік бірліктерді Қ. Жұбанов, М. Балақаев, Н. Сауранбаев, Ғ. 
Бегалиев үстеулерге қате қосылған деп, оларды көмекші сөздер 
тобында қарастырады. С. Исаев, Н. Оралбаева да өз еңбектерінде осы 
пікірді қуатап, ғылыми дәлелдер келтіреді [9
4; 95
]. Н. Сауранбаев 
үстеулердің қалыптасуындағы көсемше формасының қызметіне 
байланысты даулы пікірлерге қатысты ғылыми негізделген, дәлелді 
пікір айтқан ғалымдардың бірі. Н. Сауранбаев Ғ. Бегалиевпен автор
-
лық бірлестікте шығарған «Қазақ тілінің грамматикасында» үстеудің 
сипатына қатысты мынадай анықтама береді: «Амал
-
әрекеттің мән
-
жайын, сын
-
сипатын, мезгілін, мекенін көрсететін сөз табын үстеу 
дейміз» [9
6
, 164]. Үстеулерге қатысты кезінде даулы болып, кейіннен 
шешімін тапқан мәселелердің бірі –
пысықтауыш қызметіндегі сын 
есімдердің үстеу ретінде танылуы.
Үстеулерге қатысты бірқатар даулы 
мәселенің шешімін тауып, оларды ғылыми негіздеген А. Ысқақов 
болды. Ол мәселелердің басты
-
бастылары: үстеулердің сөз табы 
ретінде қалыптасуына пысықтауыш қызметінің негіз болуы; үстеу 
қатарына қате қосылған көмекші есімдердің анықталуы; қосымша
-
лардың түбірге кірігу мәселесі; пысықтауыш қызметіндегі сын 
есімдердің сөз табы жағынан тек сын есім болып танылатындығы, 
үстеулердің 8 мағыналық тобының бар екендігі [9
7, 97].
Эмоциялық процеске қатысты қолданылатын 
әлі 
үстеуі осы 
уақытқа дейін мағынасын беріп, сөйлемде қолданылғанда эмоциялық 
процестің қазірге дейін болып жатқандығын, аяқталмағандығын 
білдіреді. Мысалы,
Моторбай анадай жерде ішін басып 
әлі 
күліп жүр
 
(С. 
Мұратбеков). 


169 
Бұл үстеу жұмсалу үстінде басқа да мағыналық реңкке ие болады. 
Жоғарыда келтірілген мағынасынан басқа тағы да деген мағынада 
қолданылып, мұндай эмоцияның айтушы адамның өзі тарапынан 
немесе тыңдаушы не бөгде жақ тарапынан бұдан кейін де қайта
-
ланатындығын білдіреді. Мысалы, 

Анық
-
қанығын білгілерің келсе маған жалынасыңдар 
әлі
 
(С. 
Мұратбеков).
Эмоциялық процестің дәрежесін білдіру мақсатында жұмсалатын 
осынша, осыншама, сонша, соншама, соншалық 
үстеулері тіптен, 
кереметтей мағыналарын, айтылып отырған эмоцияның өте күштілігін 
ғана емес, сонымен қатар айтушының өте жағымсыз немесе аса 
жағымды бағасын да білдіреді. Мысалы,
Осынша
 
қорлаған, зәбірлеген 
Ұзақты емес, о баста алданған, алды
-
артын ойлай алмаған өзін 
кінәлайтын сияқты (С. Мұратбеков).
 

 
Жә,
 
жә! Онысы несі 
сонша 
өрекпігені, –
 
деді әкесі осы тұста 
қабағын кіржитіп (С. Мұратбеков). 
 
Таңырқағаны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет