Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу


-жаттығу. Берілген сөздерден ребус құрастырыңдар. Жетісу, Екібастұз, бірлік, жүйрік ат. 11-жаттығу



бет15/26
Дата30.11.2022
өлшемі86,69 Kb.
#160472
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
учебное пособие

9-жаттығу. Берілген сөздерден ребус құрастырыңдар.

Жетісу, Екібастұз, бірлік, жүйрік ат.




11-жаттығу. Өлеңді оқып шығыңдар, қарамен жазылған сөздердің түбірін тауып, оған сұрақ қойыңдар.
«Бір» мен «екі» алмаңдар,
«Үшке» алданып қалмаңдар!
Кілең «төрт» алғаңдар
«Бесті» ғана армандар.


12-жаттығу. Жұмбақты шешіңдер, сан есімнің түрін анықтаңдар.

Ағайынды екеу болыпты,


Екеуі қатар тұрыпты.
Ортасында тау болып
Бірін-бірі көрмепті.
Екеуінің орындайтын міндеті
Бір болыпты.

Есімдік.

1-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазыңдар. Есімдіктерді тауып сұрақ қойыңдар. Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңдар.

Ол аралда да марал,


Бұл аралда да марал.
От екен маралға арал, оттасын аралда марал.

2-жаттығу. 1.Мәтінді көшіріп жазыңдар. 2.есімдіктерге сұрақ қойыңдар. 3.Сөйлем мүшесіне талдаңдар. Сөйлемде есімдіктердің қандай мүше болып тұрғанын және қай сөзбен байланысқанын анықтаңдар.

Көктемде біз орманға бардық. Күн көтерілді. Самал жел соқты. Ормандағы ағаштар ән салып тұр. Әрқайсысы өз әнін шырқайды. Қайын өзінің мейрімді әніне басты. Емен ерлікті жыр етті. Бұл әнді естіп, тату дос, батыл ер болғымыз келеді


(В.Сухомлинский.)

3-жаттығу. Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құра.

Әркім, ешкім, ешқашан, ешқандай.



4-жаттығу. 1.Қарамен жазылған сөздерді тиісті жіктеу есімдіктерімен алмастырып, мәтінді көшіріп жаз.

Киіз үйге төселетін төсеніштің бірі –текемет. Текеметтің оюлы текемет, шашақты текемет, салбырама текемет сияқты түрлері бар. Текемет сырмақтан үлкен, енді болып келеді.

2.есімдіктер қай сөз табының орнына және не үшін жұмсалып тұрғанын дәлелде.

5-жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, есімдіктерді табыңдар. Олардың қай септікте тұрғанын айтыңдар.

Бала торғайдың осы мезеттегі қалпын байқап: «Сен бізбен қошташқалы келіп отырған сияқтысың-ау. Мен сенің не деп отырғаныңды мұңайған көзіңнен-ақ ұқтым. Сен жылы жаққа кетем деп отырсың ғой, ақсағым! Оның жөн. Сапарың оң болсын! Қош бол! Көктем шыққан соң қайтып кел, қарсы аламыз, саған арнап үй саламыз», - деп оны өзінше жылы сөзбен жұбатты.


(Ө.Тұрманжанов.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет