Жетістіктер.
жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараттары, өздігімен анықтаған заңдылықтары),
ең ұтымды шыққан жұмыстары,
марапаттаулары.
Ой-толғаныс.
пәнді оқу/игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғанысы,
өзінің ой-толғаныстарын көрсететін әрекеттерді сипаттау (сабақ талдау, пікірталас ұйымдастыру, интервью мәтіндерін келтіру, сауалнамаларға жауаптары),
өзін-өзі бағалау,
өз жұмысы туралы есептері,
оқу процесі туралы ой-толғаныстары (эсселер, хаттар, пікірлер).
Портфолионы бағалау критерийлері
Критерийлер
|
Жоғарғы бал
|
Барлық бөлімдер келтірілген
|
2
|
Өздігімен қосымша бөлімдер кіргізу
|
5
|
Портфолионы құрастыруда зерттеу әдістерін қолдану
|
10
|
Портфолионы құрастырудағы өзінділік пен дербестік
|
10
|
Материалдарды безендіру
|
8
|
Портфолионың студент үшін пайдасы, қорытынды жасау
|
10
|
Бірге оқитын жолдастарының пікірлері
|
5
|
Ой-толғанысқа негізделген материалдар
|
10
|
Портфолионы таныстыру (жариялау, презентациялау)
|
10
|
Барлығы
|
70
|
«Өте жақсы» - 60 балдан 70 балға дейін
«Жақсы» - 50 балдан 60 балға дейін
«Қанағаттанарлық» - 40 балдан 50 балға дейін
«Қанағаттанарлықсыз» - 40 балдан төмен
Ағымдағы бақылауда (әр сабақта) қолданатын жазу тәсілдері Жазу дегеніміз жаңа нәрсе құрастыру, ол - конструктивтік әрекет,
шығармашылық. Жазу деструкцияға, яғни қиратуға, жоюға, бұзуға қарама-қарсы, ал конструктивизм (жаңаны құрастыру) мүмкін адамның ең басты адами қасиеті шығар. Жазғанда біз шығарушымыз, жаратушымыз, тудырушымыз. Жаңа нәрсені, туындыны дүниеге әкелу бақыты бізге жаратылысымыздан берілген болар. Оның дәлелі ретінде осы әрекеттің ерекше бағаланатындығын келтірер едім.
Шындығында да біз шығара білетін адамды қастерлейміз емес пе? Адам қолынан шыққан туындыға тамсанамыз, ол біздің эстетикалық сезімдерімізге мейлінше әсер етеді. Онымен таныса отырып, біз өзімізді бүткіл адамзаттың бір бөлігі
ретінде, бүкіл адамзатқа қатысымызды сезінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |