Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу


-жаттығу. 1. Жұмбақты және оның шешуін оқып, көшіріп жазыңдар. Жұмбақ



бет5/26
Дата30.11.2022
өлшемі86,69 Kb.
#160472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
учебное пособие

7-жаттығу. 1. Жұмбақты және оның шешуін оқып, көшіріп жазыңдар.

Жұмбақ
Үлп-үлп етіп тымағы,
Желп-желп етіп құлағы
Суды кешіп тұрады.
(Құрақ.)
2.Қос сөздердің астын сызындар.

8-жаттығу. Төмендегі қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

Сап-сары жапырақ. Мая-мая шөп. Бес-алты бала. Әп-әдемі сынып.



9-жаттығу. 1. Төмендегі сөйлемдерді оқып, қос сөздерді табыңдар.

Бөтен үйдің босағасына жаңа жеткен су жаңа бәтеңке жан-жағына тосырқай қарады. Өңшен ұсқынсыз, ескі-құсқы аяқ киімдер табалдырық жақ төр үйге қарай шашылып жатыр. Қалай болса, солай үйме-жүйме боп жатқан мұндай аяқ киімдерді бұрын көрмеген жаңа бәтеңке таң қалды. (С.Жүнісовтен.)


2. мазмұның түсіндіріңдер.

10-жаттығу. Төмендегі сөздер неше түбірден жасалып тұрғанын айтыңдар.

Күншығыс, кемпірауыз, Белгібайұлы, Жетіқарақшы, Қызылқұм, баспасөз, жауынқұрт, теледидар, Қазақконцерт.



11-жаттығу. Төмендегі сөздерді кестеге орналастыр.

Ата-баба, кезек –кезек, тау-тас, күте-күте, быт-шыт, тап-таза, қырқа-қырқа, іркес-тіркес, тып-тыныш, салдыр-гүлдір, үп-үлкен, жап-жасыл, ағайын-туыс, шаршап-шалғып, жүре-жүре.



Зат есім
1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, зат есімді атаңдар. Олардың түбірін тауып, сұрақ қойыңдар.

Бір топ бала Ақшабындыққа экскурсияға бардық. Бізді мұғалім бастап апарды. Біз шабындық жерді аралап көрдік. Алдымыздан бір бөдене пыр етіп ұшты. Күлшат қорқып қалды. Біз бөдененін ұшқан жерін қарадық. Оның балапандары бар екен. Оған тимедік.



2-жаттығу. 1. Мақалды көшіріп жазыңдар. 2. зат есімнің астын сызыңдар

Мақал.

Өнерлінің жолы кең.


Құс болып аспанға да ұшады,
Балық болып суда да жүзеді

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, кісі, жер аттарының қалай жазылып тұрғаның айтыңдар.

Мен Жұматай ағайдың сөзіне жөнді мән беоргенжоқпын. Міне, машинада от алды. Екеуіміз жолға шықтық.- Біз қайда барамыз, аға?- деп сұрадым. –Сарышұбар қырқасына барамыз. Сенің жолдастарың темір жинап жүр. Соны мектепке жеткізіп береміз.

(М.Етекбаев.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет