Студенттер сабақ тақырыбы бойынша айқындалған проблеманы шешу жолдарын бірлесе отырып талқылағаннан кейін, оларға өзіндік ұстанымдарын жазбаша
келтіруді тапсыруға болады. Бұл жұмысты орындағанда студенттер келесідей
мәселелерді жазудың құрамдас бөліктері ретінде қарастыруы керек:
Проблеманы айқындау (сипаттау) – тұлға аралық немесе өндірістік қатынастарда туындайтын қиыншылықтар, жанжалдар;
Проблеманың себептерін анықтау;
Проблеманы шешу жолдарын көрсету;
Дәлелдер келтіру (негіздеу) – проблеманы мұндай жолмен шешудің пайдасы мен артықшылықтарын сипаттау.
Бұл жұмысты келесідей кесте көмегімен орындауға да болады: