10.Себеп -салдар жалғаулықтарды көрсет.
а. мен, бен, пен, және, да,де ә. дегенмен, алайда, бірақ, сонда да б. өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін
11. Шартты жалғаулықтарды көрсет.
а. егер, онда, әйтпесе ә. дегенмен, алайда, бірақ, сонда да б. өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін
12. Өзінің алдындағы сөздің белгілі бір септікте тұруын қажет ететін шылау?
а. Демеулік ә. Жалғаулық б. Септеулік
13. Шығыс септігінен кейін тұратын шылауды ата?
а. бұрын ә. бірге б. шейін
14. Атау септігінен кейін тұратын шылауды ата?
а. үшін ә. қатар б..қарай
15.Мөлшерлік үстеулерді көрсет.
а. Жоғары, төмен, арты ә. Сонша, азғантай, неғұрлым б. Тіпті, нағыз, ең
16. Үстеудің қай түрі іс - қимылдың сапасын күшейтіп көрсетеді?
а. Мезгіл ә. Мөлшерлік б. Күшейткіш
17.Мөлшерлік үстеулер қандай сұраққа жауап береді?
а. Қанша? ә. Қайда? б. Қалай?
18.Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? Оның келетін күні – бүгін.
а. Баяндауыш ә. Пысықтауыш б. Анықтауыш
19. Мекендік үстеулер қандай сұраққа жауап береді?
а. Қанша? ә. Қайда? б. Қалай?
20.Күшейткіш үстеуді көрсет.
а. Раушан шайды тым асықпай ішетін. ә. Артынан Әлия келді. б. Бүгін сабаққа ерте келуіміз керек.
21. Демеулік шылаулы сөзді тап
а. үйге дейін ә. келеді екен б. өзі айтыпты - мыс
22. Мекен үстеуді белгіле.
а. Жоғары ә. Әдейі б. Қазақша
23. Еліктеу сөз сөйлемнің қай мүшенің қызметін атқарып тұр? Ол сылқ етіп құлай кетті.
а. анықтауыш ә. пысықтауыш б. баяндауыш
24. Шығыс септігінің көнелуінен жасалған үстеуді көрсет.
а. Бекерге ә. Шалқасынан б. Күні бойы
25.Дұрыс жазылған үстеуді тап.
а. Күздікүні ә. Күзді – күні б. Күздігүні
26. Қате жазылған үстеуді тап.
а. Ертелі – кеш ә. Неқұрлым б. Соғұрлым
27. Біз кешке жаяу асықпай қайттық деген сөйлемде неше үстеу бар?
28. Демеулік шылауды көрсет
а. Біз сабақ туралы сөйлестік ә. Қыста және көктемде күн суық болады б. Бұл менің ағам ғой
29.Қос сөз түріндегі еліктеу сөзді көрсет
а. бірте - бірте ә. Тап - таза б. маң - маң
30. Туынды үстеуді белгіле.
а. Орысша ә. Бұрын б. Дереу
31. Мақсат үстеуді тап
а. бірталай ә. қасақана б. артта
32.Барыс септігінен кейін тұратын шылауды ата?
а. соң, әрі, кейін, бұрын ә. қатар, бірге б. шейін, дейін, қарай
33. Сұраулық демеулікті көрсет.
а. -ақ ә. ау б. ба, бе
34. Шектік демеулікті көрсет.
а. ғана ә. - ай б. ма, ме
35. Күдіктік демеулікті көрсет.
а. - ды ә. - ау б. па, пе
ІІІ нұсқа
1. Жекіру одағайды белгіле
а. тәйт ә. уһ б. кә -кә
2.Септеулік шылауды тап.
Достарыңызбен бөлісу: |