Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу


-жаттығу. Жұмбақты, оның шешуін оқындар, зат есімді тауып, түбір күйінде айтыңдар. Жұмбақ



бет6/26
Дата30.11.2022
өлшемі86,69 Kb.
#160472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
учебное пособие

4-жаттығу. Жұмбақты, оның шешуін оқындар, зат есімді тауып, түбір күйінде айтыңдар.

Жұмбақ.

Шапаным да тоным да


Даланың жүр жоныгда.
Атам сонын сонында,
Таяғы бар қолында.
(Қой.)

5-жаттығу. Төмендегі сөздерді көшіріп жазыңдар, оған ауызша сұрақ қойыңдар.

Аққу, асфальт, велосипед, вожатый, геолог, кереует, космонавт, медаль, подъезд, хат, пошта, троллейбус, ғаламтор, компьютер, Толағай, оқытушы, бапкер.




6-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Кісі, жер-су аттарын көшіріңдер.

Соғыстын түтеп тұрған кезі. Алматыдағы Жамбыл атындағы № 18 мектептің үшінші класс оқушысы Рашид Ғиззатов шиқылдақ көне столда қзақ шұқшиды. Алдында ұмаждалып, тозағы жеткен газет бетіндегі жолдардың арасына әр әрпін анық, көркем етіп түсіру үшін бар өнерін салып, хат жазып отыр.


(С.Әлиевтен.)

7-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.

Каспий теңізі.

Кспи... тең...зі Қазақста...ның батысында. Каспий балыққ... бай. Ау...л тұрғындары Каспийден


балық а...лайды. Каспийге Жай...қ, Вол...а өзендері құ...ды. Бұл өзендердің ағысы қа...ты.

8-жаттығу. Төменде берілген мәтіннен күрделі зат есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарына талдау жасаңдар.

1. Ақтөбе, Қызылорда станцияларында перронға шығып, таза ауада болдық. 2. Арал теңізі қазіргі кезде экологиялық апатты аймаққа айналып отыр. 3. Сізге көп рахмет, бала-шағаңыз аман болсын. 4. Қазақстан Республикасы – БҰҰ-ға мүше елдердің бірі. 5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас», - деген еді.



9-жаттығу. Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңдар. Күрделі зат есімдерді анықтандар.

Ата-ана/ әрдайым/ бала/ болашағы/ ойлау.


Келесі/ апта/ сабақ/ кесте/ өзгерту.
Жарқанат/ тек/ қараңғы/ ұшу.
Ол/ тоғызқұмалақ/ ойын/ жақсы/ білу.

10-жаттығу. Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

Меценат/ ұғым/ қазақ халқы/ бар/ бұрын.


Дәулет адамдар/ әнші, ақын, өнер адамы/ көмек/ көрсету.
Шүлен/ дәстүр/ Тәуелсіз Қазақстан/ жалғасын/ табу.
Жыл сайын/ өнер, әдебиет, ғылым/ үздік табыс/ жету/ азамат/ «Тарлан» сыйлығын беру.

11-жаттығу. Тірек сөздерді қолданып сөйлем құрастырыңдар.

Халық, өмір, бай, ел, дәстүр, өз салтын, сақтау, ұрпақ, қонақжай, сыбаға, өнер, домбыра, жомарт, пейілі кең, шүлен тарату, ата-баба, бата беру, білу, керек, ұлт, ерекшелік.



12-жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрап жазыңдар, зат есім сөздерге сұрақ қойыңдар.

Бәйгеге қатысу, қазақ елінде, ерекше дәстүр, шағын киіз үй, әнді сүйемелдеу, үздік табыс, домбыра аспабы, күй атасы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет