Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы



Pdf көрінісі
бет26/57
Дата14.04.2022
өлшемі1,13 Mb.
#139280
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
эссе жазуға көмекКІТАП

Күз мезгілі 
Табиғаттың маған ұнайтын мезгілі -күз.Күз суреті ерекше қайталанбас 
бояуларға толы.Жиі жауған жауынға да,суық ауа райына да қарамастан, 
күзді қатты ұнатамын.Ағаштар жапырақтарынан айырылып,мұңды күй 
кешеді.Жел ұшырған сары жапырақтар аяғыңның астына төселген оюлы 
кілемдей.Олар біріне- бірі ұқсамайды.Айналаң түгел сары алтынға 
малынған,әсіресе орман ішіне кірсең,керемет бір ертегілер әлеміндегі 
алтын сарайда тұрғандай әсер аласың.Мүмкін сол алтын сарайдың іші де 
күздің суығындай салқын болған шығар сырты сұлу болғанмен,кім 
білсін...
Жаз түні 
Орман,тоғай,тау мен тастың барлығы да адамзат үшін жаратылған.Сонда 
да жаз түні мен үшін жаралғандай.Неге десеңіз,жаздыгүні түнгі аспанға 
қараудан еш жалыққан емеспін.Жұлдыздар жымыңдасып,көңілімді 


33 
серпілтеді.Ай болса,айналаның бәрін өзінің күміс нұрына аямай 
орап,дүниенің сұлу екендігіне әлемнің көзін жеткізуге жалықпастан, таң 
атқанша тапжылмастан дөңгеленеді де тұрады.Осы әдемі сұлулықты 
қимағандықтан ба екен,жаздың онсыз да қысқа түні мен үшін тіптен аз. 
Себебі өзіме ең қымбат әрі аяулы бейтаныс аруыммен сырласып 
үлгермей қалғандай күй кешемін. 
Көктемім 
Көктем - табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуы.Бірақ күн райы 
құбылмалы:жаңбыр жауып,бұлт қара үңгірдей болып тұрса,бір адамның 
қатты ренжіп,жылап отырғанына ұқсайды.Ал күн жарқырап,адамның бәрі 
күн шуағына шомылып жатса,менің де көңілім жадырай түседі.Күнмен 
бірге ерте оянып,күн сәулесінен ерекше қуат алып,осы өмірде аман 
жүргеніме риза бола түсемін!Оның үстіне көктем мезгілі- менің жарық 
дүниеге келгенде,табиғат-анамен алғаш танысқан сүйікті мезгілім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет