Сабақ аяғында студенттер бірнеше сұраққа (2-3 сұрақ) жазбаша жауап береді. Ол сұрақтар (немесе тапсырмалар) сабақты қорытындылап, студенттің алған білімін, сабақтың қалай өткендігін бағалайды:
Бүгін не үйрендіңіздер?
Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек?
Сабақ қызық өтті ме?
Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?
Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
Осы тақырып бойынша тағы да қандай ақпарат көздерін оқисыз?
Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?
Келесі сабақта бүгінгі сабақпен салыстырғанда, азырақ ... (ұсыныстарыңыз).
Келесі сабақта бүгінгі сабақпен салыстырғанда, көбірек ... (ұсыныстарыңыз).