Қазақ тіліндегі орфографиялық ережелердің Өзгеруі мен дамуы мырзабек Бибіхан 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет6/7
Дата06.07.2018
өлшемі316,24 Kb.
#48219
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Нұрмағамбетов Т. Айқай. – Алматы: Өнер, 2001, - 485 б.

  2. Кеңшілікұлы А. Қазақты сүю. – Алматы: Өнер, 2008. – 232б.

  3. Қорғасбек Ж. «Құпия қойма» - тарихта қалатын шығарма

  4. «Айқын» газеті, 2015ж. 25-желтоқсан

  5. «Жас Алаш» газеті

  6. Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. Алматы, 1997 ж.

  7. Нұрмағамбетов Т. Анкетаға жауап. // Қазақ әдебиеті 2004 ж.

  8. Асылбеков С. Анкетаға жауап

  9. «Ақиқат» журналы

  10. ҚазҰУ Хабаршысы, 2005 ж.

Мұқағали өлеңдерінің стилистикалық, көркемдік ерекшеліктері
Сәрсенбай Айдидар - «5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф. Темірхан Тебегенов
Қазақ поэзиясы - әлем әдебиетінің құрамындағы көне ғасырлық тарихы бар рухани құндылық қазынасы. Қазақ сөз өнерінің қалыптасу тарихының негізгі жалғасын құрайтын жанрлық шығармалар арқылы ақындар өздері өмір сүріп отырған қоғамдық-әлеуметтік ортаның , және адамдардың, жан-дүние әлемін байытатын құбылыстарды, қасиеттерді көркем шығармашылық жинақтарымен жариялап келеді.Бұл - ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан шығармашылық үрдіс жолы.

XX ғасырдың 50-70 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы үрдісінде айрықша дараланып, танылған шығармашылық тұлға - көрнекті ақын Мұқағали Мақатаев. Қазақтың жаңа жазба реалистік классикалық әдебиетінің негізін қалыптастырушы, хәкім Абай дәстүріндегі романтикалық-реалистік тұтастықтағы поэзияның үздік деңгейіндегі тұлғалық сипатын танытқан Мұқағали жырлары- әлемдегі ең үздік шығармалармен деңгейлес құндылық көрсетеді. Сондықтан, осындай өзекті тақырыпты нысан етіп, ақын шығармаларының жанрлық, көркемдік сипатын жаңа зерттеулер аясында қарастыру -үздіксіз жалғасатын кешенді ізденістерге ұласа берері ақиқат.

Мұқағали Мақатаев - ғасыр ақыны. Оның сарқылмас мұралары келешек ұрпақ үшін аса құнды баға жетпес байлық іспеттес. Ақынның өлеңдерінің әр бірі қазақ жүрегінде лаулап жанған шамшырақтай жанып , көкіректе сайрап тұрары сөзсіз. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері тілге жеңіл, жүрекке қонымды, ойға түсінікті түрде жазылған. "Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын" деп, ақынның өзі айтқандай, ол қазақтың қара өлеңінің қасиетін шынайылықпен бағалап, соған өзінің өмірін арнап, жыр етіп өлеңге қосып, халықтың тарихы мен мәдениетін, әдебиетін, рухани құндылықтарын сол қара өлеңнің қасиеті арқылы барша елге танытты.

Иә шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі - Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданыныдағы Қарасаз ауылында 1931жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылды. Бұл жылдары ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңсе қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, " Қазақ әдебиеті" газетінде, "Жұлдыз" журналында, поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған. Тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық "Советтік шекара", (қазіргі "Хан Тәңірісі") газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңдері "Әдебиет және искусство" ("қазіргі "Жұлдыз") журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Әбділда Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен "Қазақ әдебиетінде" жарияланған.

Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің "Құдіретті комедиясын" қазақшалады. Ақынның "Саржайлау", "Сөнбейді, әже, шырағың", "Кел, еркем, Алатауыңа" өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.

Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрлше. Негізігі объек алдымен талант қырларында, айту мәнері шабыт көзінде жатыр. Лирика - белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен уақыт перзентінің көңіл-күйі, жан-тебіренісі. Оның бойындағы барша қасиет-қадірі нақты мезгіл рухы, дәуір мазмұнын айқындамақ.Ендеше біздегі лирика- ақынның рухани өмірінің, сезім әлемінің, ой - дүниесінің көрікті суреті екені даусыз. Әдебиеттің негізгі құралы - тіл. Ұста - металды, суретші бояуды қандай жақын білсе, ақын тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды.

Мұқағали Мақатаев - өзінің өлеңдерінде құбылтулар мен айшықтауларды шебер қолдана білген. Қиыннан қиыстырған объектіні, өмір құбылыстарын ықшамды, бейнелі әрі нақты затты көрсететі. Қай өлеңін алып қарайық, олардың әрқайсысында троп атаулының құбылып, құлпырып, олардың жылы лебімен, терең әсері өзара өріліп, өзгеше өнеге алып, үйлесім тапқан. Өмір құбылыстарын суреттеуде эпитет, теңеуді ақын өлеңдерінде өте шебер қолданып, шебер шығуына септігін тигізген. Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшелендіріп, белгілерін анық көз алдына елес арқылы түрлі қозңалысқа ендіріп, адамның ой-қиялына, сезіміне әсер етіп, ақылымен бірге құбылтып, өзгертіп, қайғыртып, қуантып отырады. Мысалы:

Жыртылып жатыр күрең жер,

Күрең жер- тозған кілемдер.

Күрең тау анау, күрең бел,

Күрең бел жиған кілемдер.

Жаз келер және жап-жасыл,

Жасауын жердің түгендер. [1,51б].

/Күрең күз/

Бұл жердегі көркемдеуіш құралдар: "күрең жер, күрең бел, күрең тау"- бұлар эпитеттер. Эпитет- заттың, құбылыстың айрықша сипатын,сапасын анықтайтын суретті сөз.

"Жыртылып жатыр күрең жер,күрең жер тозған кілемдер" - деген жерде еспе қайталау қолданылып тұр. Яғни, алдыңғы тіркестің аяғы мен келесі тіркестің басында қолдану.

"Күрең жер - тозған кілемдер, күрең тау анау күрең бел"- метафора. Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін, ұқсас басқа затқа не құбылысқа балау.

"Күрең жер- тозған кілемдер,

Күрең тау анау, күрең бел.

Күрең бел жиған кілемдер" - аллитерация. Яғни, бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы.

Жыл құсы жаздың - хабары,

Қанатын талмай қағады.

Түксиіп құстың қабағы,

Еріксіз кетіп барады. [2,116 б].

/Патша болып тұр көктем/

"Жыл құсы - жаздың хабары" - метафора.

Ақ қайыңдар, тал теректер... алтын сары сырғалар,

Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.

Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?

Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылға? [3,78 б].

/Тағы да күз/

Тәкаппар таулар жатқан жан-жағына,

Барып қайт, салқын жайлау, малды ауылға. [4,95б].

/Бұзылған үй/

Ақынның қолданған эпитеттері, суреттеген нәрсесіне өзінің қатынасын көрсетіп тұр. Келтірілген мысалдағы ақынның қолданылып отырған эпитеттері, олардың табиғатпен байланысын көрсетеді. "Жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң", "тәкаппар тау". Табиғаттың адам өмірімен тығыз байланысты, айнымас бөлшегі екендігін, уақыттың өзі табиғат құбылуларымен, құбылыстарымен өлшулі , шекті екенін көрсетіп отыр.

Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,

Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пен мақта ма?! [5,31б].

/Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған/

Ақын бұл жерде "қанат" сөзіне -дай жұрнағын қосу арқылы теңеуді білдіріп тұр, қас кірпігің қарлығаштың қанатындай,- деп қаралығын, түсін білдіріп тұр.

Өзеніне асыққан бұлақтайын,

Енесіне жүгірген лақтайын.

Жайқалайын жаныңа құрақтайын,

Енді мен де саған кеп тұрақтайын.

Асқар тауға соғылған дауылдайын,

Ақтарылған аспаннан жауындайын.

Дамылдайын, саған кеп дамылдайын,

Ауа бермей аулққа сағымдайын. [6,63б].

/Өзеніне асыққан бұлақтайын/

Алдыңғы өлеңдері -"дай" жұрнағы арқылы теңеу әдісін қолданса, ал, кейінгі үзінділерде ақын - тайын, дайын жұрнақтары арқылы теңеу тәсілін өте ұтымды пайдаланған. "бұлақтайын, лақтайын, құрақтайын, лақтайын, дауылдайын, жауындайын, сағымдайын" - бұлардың бәрі теңеулер.

Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы!

Өлең-жыр әзіл күлкі ауыл маңы... [7,12 б].

/Біздің көктем/

"Қыз - көктем ауылдағы"- бұл жердегі троптың түрі метафора.

Мұқағали Мақатаев - поэзиясы жұмы жердің барлық мәселеліне араласқан, кең ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі, т.б тақырытағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта кестеленген.

Ақын қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. "Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген" - дейді. Мұқағали дәстүршіл ақын. Ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Оның поэзиясы ұлттық мінезімен ерекшеленеді. Мұны айқындайтын мынандай өлең жолдары бар: "Су сұрасам, сүт берген, айран берге, қартайып қалыпсың - ау, қайран жеңгем".

Мұқағали Мақатаев поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тарттын. Қаламгердің "Қош, махаббат", жинағына(1988) әр жылдары жазылған "Құлпытас", "Марусияның тауы", "Өзгермепті", "Әже" әңгімелері, "Қос қарлығаш", "Жыл құстары" повестері мен "Қош, махаббат" пьессасы, бірнеше сыни еңбектері енген. "Рух және сезім", "Сезім найзағайы", "1969 жылғы қазақ поэзиясы" атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ. Мырзаәлиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, т.б шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой қозғайды.

Ақын шығармашылығында әр-түрлі тақырыптарда жаза білген. Мен Мұқағали Мақатаевтың лирикалық өлеңдерін былай жіктедім:


  1. Махаббат лирикасы туралы:"Махаббат бейуақытта табыспайды", "Май махаббат", "Махаббатым өзімде", "Мен сені ұнатамын", "Сезім", "Махаббат диалогы", "Махаббат моласы", "Мен сені сағынғанда...", "Қош, махаббат", "Сен менің жүрегімді мазалама", "Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға", "Махаббат","Махаббат па?", т.б.

Мен нағыз махаббатты армандаймын,

(Оны мен жоғалтып та алғандаймын...)

Ал қаздар арасынан аққуымды,

Ажырата білмеген сор маңдаймын.[8,171б].

/Махаббатым өзімде/

Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын сол аман ба?!

О, Тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын?

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?![9,43б].

/Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға/


  1. Табиғат лирикасы туралы өлеңдер:"Қыстың күні", "Көктемде", "Күзгі таң", "Түнгі табиғат", "Тау бір аңыз", "Күн бүгін күңіреніп","Сәуір айы", "Біздің көктем", "Тағыда күз, тағы міне сары таңды ұзақ түн", "Көктемде келер", "Таудағы көктем", "Түн...", "Суық күз сұрғылт", "Айхай, көктем", "Ей, табиғат", "Күрең күз", т.б.

Сай-саланы

Аймалады,

Жоталардан жел есті.

Көк қарағай

Көп баладай,

Күбір-күбір кеңесті.

Қасқа бұлақ

Тастан құлап,

Бара жатыр шапқылап.

Шыңылдаған

Сыбырлаған,

Айқай тастар саққұлақ. [10,52 б].

"Көктемде келер"


Тау бөктерден биледі,

Тамашалап ақ сағым.

Бөктер жақтың үйлері,

Сарайындай патшаның.[11, 190б].

/Көктемде/


  1. Достық-азаматтық лирика туралы өлеңдер:"Досым менің", "Ал досым, айрылайық", "Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай...", "Құрдастарға", "Қадірлі дос", "Маған, құрбым, кектенбе", "Жолдастарға", "Доым, саған сенемін", "Дос болам десең", т.б.

Досым, саған сенемін.Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген-адамның көрігі екен,

Достық деген ақылдың серігі екен. [12,58б].

/Досым , саған сенемін/



  1. Ана туралы өлеңдер:"Анам маған", "Сәби-ана", "Шеше, сен бақыттысың!","Анама", "Анашым", "Жас ана", т.б.

Шеше,


Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай түсіп жатқандада құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан, жыламағын, жыламағын. [13,130 б].

/Шеше, сен бақыттысың/



  1. Отан туралы өлеңдер:"Оңай сөз ғой "Отанды

сүйем"деген","Отаным","Отаным, саған айтамын!...","Отанның қадірін білім десең", "Туған жерге", "Туған жанр сағындырды, келді есіме","Отан туралы","Елім", "Туған жерге", "О, туған ел", "Сен менің еліме бар", "Сүйемін өскен Отаным", "Отан", т.б.

Отан!


Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен өтер ем.


Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

(Екі өмір жоқ, әриене, жоқ екі өлім.)

Екі Отан жоқ.

Жалғыз Отан-Мекенің! [14,86 б]. /Отан/

Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ Елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмір мен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. "Жүрегінің түбіне кір жасырмай" айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали Мақатаев-қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. "Сөз өнерін дертпен "тең көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде, әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан -дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.

Мұқағали Мақатаев поэзиясы атан түйенің жүгін көтерген бір ғана тақырып төңірегіне топтасқан. Ол адам мен заман, туған халқының тағдыры мен тарихын зерделей зерттеп, тереңнен толғап жазуға өлеңін де, өзін де қатар бағыштаған ақиық ақынның туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау жолында өз жыр күмбезін - өмірлік ескерткішін өз қолынан орнатып кеткен ұлы перзентіміз, ұлы ақынымыз екенін уақыт сынынан өткен тарихи шындық. Халқының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен боздақтардың кесек тұлғалы образдарын өрнектей отырып, ақын Райымбек сынды халық батырының ел алдындағы азаматтық борышын адал орындауның ұлтымыз үшін қаншалықты мәртебе екенін еске салады. Сөйтіп, ерлік дастанында елдің нағыз халықтың мақтанышы марапатталып, оның жас ұрпақтың өмірінде жалғасын табуын діттеген арман-тілегін айдай әлемге айғақтап тұр. Бір сөзбен түйіндер болсақ, аталмыш поэма-дәуірлік шығарма.Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанның жаршысы болған ақиық ақынның екінші өмір мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр.

Өлмес өнер-өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елә де ешқашан есінен шығармасы шындық.

Сөз өнері туындылары- халықтың әдеби тілі қорындағы саналуан көріктеу, бейнелеу, суреттеу мағыналары бар үлгілердің көркемдік тәсілмен өрілуін танытатын көркемөнер салалары. Ақындардың лирикалық, эпикалық шығармаларындағы халықтың көркемдік эстетикалық дүниетанымдарының тереңдіктерін танытады.

Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы құбылтулар мен айшықтаулар, эпитеттер мен теңеулер-халықтық дүниетанымның аясында көркемділігін тауып, эстетикалық көзқарастарды танытады.

Қазақтың ақиығы, Хантәңірінің мұзбалағы саналған ақынның мұрасы ешқашанда ұмытылмас ұлы мұра. Қазақ әдебиті тариханда ойып тұрып орын алған, өрен тұлғаның бейнесі халық жанарынан ешқашанда өшпейді. Ақынның өлеңдері тек Қаз Елінде ғана емес, әлемдік деңгейдегі ақындардың шығармаларымен терезесі тең, мағыналық сипаты жағынан әр бір оқыған адамды тәнті етіп, баурары сөзсіз!

Сүйемін, өскен Отаным!

Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасында.

Сүйемін думанды елімнің,

Кәрісін және жасында.

Бұлтсыз,айсыз жылы леп,

Сүйемін салқын кештерін.

Бетті аймалап уілдеп,

Толассыз соққан ескегін.

Шаңдатып, жота қырларын,

Жылқы ойнаса біртіндеп.

Мен сүйемін тұрғанан,

Жылқышының күлімдеп.

Сүйемін гүлге нәр берген,

Нөсерді жауған сіркіреп,

Жарқ-жұрқ әр жерден,

Бұлт ойнаған бетінен

Сүйемін көкшіл аспанын,

Ауылдың оқшау шетінде,

Асыр салған жастарын.

Байқасам кейде тұра ғап,

Тәтті бір сырды сеземін.

Сүйемін суды қуалап ,

Сарқырап жатқан өзенін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Мұқағали Мақатаев "Соғады жүрек" Екінші том.Алматы:Жазушы, 1982.-384 бет.

2.Мұқағали Мақатаев"Аманат" Алматы: Атамұра, 1999.-304 бет.

3.Мұқағали Мақатаев "Өмір өзен" Алматы:Раритер, 2005.-288 бет.

4. Мұқағали Мақатаев " Өлеңдер" Алматы:Рауан,1991.- 144 бет.

5.Мұқағали Мақатаев "Жылап қайттым өмірдің базарынан" Алматы: Жалын, 1994,-256 бет.

6.Мұқағали Мақатаев "Соғады жүрек" Екінші том. Алматы: Жазушы,1982.-384 бет.

7.Мұқағали Мақатаев "Аманат" Алматы: Атамұра, 1999.-304 бет.

8.Мұқағали Мақатаев "Жырлайды жүрек" Алматы: Жазушы, 1989.-496 бет.

9. Мұқағали Мақатаев "Жылап қайттым өмірдің базарынан" Алматы: Жалын, 1994,-256 бет.

10.Мұқағали Мақатаев "Өмір өзен" Алматы: Раритер, 2005.-288 бет.

11.Мұқағали Мақатаев "Соғады жүрек" Бірінші том. Алматы: Жазушы,1982.-320 бет.

12. Мұқағали Мақатаев "Соғады жүрек"Бірінші том. Алматы: Жазушы, 1982.-320 бет.

13.Мұқағали Мақатаев "Өлеңдер" Алматы: Рауан, 1991. -144бет.

14.Мұқағали Мақатаев "Өмір өзен" Алматы: Раритер,2005.-288 бет.

"АНТ" ТАРИХИ ДАСТАНЫН ЗЕРТТЕУДЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Базылбеков Маралбек – 6М01121400 – «Әдебиеттану»

мамандығының 2-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., доцент Асылбекұлы С.
Болмыстың ғылыми шындығын танудың екі жолы бар. Оның бірі - ғылым, екіншісі – өнер. Соның ішінде әдебиет өмір шындығын образдар арқылы танытады. Көп кітапты қалай оқып, қалай талдау керек екендігін ұсынған ғалымдар әдебиеттің қалыпқа симайтындығын айтқан [2;263-267бб.]. Алайда соған қарамастан әдеби шығарма зерттелу обьектісінен тыс қалады деген ой келмеу керек. Әйтпегенде әдебиеттану деген ғылым саласы болмас еді. Философиядағы методология соңғы кездері ғылымдағы интеграция деген атаумен төртінші блоктың жүзеге асып жатқандығын айтады. Яғни бұл жеке ғылым салалары бір объектіні біріге қарастыру керек дегенді білдіреді. Өзге ғылым саласын қатыстыра отырып әдеби шығарманы қалай қарастырғанымызды осы мақаладан байқауға болады. Мақалада Т.Ахтановтың «Ант» драмасы объекті ретінде таңдап алынды.

Т.Ахтановтың "Ант" драмасындағы ең бірінші тоқталатынымыз кейіпкерлер. Егер шығарма атауы жалпы болғанда басты кейіпкерлерді анықтау қиынға соғады. Мәселен «Ант» драмасында стеоретипті түрде бас кейіпкер Әбілхайыр хан деген ой келеді. Оны нақтылау үшін математикалық есептеуге салып көреміз. Есептеуде ең қарапайым түрі шығармада қай кейіпкердің есімі қаншалықты көп айтылғанын санап шығу ғана. Негізгі кейіпкерлер Әбілхайыр, Сауран батыр, Бәтима (Бопай) ханым екендігі бірден анықталады. Есептеу бойынша азынан көбіне қарай орналастырса:

1) Әбілхайыр ханның есімі шығармада тура және жанама түрде аталу саны орта есеппен 25-ке жуық;

2) Сауран сұлтанның шығармада тура және жанама түрде аталу саны орта есеппен 35-ке жуық;

3) Бәтима ханымның шығармада тура және жанама түрде аталу саны орта есеппен 45-ке жуық. Бұдан шығармада басты кейіпкер Бәтима ханым, одан кейін Сауран сұлтан, тек одан кейін ғана Әбілхайыр хан екендігін дәл айтуға болады.

Атаулардың тура және жанамалылығына келетін болсақ. Тура ол атауды өзінің есімімен беру, ал жанама деген сол тура есімді басқаша атау. Мәселен, тура атауға Айжан, Сәуле, Жандос дегендерді жатқызсақ, жанамаға қыз, келін, әйел, батыр, құлыным секілді айтылған атауларды айтамыз. Жанама атаулар түрлі жағдайда кезедеседі және түрлі ситуацияға байланысты айтылады.

Бірінші математикалық есептеуден Бәтима ханымның басты кейіпкер екендігін анықтадық. №2 кестеде Бәтима есімінің жанама атаулары.

Бәтима ханымның тура және жанама аталуы №2 кесте.





Аталуы, Есімі, Қаратпа мәнді

Қолданушы кейіпкер

1

Бопай ханым

Сауран сұлтан

2

Бәтима ханым, дат!

Сауран сұлтан

3

Бопай атың есіңде ме?

Сауран сұлтан

4

Бопайжан-ай!

Қыздар

5

«Бопайжаным» деген сөзі

Бопай

6

Батыр қыз бәтима

Сауран

7

Бопай, Бопайжан

Сауран

8

Қалқам, бопайжан

Сауран

9

Кәрі қыз

Бопай

10

Ардағым, қимасым

Сауран

11

Жалғызы

Бопай

12

Қыз

Бопай

13

Асылдың сынығы, ұрғашы

Бәтима ханым

14

Бәтима ханым

Әбілхайыр

15

Данышпан қылдың

Бәтима өзіне

16

Сен әйел емес, ханымсың

Әбілхайыр

17

Затың әйел ғой

Бәтима өзіне

18

Апатай, армысың апатай

Жанарыс

19

Әз апа

Жанарыс

20

Жан апа

Жанарыс

21

Апажаным

Жанарыс

22

Ардағым, менің апажаным

Жанарыс

23

Бопай

Бәтима өзіне

24

Өлсін, бопай қыз

Сауран

25

Бәтима (ханым сөзінсіз)

Әбілхайыр

26

Бәтима ханым

Әбілхайыр

27

Табаң ба бұл, Бәтима?

Сауран

28

Өлген екен Бопай қыз

Сауран

29

Бәтима ханым

Сауран

30

Әйел залым

Бәтима өзіне

31

Бәйбіше болдың

Сауран

32

Бәтима ханым, таусылма

Сейтқұл

33

Мен бейбақтан не қайыр,

Бәтима өзіне

34

Ендігі ел анасы өзіңсің

Бөкенбай

35

Мен бейбақтан не қайыр

Бәтима өзіне

36

Нар да болсаң, затың әйел

Сауран

37

Ризамын, Бәтима кеш мені

Сауран

38

Сен ер азаматқа бергісіз нарсың ғой, Бәтима

Сауран

39

Ризамын, Бәтима

Сауран

40

Бопайжаным кеш мені

Сауран

Кестенің бірінші жолағында Бәтима ханымға шығарманың өң бойында қосымша және жанама түрде айтылған атаулар көрсетілген. Кестенің екінші жолағында оны кімдердің айтқаны көрсетілген.



Шығармадан Бәтима ханымды жанама тұрғыда сипаттаудың барынша көп екендігін байқаймыз. Оларды бөліп жеке қарастырғанда, мынадай болады:



Аталуы, Есімі, Қаратпа мәнді

Қолданушы кейіпкер

1

Мен бейбақтан не қайыр,

Бәтима өзіне

2

Ендігі ел анасы өзіңсің

Бөкенбай

3

Мен бейбақтан не қайыр

Бәтима өзіне

4

Нар да болсаң, затың әйел

Сауран

5

Мен бейбақтан не қайыр,

Бәтима өзіне

6

Батыр қыз бәтима

Сауран

7

Сен ер азаматқа бергісіз нарсың ғой, Бәтима

Сауран

8

Қалқам, бопайжан

Сауран

9

Кәрі қыз

Бопай

10

Ардағым, қимасым

Сауран

11

Жалғызы

Бопай

12

Қыз

Бопай

13

Асылдың сынығы, ұрғашы

Бәтима ханым

14

Бәйбіше болдың

Сауран

15

Данышпан қылдың

Бәтима өзіне

16

Сен әйел емес, ханымсың

Әбілхайыр

17

Затың әйел ғой

Бәтима өзіне

18

Апатай, армысың апатай

Жанарыс

19

Әз апа

Жанарыс

20

Жан апа

Жанарыс

21

Апажаным

Жанарыс

22

Ардағым, менің апажаным

Жанарыс

23

Әйел залым

Бәтима өзіне

Берілген жанама атауларды өзара мағыналық тұрғыда жинақтап топ-топқа бөлер болсақ, мынадай болады:



І. Текті рудан екендігін анықтайтын атаулар:

І. Асылдың сынығы

2. Батыр қыз

3. Жалғызы

4. Қыз


ІІ. Мейірімді адам, сүйген адам ретінде:

1. Әз апа

2. Жан апа

3. Анажаным

4. Ардағым

5. Бопай



ІІІ. Ханым статусы ретінде

1. Бәтима ханым

2. Данышпан

3. Бәйбіше болуы

4. Ел анасы

5. Ер азаматқа бергісіз жар

6. Ханымсың


VІ. Әйел адам ретінде

1. Кәрі қыз

2. Қыз

3. Затың әйел



4. Табалаушы Бәтима

5. Залым әйел

6. Мен бейбақ

7. Ұрғашы



Бұдан біз шығармадан кімді көреміз, немесе Тахауи Ахтанов "Ант" драмасында Бәтима арқылы кімді көрсеткісі келді деген сұраққа жауап табамыз. Ол мынадай:

Әуелі, Бәтима ханымның әйел адам екендігін көреміз. Себебі ең көп атаулар №4 топқа жинақталған. Яғни ұлттың, халықтың, немесе сол замандағы жағдайға қарамастан ол биологиялық тұрғыдан әйел заты. Оны статистикалық есептеулер көрсетуде. Мұндағы айтылатын: ұрғашы, залым деген сөздер – атаулар. Оның әйел затына сәйкес артықшылықтары мен кемшіліктерін, табиғи жаратылысын алдыңғы планға шығарады. Жазушының шеберлігі сонда – ол ер адам бола тұра, әйелдің ішкі табиғатын керемет суреттей алған. Екіншіден, Бәтима ханым. Бәтима ханым статусымен пьессада 6 рет аталады. Әсіресе Әбілхайыр оған үнемі "Сен әйел емес, ханымсың ғой", деп ескертіп отырады. Яғни ханым болған соң одан ел анасы болу, ер азаматқа адал жар болу талап етіледі. Тіпті данышпандылық та талап етіледі. Үшіншіден, Мейірімді жан, адам ретінде сипатталады. Мұнда айтылатын атауыштықтар көбісі туған бауыры Жанарыстан шыққан. Жанарыс Бәтиманы "Апатай", "Анажан" деп атау арқылы оның мейірімі мол әпке бола алғанын көрсетсе, ал ердің әйелге айтатын сөзін суффикс арқылы айтылған есім атаулардан санамағанда бір ғана рет Сауран "ардағым" деп қана атап кетеді. Шығармада Бәтиманың заңды жары Әбілхайыр болғанымен, Әбілхайыр оған ақырғы демі біткенше бір ауыз жылы сөз айтпайды. Тіпті "сен" деп те бір-ақ рет айтқан. "Сен әйел емес, ханымсың ғой, Бәтима" дегенде қолданса, қалған уақыттың барлығында дерлік "Бәтима ханым" деп атайды. Бұл арқылы драматург хан мен ханымның арасындағы қатынасты ресмилендіргендігін көруге болады. Яғни екеуінің арасында отбасыға тән сүйіспеншіліктің, жылылықтың ізі де көрінбейді. Ал ерлі-зайыптылар арасында махаббат, жылулық болмаған кезде ситуацияның басқаша өрбейтіндігін тағы көрсетеді.

Төртіншіден, бұл Бәтиманың тектілігі қарастырылған атаулар.

Драма бойында кей жағдайда Бәтиманы ол асылдың сынығы, Әлімнің қызы, жалғызы т.б. деп атайды. Бұлар Бәтиманың тектілігін көрсетіп отыр. Сауран батыр өзінің сүйген ғашығын құрбан ету себебі де Бәтиманың тектілігі. Отбасылық кландар мықты руларды бағындыру үшін қыз алысу әдісін қолданады. Драмада осы әдіс Сауран мен Бәтима арасындағы махаббатты құрбан етеді.

Осының барлығын топтай келгенде "Бәтима ханымның" концептісін жасауға болады.





Топтағандағы атау

Ғылыми атау

1

Әйел заты

1.Феминистік

2

Хан орнына ханым Ақылшы

2.Социалды статус

3

Мейірімді адам

3.Үй адамы

4

Текті жердің қызы

4. Генеологиялық

Бұл көрсетілгендер шығармада кейіпкердің кім ретінде көрсетілгендігіне байланысты деректер. Енді адам табиғатының өзіндік артықшылығына сәйкес қабілеттеріне сәйкестендірейік. Бұл бізге шығармадағы кейіпкерлердің өміріндегі ситуацияға басқа адамдардың дәл сондай тағдырда қаншалықты өз-өздерін сақтап қала алатындығын есептеуге көмектеседі.

Әуелі, феменистік статусты алып тастаймыз. Себебі біздің салыстыратындарымыз тек әйел адамдар яғни, оларды адамдармен салыстыра алмаймыз.

Тектілік. Тектілік Бәтима ханымның артықшылығы болғанымен оған оның септігі тиген жоқ. Яғни, Бәтима өзінің тектілігіне әсер ете алмайды. Жақсы жерден шыққанын алып тастай алмайды, егер жоқ болса қосып алалмайды. Сондықтан ол қосымша +1 артықшылық.

Ал қалған екі сипаты ханым болуы және мейірімді болуы бұл Бәтиманың өзінің бойына өмірлік жиған қасиеттері, қалыптасқан ерекшелігі.

Енді осы екі сипатына сәйкес математикалық жолмен сипаттап көрер болсақ, мынадай болады.

1. Бәтима ханымның өзі немесе соған салған өзінің күш-жігері, тырысуы = х,

2. Қасиеттер =2 (ханымдық, мейірімділік);

3. Шыққан ортасы =+1 (тектілік);

Бұдан х Ч2+1; өрнегі келіп шығады немесе 2х+1;

Мұнда х айнымалы яки өзгермелі; 2х+1 теңдігі ең ықшамдалған түрі болып табылады. Егер ықшамдалмаған толы нұсқасын қарастырсақ, онда былай,


  1. Бәтиманың қабілеттері 2;

  2. Тектің жердің қызы 1;

  3. Әбілхайырдың әйелі 1;

  4. Сауранның ғашығы -1;

  5. Бәтиманың балалары +1;

  6. Сыртқы шапқыншылық -1;

Онда ол былай өрнектеледі: 2х+1+(1-1)Ч(1-1)=у; жалпы қорытындыда 2х+1=у; теңдігі шығады. Математикалық х айнымалыға мән берер болсақ, онда былай қалыптасады: х=0; у=1; х=1; у=3;

Мұндағы х-о, Бәтима ханым еш күш салмағанда, тырысып, талпынбаған жағдайда. Х-1, Бәтима ханым артық күш жұмсамастан, оқиғаға қалпында болған жағдайда.

Өрнек әрдайым жоғары жылжып отырады. Бұдан қандай бір жағдайда болмасын Бәтима ханым ұтыста, минусқа кірмейді. Жалпы айтқанда, бұл формуланы әмбебап деп айтуға келмейді. Ол тек әйел адамның (кейіпкердің) өзіне ғана байланысты емес, заман ағымына да байланысты. Мәселен, Кеңес Одағы кезінде яғни, текті жердің, зиялы деген, ханның ұрпағы дегендер қудаланған заманда, Бәтима ханымға +1 болған дүние минусқа айналып кете барады.

Екінші қорытынды, теңдіктің барлығы жоғарыдан көрсетілгенін яғни минусқа түспегендігін байқар болсақ, Бәтима ханымның орнындағы кез келген әйел адам атқара алады деген ой туады.

Қорыта келе, математиканың статистикалық, өрнектік тәсілдерін пайдалана отырып әдебиеттану ғылымында нақты қорытындылар жасауға болатындығына көз жеткіземіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ахтанов Т. Көп томдық шығармалар жинағы. Пьесалар мен эсселер. «» -Алматы: Мерекенің баспалар үйі. 2013.

2. Адлер М. Как читать книгу. – Москва: издательство МИФ. 2014.

3. Савельева В.В. Художественный мир и художественный текст: проблемы организаций. - Алматы: Дайк-пресс. 1996.

4. Тұрғынбаев Ә.Х., Кенжебаев С.Ж., Есімханов Т. Ғылым тарихы мен философиясы. –Алматы: Білім. 2016.


БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ТҮРЛЕРІ

(«ҰШҚАН ҰЯ» ПОВЕСІ БОЙЫНША)
Нұрекешова Әселхан - 6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Тамаев А.Т.
Мақала қазақ халқы тарихында сөз өнері мен қол өнерін бойына қатар сіңіре білген, рух пен намыстан жаралған дарабоз – жазушы, халқының абыройын асқақтатқан ұлт батыры - Бауыржан Момышұлы жайында болмақ. Оның есімі төрткүл дүниеге мәшһүр. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері ел аузында.

Мақалаға өзек болған жәй – қазақ әдебиетінде азаматтық тұлғаның көркем бейнесін сомдаған таза әдеби шығармалардың аздығы, жазушы шығармаларының көркемдігі мен суреткерлік қыры, психологиялық астарына жіті мән бермей, қызыл сөзбен ғана жанап өту, әдебиеттану тұрғысынан зерттеудің жетімсіз боп қалуы, Бауыржан Момышұлын - психолог деп айдар тақсақ та, сол тұрғыдан зерттеудің жолға қойылмағандығы. Бұл мәселелерге өзімізше ой қорытып, жауап берер болсақ, жазушы шығармаларының әдебиеттану тұрғысынан аз зерттелу себебі жазушылығының нашарлығынан емес (бұл сөзіме дәлел мақалада беріледі), автор жайында, оның шығармаларының өзіндік ерекшелігі, суреткерлік тұсы, ұлттық негізі, шындық пен адалдықтың, қайсарлықтың белгісі, тағы сол секілді мәселелелерді талдап, сараптап, белгілі бір дәрежеде мадақтауға қан майданның ащы дәмін татқан, небір зұлымдықты көзі көрген, турашылдық пен шындықты жаны сүйетін Бауыржан Момышұлының қайсар мінезі ерік бермеді. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңызды» жазу сәтінде бірнеше мәрте «...тастап кетсем бе екен?» деген ойға келуінде де осы негіз жатыр еді. Десе де, әр сөздің мазмұнына жіті мән беріп, жылт еткен басы артық сөзге кіжіріне қарап, мінез көрсетуі – шындыққа деген адалдығы еді. Әскери сала маманы жазушылыққа отставкаға шыққан соң, кеш келгендігі де Бауыржан атамыздың жазушылық тұсының әдебиеттану тұрғысынан кең түрде зерттелмеуінің бір себебі деп ойлаймын. Бүгінде жазушының шығармаларының әр қырын талдап, жан-жақты жарнамалау, яғни, әр түрлі тілдерге аудару, шығармаларының өн бойындағы суреткерлік, стильдік, психологиялық ерекшеліктерін сараптау арқылы Бауыржан атамыздың алдындағы ұрпақтық борышымызды өтеуге бір табан болса да жақындаған болар едік.

Бауыржан шығармалары - майдан шебіңде жүріп, көзі көрген өмір тәрбисінен алынған отты жүректің, ыстық қанмен жазылған шығармалар.

Осыған өзі айтып өткен мына сөздері толық дәлел: «Менің шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның естеліктеріне, ерекше делінген эпизодтар естеліктерінің жиынтығынан іріктеп, екшеп алынған елеулі көріністерге негізделген. Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған адамдар да жоқ» [4, 143].

Бауыржан Момышұлының ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тәлім-тәрбиенің тұнып тұрған тұнығы, шоқтығы биік шығармасы – «Ұшқан ұя» повесі. Шығармадағы күллі дүние Бауыржан Момышұлының қабылдауы, сезім-түйсігі арқылы өтеді. Тақырыбының «Ұшқан ұя» аталуында философиялық астар, пихологиялық аспект жатыр. Жер бетіндегі он сегіз мың ғаламдағы тіршілік иелерінің алып өмірге жасар ұлы сапары ұядан басталады. Шығарманың идеясы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығына саяды, адамның ұядан алған тәрбиесі, тәлімі ертеңгі өміріне әсер етеді.

Белгілі ғалым-сыншы М.Қаратаев шығарма жайында былай дейді: «Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндағын, өскен, тәрбие алған ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы. Жазушының өзіндік түсінігі, өзіндік дүние тану тұрғысы және өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть жазушының өзіне тін суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік – жазушыға көптен көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды, қарт ана – үлкен әжесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл боп өскенін көреміз. Бала кезінен көрген-білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар суындай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түкпіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдің ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. Шығарманы қызығып, сүйсініп оқисың, Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткендей сезімге бөленесің»[4, 51]. Біздіңше, бұл тұжырым – көркем туынды «Ұшқан ұяға» берілген әділ баға.

Автор оқырманға өз шығармасының жазылу жайы туралы былай дейді: «Біздің кейде өткенді еске алсақ тұтас тұлға іздеп, бүтін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек-кесек кереметтер іздеп ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Дәл осы өлшем балғын кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі, бала ойы алғашқы көргенін, алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында болмысына ұйытып алады да сол қалпында сақтай біледі. Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой түйіп жатпайды, қайта үзік-үзік үміттің өзінен рахат сезімге бөлене береді. Дәл қазір менің көз алдыма да сонау сәби кездегі қызық пен қуаныштың елестері түйдек-түйдек жаңғырып, жанымды жай таптырмай отыр» [4,29]. Бұл оқырманды алдын-ала дайындау тәсілі еді. Повестегі бір қарағанда үзік-үзік көрінетін оқиғалар тізбегі бір желіге бекітілген. Ол – шығарманың өн бойынан сезіліп тұратын балғын балалықтың бейкүнә суреті.

Бауыржан Момышұлы өзі жоспарлаған шығармашылық міндетіне адалдықпен қарап, оқырманға баланың дүниені қабылдау түйсігін пәк, таза күйінде жеткізуге талпынады. «...Хиссалардың маржандай тізілген таза тілі, оралымды ойы, қиял жетпес теңеулері, ертіп отыратын екпіні, ұйытып тастайтын ұйқасы тыңдаушының жан сарайын жарқыратып жібергендей сезілетін. Мен осынау халық қазыналарын алғаш рет ақындардан, көзі ашық білімділерден сіңіргем. Солардан дәм татып, солардан сусындағам» [4,32]. Бұл – жазушының өміріне рухани азық болған, бала кезінің бір сәті. Көкірек көзі ашық балғын жас Абай айтқан «Білімдіден шыққан сөз, біліктіге болсын кез, нұрын, сырын ұғуға көкіректе болсын көз» деген данагөй тілеуді құп алып, жылт еткен жақсы қасиеттерді қонаққа келіп-кетіп жүрген зиялылардан, көздері ашық туысқандарынан, көкесі мен әпкелерінің сөзінің, ісінен ала біледі.

Жазушы өмірден алған материалдарын екшеп, електен өткізеді. Өмір шындығынан көркемдік шындық туғызады. Осы тұста, белгілі ғалым Б.Майтановтың сөзін еске түсіреміз: «Көркем шығармадағы өмір шындығының басты бір кепілі психологияда, соны жеткізудің амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық, шығармашылық феномен - психологизм. Ол – қаһарманның рухани әлемін, дүниетанмын, жан сырын жеткізудің жолы» [2,19]. Нақтылы психологизмнің көркемдік тісіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі жазушының мақсаты – адамның жанын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттеу. XIX ғасырда адам жан дүниесіне үңілу, тіптен теңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысан адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс. Көркем шығармада кейіпкердің психологизімі түрлі тәсілдер арқылы көрініс табады. Мәселен, авторлық баяндау арқылы, портреттік тәсіл арқылы, мінездеу арқылы, диалогтан, пейзаждардан, көркемдік детальдардан пайда болатын психологизмдер. «Абай жолы» романында мынандай эпизот бар: «...бір жақ иығына боташ ілігін жамылып алып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысында отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді». Бұл жерде жазушы кейіпкердің ойын айтып жатпайды, көзқарасынан ғана танытады. Құнанбайдың ол іс-әрекеті барлық тізгін Сүйіндіктің қолында екендігін жақсы білгендігі, күштің қай жерде екенін сезетінін Құнанбайдың ақылдылығын, қандай адам екенін аңғартып тұр. Осыған ұқсас эпизот «Ұшқан ұяда» да бар: «... құндыз бөркі құлпырып көз тартады. Бешпет сыртынан буған кемер белдігінің жалпақтығы кере қарыстай еді. Селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Ол аз сөйлеп, әр сөзін нығарлап, таптап, қарсы отырған адамына қарай қамшысын немесе сұқ қолын нұқып сесті айтады екен... біз сияқты бала-шағаға көз қиығын салған да жоқ» [1, 92]. Портреттік тәсіл арқылы берілген құндыз бөрік, жалпақ белдік, ұзын сақал Серкебайдың дәулетті кісі екенін аңғартса, аз сөйлеуі, отырғандарға қарсы қамшысын не сұқ қолын нұқып сөйлеуі, бала-шағаға көз қиығын да салмауы айбарлы, баршаға сөзі жүретін тегін кісі еместігін білдіреді. Автор кейіпкердің қандай екенін суреттеп жатпайды осы портреттік тәсіл мен авторлық баяндау негізінде көрінеді. Автор тағы бірде «... қурайдай қалқиған, арық бойы сидиып, ебедейсіз қозғалады. Жағына пышақ жанығандай, сүйектері шодырайып, ұрты үңірейіп тұр. Әр жерден үрке шыққан сирек шашы кірпінің түгіндей едірейеді. Бір шөкім сақалы әйтеуір сақал бар деген атқа иеленіп, иегінің ұшында шоғырлана қалыпты» [1,142],- деп Жартыбайдың портреті арқылы қандай адам екендігін бейнелесе, «... Аққұлдың әжімді жүзі жыбырлап, өзі құрысқандай бір уыс болып, бозарып сала берді. Қанын ішіне тартып, қатайып алыпты»,- деген эпизодта кейіпкердің сол сәттегі ішкі күйініші, ашу-ызасын баяндауда тағы да портреттік тәсілді ұтымды қолданады.

Адамның ішкі күйін, психологиясын тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тәсіл. Бұл жөнінде әдебиет зерттеушісі М.Базарбаев: «Тіл көркемдігінің бір байқалар тұсы диалог пен монолог құруда. Мұнда шеберлік керек-ақ. Өйткені диалог адам мінездерін ашуға бірден-бір қолайлы формула» [3, 55],- деп атап өтеді. Яғни диалог арқылы да кейіпкердің психологиясын тануға болады. Мәселен, аталмыш шығармада Момынқұлдың білместіктен жасаған ісіне байланысты:

«- Әй, балам, мұның болмас...» деген Момыш сөзі мен, « - Ай, бойында шайтан жайлаған сүмелек!» [1,101],- деген Жақсыбай сөзінен Момыштың сабырлы, кез-келген іске байыппен қарай алатын адам екендігін білдірсе, Жақсыбайдың қызуқанды, ашуға ерік беріп, аузына келгенін айтатын жағымсыздау адам екендігі байқалады. Өгей шешісі «ақшаны шашып жүрсіңдер» деп, балалардың артық әрекеттерін тыймақшы болғанда, Момыштың: « - Е, ақша дегеннің өзі шашуға шығарылған нарсе» [1,85],- деген сөзінен дүние жиюға жат, адал адам екендігі тағы көрінеді. Үбианның Аюбайға деген көңілінің бар-жоғын аңғарғысы келген әкесіне жауап беруден жалтарып « - Мен бір байлаулы бұзау емеспін бе. Әкем мен әжем кімге жетектетем десе де еркінде» [1, 73],- деп сөйлеуінің астарында біріншіден, тәрбие жатса, екіншіден, әкесінің кім көрінгенге бермейтінін жақсы білетін Үбианның жігітке көңілінің кетары еместігін, іштей келіскендігін аңғартса керек. Осылай диалог арқылы да кейіпкерлердің ішкі психологиясына кіре алады екенбіз.

Кейіпкердің психологиясын ашуда көркемдік детальдардың да қызметі ерекше. Үннің де тілі бар. Кей жазушы үнге мән береді. Мысалы, «мен сені жақсы көрем» деген сөзбен түрлі бояулар қосып жақсы көретініңді де, кекесін мағынасында айтып, жек көретініңді де байқатуға болады. Шығармада Нығмет байдың реңсіз, мыртық, кекеш Дәулет деген ұлына қалық мал айдын көлдің аққуын – Запираның аяқ-қолын байлап береді. Жаңа түскен келін «Жусаннан аласа, бетегеден биік» боп жүретін болса, Запира айналасындағы күйкі көріністі мойындағысы келмей, өзін қоршаған сұрықсыз тірлікті көзіне де ілмей, батыл да еркін жүреді. Оның көзқарасынан, үнінен, мінезінен, қимылынан жәрбиген жаман күйеуіне деген, оның туыстарына деген қарсылық кегі, зорлық көргісі келмеген бұлқынысы, қалыңмалға деген қарғысының ұшқыны байқалатын еді. Арада біршама уақыт өткеннен кейін Запираны қайта көреді. «... бұрынғыдай таранып, жинақы жүруді де ұмытқан-ау. Басындағы ақ жаулығы да бозарып кетіпті. Жүрісіндегі ерке қимыл суға түскен кесектей еріп кеткендей. Жәудіреген мөлдір жанары бұрынғыдай нұр шашпайды. Шамның күңгірт жарығы әжімдерін адырайта айқындап, тіссіз қушиған иегін де әйгілеп тұр» [1,129]. Басына түскен езгіні үнсіз көтеріп жүрген, Запираның жағдайының нашар екендігі, бақытсыз әйел екендігі, сарыуайымға берілгішітігі осы детальдардан аңғарылады.

Шығармада автор кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне енудің бірнеше тәсілдерін тиімді пайдалана білген. Мәселен, жанама мінездеу арқылы дос боп кеткен Гончаровтар жанұясын таныстырмақ болады. «... пеш қабырғасында ішекше созылған, ұзыннан ұзақ кенеп орамал ілулі тұр. Ішке кіргенде бұрышта қаптаған икондарға бірден назарым ауды. Суреттің жиек темірлері жалт-жұлт етеді. Мұнда құдайлар бейнеленген. Әр суреттің жиегі дала гүлімен көмкеріліпті...» [1,182]. Аталған символдық белгілер, суреттердің ретпен ілінуі – жанұя адамдарының тиянақтылығын, жиектерінің гүлмен көмкерілуі – табиғатқа жаны ашитын мейірімді адамдар екенін,өз дәстүрлеріне сай құдайға сыйынатын адам екендерін көрсетіп тұр.

«Кез келген жазушы психолог» бола білуі керек. Ол кейіпкердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» [2,53],- дейді әдебиеттанушы ғалымдар. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуы тиіс, кейіпкердің характері, көркем шығарманың психологизімі сонда ғана ашылады. Автор шығармада «әке» образына басым орын береді, қазақ халқындағы отбасыға қамқор, жанашыр әкенің, бойында бірнеше өнерді жиған нағыз қазақтың сері жігітінің бейнесін жасап, ишкі психологиясын тануға жол ашады. Шығарма басында әкесінің қандай екенін айтып, мінездеп жатпайды, жәй ғана: «...әкем орта бойлы, арықша келген, қара кісі. Маңдайы жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Әжем оны «Қара қатпа», «Тарамыс» дейтін» [1, 29] деп, әкенің ішкі психологизімін, жоғарыды атаған, портрет тәсілі арқылы береді. Бұл жердегі «орта бойлы, арықша келген, қара кісі» деуі әкесінің қарапайым екендігін көрсетсе, «маңдайы жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді» дегенде оның мінезінің қатал екендігін танытады, осы ойын нақтылау үшін «әжем оны «Қара қатпа», «Тарамыс» дейтін» деп тиянақтайды. Момыштың бейнесін таныту үшін мына бір эпизодты келтіремін: «Ауылдағы келін кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас әжемнің өзі де:



  • Момыштан сұраңдар, Момыш біледі, - деп отырады екен.

Ағайын-туған арасындағы алыс-беріс, көші-қон мәселесі, дау-дамай бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген. Имаш бабамның көзінің тірісінің өзінде біздің шағын ауылды – Момыш ауылы дейді екен» [1,18]. Үзіндіден Момыштың өз ауылында, руында абыройлы, беделді екенін аңғарамыз. Хат танып, есеп-қисапты тәуір білгендігі, кезінде ағаш ұстасы да болып, етікші де атанған әсіресе, зергерлікті жақсы көреді, тіпті 33 жасына дейін үйленбей, терме қисса жаттап, айтыс қууы - нағыз сері жігіттің бойынан табылуы тиіс элементтер. Бұлар оның сыртқы көрінісі, ал іші, психологиясы қандай десеңіз – ол өте кең, ар-ұятты, намысты бәрінен жоғары қоя білген кісі. 28 жасында ауыл старшыны боп сайланса да, еш көкірек кермей, «тура Момыш» боп аталып және солай қалуы оның шыншыл, адал болғанын нұсқайды. Автор шығармада әкесінің адамгершілікке, жомарттыққа, ұстамдылыққа құрылған психологиясын бірнеше жерде көрсете білді. Осындай әкеден тәлім алған баланың болашағы қандай болары анық. Қаймана қазақтың қанына сіңген мыңғырған қалың мал соңынан қызының қарсылығына қарамастан жетектетіп жіберу дәстүрі бұл кезде де жалғас тапты. Үлкен қызы Үбианды бала кезден атастырса да, кейін атастырған жігіттің қыз көңілінен шықпағанын байқап, ет бауыры баласын күштеп қосуға әке көңілі жібермеді, анасыз өскен қызының көз жасын көргісі келмей, басқа бір жолын іздеді және тапты да. Милиция бөлімінің бастығының қызына қырын келіп көз салғанына: «Қатын үсті ететін, сен сияқты ақымаққа кететін қызым жоқ» [1, 35] деп, тіке айтуы, кейін қызының өз келісімімен ғана ұзатпақшы болғандағы мына бір эпизодтан: «әкем өзін-өзі әзер ұстап, кереуетке отыра кетті де, қызын алдына алып теңселіп, жас балаша әлдиледі» [1, 77] баласы үшін ет бауырының езілуі, әкелік қамқорлығы ерекше көрінеді. Момыштың қызының той мерзімін ұзартуының астарында мынадай негіз жатыр еді: біріншіден, дәулеті шалқыған бай болмағандықтан, қалыңдық жасауын қолма-қол әзірлеуге шамасының жоқтығы, екіншіден, болашақ отау құратын екі жас бірін-бірі толық білсін, қалыңдық дәуренін қызықпен өткізсін, қызым ренжімей аттансын, бойжеткен шағында көрер тамашасын қысқартпай-ақ қояйын деген қамқор көңілден шыққан шешім еді. Анаргүл қатыгездікпен өлімші ғып сабаған жетім бала –Жарылқасынды алақанына салып, төсекке жатқызып қарауы, «байғұс бала-ай» деген сөзінен Момыш мінезіндегі қаталдықтың астарындағы аяушылық, жанашырлық көңілі әкенің жағымды оброзын жарқыратып, ішкі психологизімін нақтылай түсті.

Сыншы С.Әшімбаев «Психологизм – жазушы үшін толыққанды образ, өміршең тұлға жасаудағы бірден-бір қолайлы да, оңтайлы стильдік тәсіл» [2, 62],- дейді. Расында да, образ жоқ жерде көркем шығарма рухы түгілі оның елесі де жоқ. Осы туралы сөз қозғаған Ә.Қоңыратбаев: «Даралау –психологизмді танудың ішкі заңы» [2,64] деген болатын. Ал даралыққа жету үшін типтендіру қажет. Сол арқылы автор бейнелеген кейіпкердің психологиясына жол табу.

«Ұшқан ұяда» жылы сезім, шуақты көңілдің нұрынан жаралған образ – әже образы. Осы ойымызға таянышты белгілі әдебиет сыншысы М.Қаратаев пікірінен табамыз: «Жапан түзде, ысылдаған ыстық құмның ортасында жападан-жалғыз біткен тораңғы дейтін ағаш болатын. Өзі мықты, бұтақты, саялы. Жел мен боранға, аяз бен аңызаққа – бәріне төзген, мәңгі шөлдеген, тарыққан күйінде жаратылыстың не бәле-бытыранының бәріне табандылықпен төтеп берген сіңірлі ағаш» [4, 57]. Бауыржан Момышұлының әжесі де осы тәрізді ана, ішкі психологиясы ағаштың тағдырымен тамырлас. Ол айнала ортаның, ащы өмірдің, қатал тағдырдың азабын бастан кешсе де соған төтеп берген, бойына дарытпаған, ақылды, қайсар, саналы да саялы, сұлулықты, әсемдікті жаны сүйетін қазақы әзиз ананың образы болып шыққан. Болашақ батырдың ең алғаш дүние тануына, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен осы әже. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де қазақ алқының қашаннан өмір қазанында қорыған ұзақ тәжірибеде шыңдалған даналық ұғымдарын, ізгі салт-дәстүрді бойына сақтаған адам, өмірдің сұлулығын, достық пен бірліктің, отбасының қадірін түсіндіре білген отана. Өлер алдында балаларын жинап, құран оқытып дайындалуы – қазақ әйелінің бойындағы оптимизм, өлімді қайсарлықпен қабылдай алуы. Ол – қайсарлық пен төзімділіктен, мейірім мен ізгіліктен, адалдық пен адамдықтан жаралған асыл жан. Бұл ойымызды жазушының мына бір сөзі дәлелдей түседі: «Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен әжемнің бейнесі елестейді.... әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты...» [1, 19]. Әжесінің бала Бауыржанға ең қатты сөзі – ай,тентегім! сөзі еді. Десе де, бұл сөздің астарында, ашулықпен қатар, қамқорлық көңіл мен еркелету сезімі көрініс беретін. Құлынымдап, қолынан жетектеп бәйек болып жүретін әже сүйіспеншілікке жанын тосып, бауырына басып өсу – бала өмірінің бақыттылығы да осындай болар. «... Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы, адал таңдарым менің» [1,21]. Жазушының балалық шаққа деген сағынышының ұшқыны байқалады. «Адал» сөзінің өзі балалық шақтың ең мұңсыз, қайғысыз, әлі өмірдің соқпағын бастан кешпеген, тәтті кезең екендігін аңғартады және ол сәттің енді келмеске кеткеніне қынжылады.

«... тек оқта-текте ауылдың үстін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұл сонда үн-түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларға зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса, жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмей, жылағым келетін. Енді бірде аспанға аң-таң болып қарап қаласың. Буда-буда бұлттар жалы желбіреп, шауып бара жатқан асау тайлар сияқты. Кейде шөгіп жатқан түйелер сияқты. Кішкентай қолдарыңды созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, әлгі қанатты тұлпардың жалынан сипалағың келеді. Баланың бақытты шағы сол кереметке сенгеніңде шығар. Кейін есейе келе әлгі бұлттың су екенін, күннің қызуымен бу болып ұшатынын білу қандай қатал» [1, 21]. Авторлық баяндау арқылы берілген балғын балалық шақтың тартымды суреттерінің астарында баланың психологиясы, танымы, ішкі көзқарасы белең алады, монолог арқылы берілген психологизм.

Келесі бейнеленген образ – ұлттық, халықтық негіздегі образдар.

«Ұшқан ұя» повесі қамтитын уақыт кезеңі – кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары. Бұл кезеңде халық өмірінің көптеген әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қаймағы әлі де бұзылмаған еді. Соның бірі - жылқы малына деген ерекше сүйіспеншілік. «Ат десе арқасы қозатын қазақ аты үшін небір қияметке барады, жүйрігі мен сұңқары болмаған ер ер атынан қалады деп есептеген. Әр қазақ астындағы атын өзімен тең санаған, оның желідей жүрісін жанына ем санаған, өзін қалай күтсе көлігін де солай мәпелей білген. Атқа ретсіз ауырлық артпаған, айылын жөнсіз тартпаған, ақ-көбік етіп атойлап босқа шаппаған. Тіптен бәйгеге қосар тұлпарға «етегі ауыр нәсіл» деп, әйел атаулыны мінгізбейтін болған. Киелі малдың құны осылай бағаланған» [1, 179]. Бұл - Бауыржан Момышұлының шығармасындағы қазақ халқының ішкі танымын, жылқы малына деген жақындығын бейнелеген тұсы. Жанынан артық көретін Аққұл қарттың бойында дала, түз қазағының мінезі бар. Ат құлағында ойнайтын сайыпқыран көкпар кезінде Көкшолағымен бірге шыңырауға түсіп кетіп, майып болады. Қарт шабандоздың соңғы тілегі Көкшолағының жанына бірге жерлеу еді. Бұл сөзден Аққұлдың ғана емес, дүйім қазақ жұртының жылқы малына деген ыстық пейілі көрінеді. Сонымен қатар, кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен салт-дәстүрге қандай жағдай болмасын құрметпен қарау жайы орыналады:

«... босағадан кимелеп, зікірлеп үйге бас сұғу, отау ішінде ойран салу салтымызда жоқ нәрсе ғой. Әруақты қорлағандық, ата-баба ардақтаған төрімізді қорлағандық саналады. Сол себепті Аққұл тобы ішке кірмей, жиырма-отыз қадам жерде даурығып тұр...» [1, 94]. Халық психологиясына қанық жазушы: «...Иә, қазекем жаңа келген нәрсеге жан-тәнімен қуана да білетін, қазаға қалың жұрт боп қайғыра да білетін халық қой, шіркін!»,- деген сөзінің астарында халықтың дарқандығына, пейілінің кеңдігіне, жомарттығына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш жатыр.

Шығарманың басында Бауыржан дүниеге келгеніне екі-үш ай болғанда, анасы күн көзіне шығарып, Имаш атасына алып келеді. Сонда алғаш көрген атасы қолына жас бұтақ ұстатып:

Құрық деп берсем құл болма,

Шыбық деп берсем шіл болма.

Бәрінен де, шырағым,

Баяны жоқ ұл болма, [1, 4]- деп, өсиетті сөзін айтады.

Бала Бауыржанның – дана, дара Бауыржан болып өсуіне осындай өсиет сөздердің септігі әбден тиері анық.

Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» - оның жазушылық шеберлігін әдеби қауымға мойындатқан алғашқы шығармасы. Онда жазушының суреткер ретінде болмысы жан-жақты ашылған. Ұлттық тәлім-тәрбие бастауынан нәр алған азаматтың өмір келешегінің кемелділігінің куәсіндей еді.

Көркем шығармада психологизм элементтерінің болу-болмауы шығарма тақырыбына, идеясына, мазмұнына байланысты. Біз сөз еткен «Ұшқан ұяның» тақырыбыда, идеясы, мазмұны, кейіпкерлері тұнған психологизмге құрылған. Бауыржан атамыздың психологиясы адалдыққа, шындыққа құрылған, ұлттық болмыс пен өршіл рухқа негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет