Қазақ тілінен емтихан билеттері Қазақ тілінен ашық сабақтар №1-билет



бет6/9
Дата29.04.2022
өлшемі99,43 Kb.
#141326
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
қазақ тілі

Қазақ тілінен емтихан билеттері


Билет №1
1.Дауысты және дауссыз дыбыстар. ( 5 бет). «Әліппе» сөзіне фонетикалық талдау жаса
2.« Менің отбасым » тақырыбы бойынша диалог құрастыру.
Билет №2
1. Үндестік заңы ( 5 бет). Жуан және жіңішке буынды сөздерге мысал келтіріп жаз.
2. «Отбасымның демалысы» тақырыбы бойынша диалог құрастыру.
Билет №3.
1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. ( 22 бет) .Берілген сөйлемдерде сөздердің тура және ауспалы мағыналарын анықта. ( 3 тап. 29 бет)
2. Мәтінді қазақ тіліне аудар. «Подруги» ( 27 бет).
Билет № 4
1.Сөз. Сөз тіркесі. (35 бет). Сызба бойынша сөз тіркестерді құра. ( 2 тапсырма 34 бет.)
2. Өз мектебің туралы әңгімеле.
Билет № 5
1. Сөйлем. Сөйлем.түрлері ( 35бет).Тыныс белгілерін дұрыс қойып жаз. ( 4 тапсырма 35 бет)
2. «Спортшы Бейбіт» мәтінді оқып,аударыңдар ( 36 бет)..
Билет № 6
1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. ( 50 бет). Сөйлемдерді дұрыс құраңдар. ( 3 тап. 50 бет)
2. «Қыркүйек» мәтінің мазмұнын айту. ( 51 бет).
Билет № 7
1. Септіктер. ( 61 бет). «Мектеп» сөзін септе.
2. «Күнтізбе» мәтіні бойынша сұрақтар құраңдар. ( 1 тапсырма 60 бет).
Билет № 8
1. Көмекші есімдер. ( 71 бет)
2. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар. ( 72 бет)
Билет № 9
1. Зат есімнің жіктік жалғауы. ( 86 бет)
2. Берілген сөзді жіктеңіз. Дәрігер, заңгер, ұстаз.
Билет № 10
1. Қазақ тілі туралы әңгімелеңіз.
2.. Отан туралы мақал - мәтелдерді айтыңыз. Мақалдың бір сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
Билет № 11
1.Зат есім . ( 100 бет). Берілген сөздерді жалқы және жалпы деп ажыратыңдар. ( 4 тапсырма 101 бет).
2. «Менің сүйікті мектебім» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
Билет № 12
1. Есімдік. ( 113 бет). Берілген сөздерден есімдіктерді теріп жазыңдар. 
2. «Бурабай» мәтінін оқып, аударыңдар.( 117 бет)
Билет № 13
1. Салыстырмалы, күшейтпелі шырай ( 121 бет)
2. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар ( табиғат, орман)
Билет № 14
1. Сын есімнің шырайлары. ( 119 бет). 
2. Мына сөздерден салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасаңдар: биік, ұсақ, толық, қорқақ.
Билет № 15
1. Етістік. ( 127-128 бет)
2. «Үй жануарлары» тақырыбына диалог құрастырып, етістіктің астын сызыңдар.
Билет № 16
1. Тұйық етістік. ( 128 бет)
2. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар: негізгі,туынды етістік. ( 4 тапсырма 128 бет)
Билет № 17
1. Етістіктің шақтары. (132 бет)
2. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді нақ осы шаққа қойып,жазыңдар. (3 тапсырма 133 бет)
Билет №18
1. Етістіктің райлары. ( 138 бет)
2. «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбы бойынша диалог құрастырып, етістіктің райларын көрсетіңдер.
Билет № 19
1. Сөйлем мүшелері. ( 149 бет)
2. Жіктік жалғауы бар сөздердің жағын анықта:ойнайсыңдар, оқушысың, баламын, ойындарымыз.
Билет № 20
1. Тұрлаулы мүшелер. ( 149 бет)
2. «Қазақтың дастарқаны» мәтнін оқып, аударыңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар. ( 150 бет)
Билет № 21
1. Тұрлаусыз мүшелер. ( 149 бет)
2. Астана қаласы туралы әңгімеле.Тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңдар.
Билет № 22
1. Үстеу. (157 бет )
2. Мына етістіктерден сөйлемдер жасаңыз: көрдім, ұнатамын, барамын, жолдаймын.
Билет № 23
1. Жедел өткен шақ. ( 133 бет) 
2. «Мейірім» мәтіннің мазмұнын әңгімелеңдер. Жедел өткен шақтың көрсетіңдер. ( 133 бет)
Билет № 24
1. Ауыспалы келер шақ.
2. Мына сөздердің шақтарын анықта: отырмын, келемін, бардым, жатырмын, тұр, келді.
Билет № 25
1. Дауысты дыбыстардың жіктелуі (5 бет)
2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз . Ағаш, дәптер,ұстаз
Билет № 3
3. Мәтінді қазақ тіліне аудар. «Подруги»
Жанар и Алия- подруги. Они учатся в одной школе, в одном классе. Они-отличники учебы. Они активно участвуют в школьной жизни, уважают старших, помогают младшим. Родители гордятся ими. 
Билет № 5
2. «Спортшы Бейбіт» мәтінді оқып,аударыңдар.
Бейбіт- сыныптағы балалардың ең кішісі әрі нәзігі,. Мұнысы, әсіресе, дене шынықтыру сбағында аңғаратын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Онысына өзі де намыстанытын.
Тез өсіп, үлкен болу-оның арманы еді. Ағалары ауланың бұрышына турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып, ақырында ұршықтай айналатын болды. Дене шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды.Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.
Билет № 6
2. «Қыркүйек» мәтінің мазмұнын айту.
Қыркүйек –күздің бірінші айы. Бұл суық түсті, жайлаудағы мал келді деген мағынада айтылады. Ауа салқындай бастайды. Шық түседі. Қайтқан құстардың тобы көбейеді. Қыркүйектің жиырма екісінде күн мен түннің ұзақтығы теңеледі.
Билет № 7
2. «Күнтізбе» мәтіні бойынша сұрақтар құраңдар.
Күнтізбеге ай аттары, күндер, апта атаулары, мереке күндер кіреді. Күнтізбе 365 күннен тұрады. Ай аттары: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. Апта атаулары: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі. 
Күнтізбелер әр түрлі болады. Мысалы: қабырға күнтізбесі, үстел күнтізбесі, қалта күнтізбесі, тағы басқа.
Билет № 8
2. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.
Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бойы........ ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты........ орналасқан. Мектептің қасы........ үлкен саябақ бар. Саябақтың іші........ қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы........ жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты....... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды..... әдемі гүлдер егілген. 
Билет № 9
2. Берілген сөзді жіктеңіз. Дәрігер, заңгер, ұстаз, құрылысшы, есепші, етікші, үй шаруашысы.
Билет № 12
2. «Бурабай» мәтінін оқып, аударыңдар.
Бурабай-Көкшетаудағы әдемі көл. Оның суы тұщы, мөлдір. Көлдің айналасы- қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза. Табиғатты ерекше. Сол себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары бар. Бурабайдың табиғатты туралы көп өлеңдкр, әңгімелер жазылған.
Билет № 13
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар ( табиғат, орман)
Билет № 14
2. Берілген сөздерді септеңдер ( аңшы, көктем)
Билет № 16
2. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар: негзгі,туынды етістік
Ақта, бар, сана, қызық, тіле, бағу, көшу, тазала, тұзда, жүр, өт, бөл, ақылдас, қыста.
Билет № 17
2. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді нақ осы шаққа қойып,жазыңдар.
Біздің 6- сынып мектеп ауласында әр түрлі ағаш екті. Ұлдар әр жерден шұңқыр қазды. Қыздар ағаштарды отырғызды. Жоғары сынып оқушылары бізге көмектесті. Олар шелекпен су әкелді. Біз ол суды ағаштарға құйдық, Сынып жетекшімізге біздің жұмысымыз ұнады.
Билет № 20
2. «Қазақтың дастарқаны» мәтнін оқып, аударыңдар
Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастақаннан аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады. Сүт тағамдары- ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағамдар-тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары-бауырсақ, шелпек. 
Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды. 
Билет № 23
2. «Мейірім» мәтіннің мазмұнын әңгімелеңдер.
Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын.
Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден мейірім күтіп ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді.
Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеді. 
-Неткен сұлу едің?-деді Күн.
-Сен де,-деді Мұз.
Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты........
Билет №3.
.Берілген сөйлемдерде сөздердің тура және ауспалы мағыналарын анықта. ( 3 тап. 29 бет)
Досымның қасы қара, көзі қарақаттай мөлдір. Дәстүр бойынша қара шаңырақ кіші ұлға қалдырылады.Солтүстіктен суық жел соқты. Суық хабарды естіп, оның көңілі бұзылды.
Асқардың мінезі жеңіл. Балалар жеңіл киім киді.
Билет № 4
1.Сызба бойынша сөз тіркестерді құра. 
Зат есім + етістік, сан есім+ зат есім, сын есім+ зат есім
Билет № 5
1. Тыныс белгілерін дұрыс қойып жаз. 
1.Сабағыңды оқыдың ба 2. Қазақ тілі кабинеті екінші қабатта 3. Ұлыстың күні құтты болсын 4. Күн қандай тамаша 5. Тез алаңға шығыңдар.
Билет № 11
1. Берілген сөздерді жалқы және жалпы деп ажыратыңдар. 
Әже, Астана, мектеп, «Егемен Қазақстан», атамекен, Әулиекөл, шана, қала
Билет № 12
1.Берілген сөздерден есімдіктерді теріп жазыңдар. 
Мен, адам, сенің, ешкім, бақшаға, бәрі, анасының, балам, түгел.
Билет № 16
1. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар: негізгі,туынды етістік. ( 4 тапсырма 128 бет)
Ақта, бар, сана, қызық, тіле, бағу, көшу, тазала, тұзда, жүр, өт, бөл, ақылдас, қыста.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет