Қаржылық дағдарыстың пайда болуын АҚШ Федералды резерв жүйесінің тауармен (алтынмен) қамтамасыздырылмаған долларды шектеусіз шығарумен байланыстыруға бола ма?
Бүкіл әлемде ипотекалық несиелеудің кемшіліктері қаржылық дағдарысқа әкеліп соқтырды ма?
Егер АҚШ қаржылық жүйесі оңалатын болса, бұл дүниежүзілік экономиканың дамуына әкеле ме?
Қазіргі қаржылық дағдарыстың 1929 жылғы Ұлы депрессиямен ұқсастықтары мен
айырмашылықтары қандай?
Қаржылық дағдарыс әлемдегі саяси жүйенің (Әлемдік геосаясаттың) өзгеруіне алып келе ме?
Қазақстанда өкімет дағдарыстан шығу үшін қандай іс-әрекеттер атқаруда және олар игі нәтиже бере ме?
Қазақстанда қаржылық дағдарыс қарапайым адамдарға, оның ішінде ауыл тұрғындарына қандай әсерін тигізуі мүмкін?
«Дербес пікір» тәсілі
Студенттерге сабақ соңында 7-8 минут ішінде қарастырылған мәселе бойынша келесідей құрылымдағы жазба жұмысын ұсынуға болады:
Өзіндік пікір (ой, идея).
Дәлел.
Өз пікірін айғақтайтын мысал
Өз пікіріне қарсы дәлел
Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал.
Қорытынды.
Мұндай жұмысты орындауда әрбір жауаптың қанша сөйлеммен берілу керектігін де көрсетуге болады:
Өзіндік пікір (ой, идея) – бір сөйлем.
Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.
Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.
Өз пікіріне қарсы дәлел – бір сөйлем.
Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – бір сөйлем.
Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.
Сонымен бұл жұмысты небәрі 9 сөйлеммен жазуға болады.