21.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет.
а. Амантайды Балтабек танығанымен, Ботагөз танымайтын еді. ә. Ол кітаптың бірінші бетін ашып жіберіп, сабағына көз салды. б. Оқытушы беделді болу үшін, ол ғылымды меңгеру керек. в. Үйдің іші суық, өйткені от әлі жағылған жоқ
22. Құрмалас сөйлемді тап.
а. Ол күндегі әдетінше ерте тұрды. ә. Олар асықпай, аяңдап келе жатыр б. Көзінен жасы ыршып шықты в. Ербол Тоқжанды апарып тастады да, өзі қайта шауып кетті.
23.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет.
а. Ауа райы жылы болды, бірақ жауын - шашын болды. ә. Мектепке ерте жету үшін, оқушылар тез жүрді. б. Мен қазақтармен қазақша сөйлеу үшін, қазақ тілін үйрендім.
в. Үйдің іші суық, өйткені от әлі жағылған жоқ
24.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет.
а. Қыс қыстаулары басқа болғанымен де, жаз көбіне бірігіп отырады. ә. Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды. б. Көзге қораштау көрінгенімен, бұл кісі елге танымал. в. Ауа райы жылы болды, бірақ жауын- шашын болды.
Достарыңызбен бөлісу: |