Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет206/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

Қатты, ауыр, жаман,
шексіз
сын есімдері эмоцияның күшті
-
лігін білдірсе, 
сәл
сын есімі азғана, сәл, болмашы мағыналарында 
қолданылып, эмоцияның әлсіздігін білдіреді.
 
Есептік сан есімдердің ішінде 
бір
сан есімінің қолданыс ерекшелігі 
сан алуан, адам эмоциясын білдірудегі қызметі де ерекше. Адамның 
көңіл күйіне ерекше әсер ету үшін қолданылатын гипербола, литота 
тәсілдері сан есіммен байланысты қолданылғанда тыңдаушыға күшті 
әсер етумен бірге, адамның ішкі жай
-
күйінен, жағымды, я болмаса 
жағымсыз эмоциясынан да хабар беріп отырады. Эмоцияны білдіретін, 
бейнелейтін фразеологизмдердің ішінен сан есім
сөздер ұйытқы 
болған түрлерін талдай отырып, ол сан есімдердің көбіне
-
көп адамның 
дене мүшесімен, ішкі ағзасымен байланысты қолданылатын сөздермен 
тіркесіп келетіндігін байқауға болады.
Эмоционалдық мағына беруде өзіндік қызмет атқаратын сөз 
табының бірі –
есімдік. Қатты ашу кезінде сұрау есімдігінің сөйленіс 
кезінде бірнеше рет қайталануы эмоцияның күштілігін көрсететін 
тілдік тәсілдердің бірі болып табылады. Сұрау есімдіктерінің ішіндегі 
қандай? қалай? қайда?
деген түрлері сөйлеу жағдаятына қарай кейде 
эмоцияның күштілігін, таңданысты, тамсануды, таң қалуды, арман, 
тілекті білдіру үшін де қолданылады. Есімдіктер даралау, жинақтау, 
аралық жақындық пен алыстықты білдіру т.б. қызметтерімен қатар 
адамның белгілі бір құбылысқа, затқа деген жағымды, я болмаса 


238 
жағымсыз эмоциясын білдіру қызметін де атқарады. Адам эмоциясын 
білдіруге есімдіктердің мағыналық топтарына қатысты тілдік 
бірліктердің барлығы қатысады. Сөйлеу тілінде өте жиі қолданылатын 
сөз табы болғандықтан есімдіктердің түрлі жағдаятқа байланысты 
адамның көңіл күйін білдірушілік қызметі зор.
Адамның жағымды немесе жағымсыз эмоциясын бейнелеуде, 
сезімді анықтауда етістіктің көсемше формаларының қызметі зор. 
Әсіресе адамның қасы мен қабағын, көзінің түрліше құбылуын айтушы 
тарапынан суреттеуде көсемше формалы сөздер түрлі стильдік реңк 
алып, сол құбылысқа деген айтушының бағасын, көзқарасын, түрлі 
сезімін бойына сыйдыра алады. Адам жан
-
дүниесіндегі түрлі сезім 
күйлерін, ішкі күйзелісін көрсетуде көсемшенің 
-
п, 
-
ып, 
-
іп
форма
-
ларының қызметі айрықша. Қолданыста бұл формалардың үйлесім 
табуы, автордың оны айтылатын ойға сай құбылтуы көсемшенің атал
-
ған
формаларымен келетін сөздердің әсерін күшейтіп, оларға түрлі 
мағыналық реңк пен астарлы мағына береді.
Адам эмоциясының түрлі реңкін білдіру, белгілеу, бейнелеу 
мақсатында актив қолданылатын етістік түрі –
есімше. Есімше адам 
эмоциясын көрсетуде оны сол эмоцияның иесіне тән процесс ретінде 
суреттеу қасиетіне ие. Есімше қимыл
-
әрекет түрінде қолданылып, 
эмоцияның сапасы, белгісі қасиеті ретінде ұғынылады. Эмотивтерге 
-
ған, 
-
ген, 
-
қан, 
-
кен
есімше формалары қосылған кезде олар өткен 
шаққа бейім эмоциялық құбылысты білдірсе,
-
ар,
-
ер, 
-
р, 
-
с
формалары 
келер шаққа бейім эмоциялық құбылысты, ал 
-
атын, 
-
етін, 
-
йтын, 
-
йтін
формалары қайталанатын немесе дағдыға айналған эмоциялық 
құбылысты білдіреді. Эмотивтердің есімше формаларымен қолданы
-
сын қосымшаларға байланысты ғана емес, мағынасы мен синтаксистік 
қызметін ескере отырып зерттеу жұмысын жүргізу үшін өте үлкен, 
күрделі жоспардағы талдау қажет болады. Ондай жұмыс болашақта 
көлемді бір зерттеудің нысаны болуға да лайық.
Шындық өмірден орын алған зат, құбылыс, қимыл, оның түрлі 
сапа белгілері тілде болымды және болымсыз түрде көрініс табатыны 
белгілі. Адам эмоциясына қатысты өтетін процестің де болымды
-
болымсыз сипаты бар. Әр сөз табына қатысты сөздердің
жеке тұрған
-
дағы болымды мәні мен сөйлемдегі мәні бірдей болмайды. Болымды 
тұлғадағы сөздердің грамматикалық болымды мағынасы
сөйлемде 
анықталады. Эмоциялық
процестің істелген
-
істелмегені немесе істе
-
летін
-
істелмейтіні де сөйлемде хабарланады.
Сөйлемге болымсыз 
мағына беруге морфологиялық та, синтаксистік те амалдар қатысады. 
Морфологиялық
амалға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет