Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу



бет10/26
Дата30.11.2022
өлшемі86,69 Kb.
#160472
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
учебное пособие

Зат есімнің септелуі.

1-жаттығу. Сөйлемді көшіріп, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

Мен үйден шықтым да, мектепке бардым. Сыныпта сабақ оқыдық. Асқар сөмкесінен оқу құралдарын алды. Мектепке кіру керек. Мектепте білім алу керек. Менде әдемі ертегі кітап бар. Түрлі-түсті қарындаштармен сурет салдым.



2-жаттығу. Мақалды көшіріл жазып, өнер сөздің өлеңнің әр жолында қалай өзгергенін айтыңдар.

Өнер- еңбектің жемісі.


Өнерді ешкім біліп тұмайды.

Өнердің салған өрнегін


Шебердей жақсы көремін.
(Ө.Тұрманжанов.)

3-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

Республикадағы мемлекет тіл- қазақ тілі. Сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару орындарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілі мен тең қолданылады.
Қазақстан Республикасының Парламенті бар. Ол Сенат және Мәжіліс деп аталатын екі Палатадан тұрады. Парламент заң шығару қызметін жүзеге асырады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді. Үкіметті Премьер-Министр басқарады. Конституциялық Кеңес заңдардың орындалуын бақылайды.

4-жаттығу. Жұмбақты және оның шешуін көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын ажыратыңдар.

Жұмбақ.
Еңбекте бір өлшемге бағынасың..
Сол өлшеммен сертіңнен табыласың.
Егерде бас әрпін оқымасаң,
Айтасың қателіктің мағынасын.
(Сағат.)
5-жаттығу. Төмендегі сөздерді септеңдер.
Полиглот, дүние жүзі, ғаламтор, шетел тілдері, Отан, мекеме.
6-жаттығу. 1.Мақал-мәтелді көшіріп жазып, атау септіктегі сөздің астын сызыңдар. Оған сұрақ қойыңдар.

Мектеп-білім бесігі,


Кітап-ғылым есігі.
Білім-өмір шырағы,
Оқу -білім бұлағы.
2. Мақал-мәтелді жаттап алыңдар.

7-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ілік септікте тұрған сөздердің астын сызыңдар.

Арғы атамыз.
«Арғы атамыз Шыңғысхан жердің жүзін, күннің көзін билепті деседі. Одан кейінгі атамыз Жошы хан ордасын алтыннан тігіп,қазақ елі түгіл, Еділ-жайықтың бойына бұйрығын жүргізген.
Абылай атамыз қанатын Орта жүзден асыра жайып, үш жүздің басын қайта қосқан. Одан кейінгі атан - Уәли. Хандық дәрежесінің біз жеткен сілімтірі – менің қолымда тұрған аға сұлтандық», - деді Шыңғыс Шоқанға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет