2-жаттығу. 1. Жұмбақты оқып шешіңдер. Сан есімдерге сұрақ қойыңдар.
Жұмбақ.
Бірінші әріп көзде бар, мұрында жоқ,
Екінші әріп тісте бар, бұрымда жоқ.
Үшінші әріп бетте бар, білекте жоқ,
Төртінші әріп – жүректе, құлақта жоқ,
«П» әрпі – бесінші ақырғысы
Жұмбақ шешкіш - баланың ақылдасы.
(Кітап.)
2. Сан есімдерді ретімен бөлек көшіріңдер.
3-жаттығу.Төмендегі сан есім, зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.
Қырық бір ұялы телефон, он төрт озат оқушы, екі жүз сексен алты шақырым, жүз қырық төрт жәшік, жиырма үш планшет.
4-жаттығу. Анаграмманы шешіңдер. Сан есімдерді сөз құрамына талдаңдар.
Бірінші менің бөлігім –
Шұңқырмын – екі-ақ әріппін.
Екінші менің бөлігім –
Бір түсті жұртқа таныттым.
Екуін қосақ жөнімен,
Орасынң шөпті онымен.
(Мұзафар Әлімбай.)
5-жаттығу. Сөйлемдердегі сан есімдерді сөзге айналдырып көшіріп жазыңдар. Сан есімдердің астын сызыңдар, дара немесе күрделі екнін айтыңдар.
1. Кит –ең ірі жануар. Оның ұзындығы 30 метр, салмағы 120 тоннадай болады. 2. Тұйеқұс сағатына 120 километр жүгіреді. 3. Айдың көлемі Жерден 50 есеге жуық кіші. 4. Емен өте ұзақ, яғни мың жылға дейін жасайды. 5. Жусанның Қазақстанда 18 түрі белгілі.
6-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазыңдар. 1.Сан есімдердің түрін айтыңдар. 2. Жаңылтпаштың астындағы сұраққа жауап беріңдер.
Жүз қырық үш қызғыш құсқа
Жүз қырық үш қызғышқұс қосса,
Қанша қызғыш құс болады.
7-жаттығу. Сан есімдерді бір бөлек, сын есімдерді бір бөлек топтастырыңдар. Бұлардың бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін айтыңдар.
Жасыл, адам, екі, үшінші, дәмдә, кең, өзен, ұшты, жүз жеті, биік, жүзді, көңілді, жеті, сексен алты, терек.
8-жаттығу. Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.
1. Кенен – айтыс ақыны. Ол 16 жасынан-ақ белгілі ақындармен айтысқа түскен. 2. Жер бетіндегі ең терең көл – Байкал көлі. Оның тереңдігі 1637 метрден асады. 3. Құлан сағатына 70 километр жылдамдықпен жүгіре алады. 4. Қазақстанда теректің 18 түрі өсіріледі. 5. Қажымұқан Мұңайтпасов 26 мемлекетте болған. Ол 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған. Қажымұқанға 1927 жылы «Қазақ даласының батыры» атағы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |