5 - қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз. Мәтін тезисін бекітуге
көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және
дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын
баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз
жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз.
Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді
байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
6 - қадам. Қорытынды жазыңыз. Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап,
оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз.
Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз
қалды?
7 - қадам. Кіріспені жазыңыз. Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған
соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені
түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі
қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл
эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны
сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша
шолумен бекітіңіз.