Әдебиеттегі Эссе
– соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой
теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін
туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние
құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе
табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі
композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші
интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын,
өмір
саяхатындағы
көрген-білетін,
сезінген-түйгенін,
тәжірибелерін
жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл
болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын
жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау
саларлық байламдар тән.
Мазмұны:
1
Эссенің түрлері
2
Эссе құрылымы
3
Эссенің құрылымдық бөліктері
4
Дереккөздер
Эссенің түрлері
Салыстырмалы эссе
Пайымдық эссе
Көркем-әдеби эссе
Эссе құрылымы
Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді
зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты
білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына
үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді
және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын,
ғылыми-көпшілік,
баллетристикалық
сипатта
болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |