Қазақ тілінен тест тапсырмалары



бет4/5
Дата17.02.2018
өлшемі0,92 Mb.
#37746
1   2   3   4   5

С) толымды


D) хабарлы

Е) жақты


№ 110

«Қазір екеуі бір-біріне күле қарайды» деген сөйлемде «күле» сөзі қай сөйлем мүшесі?

А) бастауыш

В) баяндауыш


С) анықтауыш


D) толықтауыш

Е) пысықтауыш


№ 111

Атаулы сөйлемді табыңыз

А) Құстар биыл кеш келді

В) Еңбек түбі-береке


С) Таулары сондай әдемі, әрі биік!


D) Түн. Далада қар ұшқындап тұр.

Е) Кешке шейін қар тазалады.


№ 112

Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?

А) тұрлаулы

В) атаулы


С) жалаң


D) жайылма

Е) тұрлаусыз


№ 113

Жасырын тұрған табыс жалғаулы толықтауышты табыңыз

А) Ана сүтін ардақтау

В) қызмет ету


С) кітап алу


D) кітаптан оқу

Е) кітаппен танысу


№ 114

Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле

В) Өнер алды-қызыл тіл


С) Қызарып атқан таң


D) Оның институтқа түскісі келді

Е) Көзінен жасы ыршып шықты


№ 115

Жақты сөйлемді табыңыз

А) Мұның ауылда істемегені жоқ

В) Үлкендермен үлкендерше отыруға тырысады


С) Жаныңда жүр жақсы адам


D) Ойланбай, өзіңе-өзің есеп бермей сөйлесуге болмайды

Е) Сәуле күндегі әдетінше ерте тұрды


№ 116

Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетеңіз

А) жақсы кітап

В) үлкен силық

С) зор денсаулық

Д) ұзақ жиналыс

Е) аділ шешім
№ 117

Салыстырмалы шырайды көрсетеңіз

А) қып-қызыл алма

В) биік тау

С) әдемілеу көйлегі

Д) аса үлкен қала

Е) тіпті жақын екен
№ 118

Болжалдық сан есімді көрсетіңіз

А) мың бір сөз

В) үш-төрт бала

С) бесеуіміз барамыз

Д) қырықыншы орын

Е) жүзден аса
№ 119

Мезгіл үстеумен тіркескен тіркесті табыңыз

А) екеуімізді шақырды

В) кеше кешігіп келді

С) боска айтты

Д) жақсы адам

Е) аз-аздан же
№ 120

Тұйық етістікті көрсетіңіз

А) анау

В) қолдау



С) биіктеу

Д) тау


Е) біреу
№ 121

Көмектес септікте тұрған өздік есімдікті көрсетеңіз

А) өзім айттым

В) өзімнің ойым

С) өзіме тартқан

Д) өзгелеріне ерекше

Е) өзіммен бірге
№ 122

Барыс жалғаулы сөзбен тіркесетін септеулік шылауын көрсетіңіз

А) сенен кейің

В) сен үшін

С) сабақтан соң

Д) көпір арқылы

Е) институтқа дейін
№123

Бұйрық райында тұрған етістікті белгілеңіз

А) сен айтасың

В) ол кетсін

С) саған барғым келеді

Д) дұрыс айтса екен

Е) мен барсам
№ 124

Модаль сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз

А) Ұлжан сыншыл адам

В) Сергей маған көмектесті

С) Жолың болсын, Қуат

Д) Балалар далада жүр

Е) Шамасы, олар үйде жоқ
№ 125

Етістіктен жасалған зат есімді көрсетіңіз

А) тәртіптілік

В) балықшы

С) адамгершілік

Д) көрермен

Е) етікші
№ 126

Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз

А) өзі айтты

В) бүкіл адамзат

С) ешқашан ұмытылмайды

Д) сенің үйің

Е) біреу келді
№ 127

Зат есімнен жасалған туынды етістікті табыңыз

А) жыр жырлау

В) штанга көтеру

С) далаға шығу

Д) киімді тазалау

Е) киноға бару
№ 128

Нәтижелі өткен шақ түріндегі етістікті табыңыз

А) киноны көрерміз

В) әкесіне көмектесіп жүр

С) ісімді өзгерткім келді

Д) жақында жарық көрді

Е) ол жерге барған емеспін
№ 129

Бірігу арқылы жасалған үстеуді көрсетіңіз

А) бүкіл адамзат

В) биыл оқуға түстім

С) амалсыздан бардым

Д) бекер екен

Е) айнала таза екен
№ 130

Сын-бейне үстеулері қандай сұраққа жауап береді?

А) қалай? қайтіп?

В) неге? не үшін?

С) қашан? қашаннан бастап?

Д) қайда? қай?

Е) қашан? қашаннан?
№ 131

«Ашық» деген сөздің ауыспалы мағынада қолданылып тұрған жерін көрсетіңіз

А) ашық есік

В) ашық терезе

С) ашық мінез

Д) ашық желдеткіш

Е) ашық кітап
№ 132

Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз

А) астыртын айтты

В) соншама үлкен

С) едәуір түсіндім

Д) кеше кешке қарай

Е) текке барыппын
№ 133

Көмекші есімі бар сөйлемді табыңыз

А) су тереңдеу екен

В) тау биіргірек екен

С) үйдің алды тамаша

Д) сенен бұрын келдім

Е) көпір арқылы өттім
№ 134

Қарсылықты жалғаулықтарды көрсетіңіз

А) мен және сен барасын

В) біресе жаңбыр, біресе қар жауады

С) егер оқымасан, білімді адам болмайсын

Д) бірге барар едім, бірақ уақытым жоқ

Е) ұйықтап қалдым, сондықтан кешігіп келдім
№ 135

Туынды үстеуді көрсетіңіз

А) жасырын келді

В) әзер жетті

С) жаман емес

Д) үнемі дайын

Е) дереу кел
№ 136

Есімше тұлғалы етістікті көрсетіңіз

А) оқып отыр

В) отырған бала

С) бұрын оқығанмын

Д) кеше келіпті

Е) айтқалы отыр
№ 137

Мына сөздердің ішінен сілтеу есімдігі бар қатарды табыңыз

А) сол, бұл, осы

В) әлдекім, кейбіреу, өзім

С) ол, барлық, түгел

Д) менің, сенің, ешкім

Е) бәрі, барлық, барша
№ 138

Мезгіл үстеуді көрсетіңіз

А) ол отыр төменде

В) әрең келе жатыр

С) амалсыздан маған айтты

Д) нағыз ер жігіт

Е) былтыр ауылға бардым
№ 139

Көңіл-күй одағайын табыңыз

А) Ал, тұр!

В) Әттеген-ай, кешігіп қалдым!

С) Жә, тоқтат!

Д) Рақмет, Санжар!

Е) Кеш жарық!
№ 140

Сөйлем мүшесі – бастауыш, қандай сұрақтарға жауап береді?

А) Кім? Не?

В) Не істеді? Қайтті?

С) Қайда? Қашан?

Д) Қалай? Қанша?

Е) Неше? Қанша?
№ 141

Мағынасы жақын сөзді қойыңыз

Біз асханадан үш мезгіл....

А) көмектесеміз

В) шомыламыз

С) тамақтанамыз Д) сөйлесеміз

Е) жазамыз
№ 142

Сөйлемдердің қайсысында қате жіберілген?

А) Сабақтан кейін мен үйге қайтамын.

В) Беске қарай мен келесі сабақтарға дайындала бастаймын.

С) Алтыға дейін мен музыка тыңдаймын.

Д) Мен хат жаздық.

Е) Ауыл алыс емес.
№ 143

Қай сөз тіркесі «Надо запомнить» деген мағынаны береді?

А) жинау керек

В) есте сақтау керек

С) келісу керек

Д) үйрену керек

Е) бару керек
№ 144

«Иә, мен әлі үйленген жоқпын»-деген жауапқа қандай сұрақ қояр едіңіз?

А) Сен кімсің?

В) Сен қайда тұрасын?

С) Сен бойдақсың ба?

Д) Сенің есімің кім?

Е) Мынау не?
№ 145

Сөйлемді жалғастырыңыз: «Жаңа жылды адамдар...»

А) аязды болады

В) шырша орнатады

С) асыға күтеді

Д) қатты қуанады

Е) сыйлықтар таратады
№ 146

«Мен үйге дейін ... келемін» деген сөйлемге көп нүктенің орнына қай сөзді қоясыз?

А) трамваймен

В) сабақпен

С) киноға

Д) қонаққа

Е) ұшақпен
№ 147

Қай сөйлемде болжалдық сан есім қолданылған?

А) Бір жылдың ішінде он екі ай бар.

В) Жетеуден біреуін алса, алтау болады.

С) Ұшақ екіден жиырма минут кеткенде ұшады.

Д) Мен оны екі сағаттай күттім.

Е) Университетке дейін жиырма екінші автобус келеді.
№ 148

Берілген етістіктердің қайсысы нақ осы шақтың күрделі түріне жатады?

А) оған қарарсың

В) ауылға барамақсың

С) жақсы оқып жүрмін

Д) саған айттым

Е) олар жазды
№ 149

Болымсыз етістіктер қатарын көрсетіңіз

А) көрпе, кеспе, арпа

В) алма, бағдарлама, жоба

С) жолама, айтпа, сенбе

Д) тайпа, коспа, таңба

Е) бар, кел, үйрен
№ 150

Сұрау есімдіктерінен тұрған қатарды белгілеңіз

А) неше, қанша, қайдан

В) ешкім, ешбір, ештеме

С) біреу, кейбір, бірдеңе

Д) өзім, өзің, өздері

Е) бұл, осы, мынау
№ 151

Табыс септікте тұрған есімдікті көрсетіңіз

А) өзіме бер

В) олардан ал

С) ешкім келген жоқ

Д) бұнымен бірге

Е) мынаны апар
№ 152

Үкіметті кім басқарады?

А) Президент

В) Премьер-министр

С) Әкім

Д) Парламент



Е) Министр
№153

Теңгенің туған күні қашан?

А) 1990 15 қазан

В) 1991 15 қыркүйек

С) 1992 15 қаңтар

Д) 1993 15 қараша

Е) 1994 15 ақпан.
№ 154

Нәтижелі өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз

А) сөз еститінмін

В) көп оқыдым

С) мектеп бітіргенмін

Д) оған айтсам

Е) айылдан келдік
№ 155

Сын есімнен шыққан үстеулер қатарын белгілеңіз

А) қайта, жүрелей, жорта

В) босқа, жаңадан, ескіше

С) бірден, бірте-біртен, екі-екіден

Д) осылай, меніңше, өзінше

Е) күндіз, жатқа, шалқасынан
№ 156

Жалғаулық шылауы бар сөйлемді табыңыз

А) Бос уақытта мен кітап оқимын

В) Әсия мен Әсет сабаққа бірге дайындалады

С) Қазақ тілі - бай тіл

Д) Әр халықтың өз ана тілі бар

Е) Мен ұйықтап қалдым
№ 157

Қай сөйлемде көп нүктенің орнына -ші/-шы жұрнағын қоюға болады?

А) Біз онымен жүр...піз.

В) Ол менің жол...сым

С) Ол менімен қызмет...

Д) Менің әкем жүргізу...., шешем сауын....

Е) Мен жақсы көре...
№ 158

Жауабы белгілі- «Пойыз 10 минуттай кешігіп келді». Берлілген сұрақтардың арасынан керекті сұрақты табыңыз

А) Бұл станцияда пойыз қанша тұрады?

В) Пойыз кесте бойынша келді ме?

С) Келесі пойызға билет бар ма?

Д) Павлодардан Алматыға дейін тура баратын пойыз бар ма?

Е) Пойыз нешеде жүреді?
№ 159

Қай жауап мінезді білдіреді?

А) дәмді лағман

В) әсем қала

С) аққөңіл азамат

Д) кызыл көйлек

Е) қышқыл алма
№ 160

Қай қаланың жазылуында қате жіберілген?

А) Алматы

В) Қостанай

С) Жезказган

Д) Көкшетау

Е) Павлодар
№ 161

Мөлшер үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді?

А) Қалай? Қайтіп?

В) Не үшін? Не мақсатпен?

С) Неге? Не үшін?

Д) Қалайша? Қашан?

Е) Қанша? Қаншама?
№ 162

Анықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

А) Қандай? Қанша?

В) Кімнен? Неден?

С) Кімге? Неге?

Д) Қайда? Қайдан?

Е) Қалай? Қашан?
№ 163

Себеп-салдар жалғаулықтарың көрсетіңіз

А) да/де, та/те

В) әйтпесе, бірақ

С) не, немесе

Д) сондықтан, өйткені

Е) және, мен, бен, пен
№ 164

Қай қатардағы сөз жіктеліп тұр? Укажите слово с личным окончанием.

А) ақ орамал

В) жақсы сөйледім

С) қызық кітап

Д) ақылды жігіт

Е) қызыл алма
№ 165

Қай сөзге көптік жалғауы жалғанбайды?

А) сағат

В) киім


С) ауа

Д) жәндік

Е) алма
№ 1 66

Үнді дауыссыздар қатарын көрсетіңіз:

А) а,ә,б,г

В) б,в,г,д

С) к,п,с,т

D) р,у,й,м

Е) н,ң,қ,ш
№ 167

Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз:

А) б,в,д,ж,з

В) у,и,е,о,ө

С) х,ц,ш,щ,т

D) р,л,й,у,м

E) п,р,с,т,у

№ 168


Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз:

А) к,қ,п,с,т

В) б,в,г,ғ,д

С) й,у,м,н,ң

D) а,б,в,г,д

E) п,р,с,т,у

№ 169

Үндестік заңына бағынбай тұрған қосымшасы бар сөзді көрсетіңіз:



А) білгір

В) студенттер

С) білімпаз

D) білікті

Е) оқымысты
№ 170

Үндестік заңына сәйкес жалғанған қосымшалы сөзді табыңыз:

А) ақылдылыққа

В) сәнқой

С) өнерпаз

D) ағамдікі

Е) баламен
№ 171

Жалпы есміді табыңыз:

А) берші

В) Асқар

С) кетті

D) кітап


Е) -хана
№ 172

Қай сөйлемнің құрамында жалқы есімдер қатысқан:

А) Ертең мен емтихан тапсырамын.

В) Кеше неге келмедің?

С) Сіздің атыңыз кім?

D) Алақай, апам келе жатыр!

E) Әлия Семей қаласындағы Абай мұражайына барды.
№ 173

Шартты рай қатысқан сөйлемді көрсетіңіз:

А) Бүгін күн жылы.

В) Студенттер ғылыми конференцияға қатыспақ.

С) Егер менің тілімді алсаң, оған ешнәрсе айтпа.

D) Сәулеге түсіндергенмен ештеңе өзгермейді.

Е) Білімді бірді жығар, білекті бірді жығар.
№ 174

Түбір мен қосамшаның аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз:

А) Үмітбай, көзқарас

В) тұссыз, сөшшең

С) бар,кел

D) доп ойнау

Е) жылқыдан, достар
№ 175

Топтау сан есмідерін көрсетіңіз:

А) екіден, үш-үштен

В) жүз, мың

С) бірінші, бесінші

D) екіден-бір

Е) он шақты, жүз қаралы
№ 176

Болжалдық сан есімдерді көрсетіңіз:

А) он екі, жүз жиырма сегіз

В) оныншы, екінші

С) үшеу, бесеу

D) жүздеген, мыңдаған

Е) қырық-елуден, он-оннан
№ 177

Бөлшектік сан есімдар қатарын көрсетіңіз:

А) төрттен – бір, оннан-екі

В) қырық бес, алпыс екі

С) тоқсандай, ондарда

D) екіден, үштен

Е) бесінші сынып
№ 178

Сабақты етістік қатысқан сөйлемді табыңыз:

А) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

В) Келесі аптада апам да қаладан қайтпақ.

С) Әсет мектепке кетті.

D) Әжесіне де хат жазылды.

Е) Демалыс бітті, сабақ басталды.
№ 179

Салт етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз:

А) Кеше үйден хат келді.

В) Бетіңді жуған соң мына сүтті ішіп ал.

С) Сөзді сен баста.

D) Мына ақшаны керегіңе жұмса.

Е) Пиязды жақсылап қуырған соң етті де саларсың.
№ 180

Етістігі жедел өткен шақ тұлғасында тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ертеде бір қария болыпты.

B) Екінші сабақтан кейін үзіліс болады.

C) Баянауылға дейін автобуспен келдім.

D) Менің досым Алматыда тұрады.

Е) Кеше ерте тұрыппын.
№ 181

Етістігі қалау райда тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Мен келесі аптада Көкшетауға барамын.

B) Студенттер университетке бара жатыр.

C) Ертең маған келіп кетерсің.

D)Кеше қызықты кітап оқыдым

E) Ұлттық мұражайға барғым келеді.
№ 182

Сын есімнің салыстармалы шырай категориясында тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Мен келесі аптада Көкшетауға барамын.

B) Студенттер университетке бара жатыр.

C) Ертең маған әдемі көйлек алып берші.

D)Кеше қызықты кітап оқыдым

E) Ұлттық мұражай қалалық мұражайдан алысырақ орналасқан.
№ 183

Сын есімнің күшейтпелі шырайы қатысқан сөйлем қайсы?

A) Мен түсімде шымқай қызыл гүлдер көрдім.

B) Студенттер жақсы демалды.

C) Бүгін жақсы хабар әкел.

D)Кеше қызықты кітап оқыдым

E) Ұлттық мұражайға барғым келеді.
№ 184

Мезгіл үстеуі қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Мен Көкшетауға барамын.

B) Студенттер университетке бара жатыр.

C) Ертең маған келіп кетерсің.

D) Айнұр қызықты кітап оқыды.

E) Ұлттық мұражайға барғым келеді.
№ 185

Мекен үстеу қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Маған не бересің?

B) Машина ілгері тоқтады.

C) Бұл қалаға бірте-бірте үйреніп келемін.

D)Кеше қызықты кітап оқыдым.

E) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.
№ 186

Сын-қимыл үстеуі бар сөйлемді табыңыз.

A) Біз осында күте тұрамыз.

B) Сабақ үстінде ақырын сөйлеңіздер.

C) Университеттің бас корпусына жету үшін әжептәуір уақыт керек.

D) Ең бастысы сенің жақсы оқығаның.

E) Кеше саған бекер барыппын.
№ 187

Мөлшер үстеуі қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Мен келесі аптада Көкшетауға барамын.

B) Университет онша алыс емес.

C) Ертең маған келіп кетерсің.

D) Кеше қызықты кітап оқыдым

E) Ұлттық мұражай өте үлкен.
№ 188

Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз.

A) Біз осында күте тұрамыз.

B) Сабақ үстінде ақырын сөйлеңіздер.

C) Университеттің бас корпусына жету үшін әжептәуір уақыт керек.

D) Ең бастысы сенің жақсы оқығаның.

E) Кеше саған бекер барыппын.
№ 189

Мақсат үстеуі бар сөйлемді табыңыз.

A) Саған әдейілеп келдім.

B) Сабақ үстінде ақырын сөйлеңіздер.

C) Залда кілең студенттер отыр.

D) Жақсы оқыған студент мүлдем бөлек.

E) Көп томдық шығармаларды қызығып оқимын.
№ 190

Себеп-салдар үстеуі бар сөйлемді табыңыз.

A) Арман шарасыздан үйге қайтты.

B) Мына көрпе анамның өте бағалы дүниелерінің бірі.

C) Не істесең де бір амалын тап.

D) Бұрынғыша бәріміз жиналып әңгіме оқимыз.

E) Самал әрі-бері жүріп шаршады.
№ 191

Жай сөйлемді көрсет.

А) Үйіне қонақ келіп қалған соң, ешқайда бармады

В) Сенімен сөйлесу үшін, Берік саған телефон соқты

С) Сен оған айтқан соң, мен үндемедім

D) Күн жылы болғандықтан, балалар далада ойнады

Е) Абылай ақылды, шебер ұйымдастырушы, батыл қолбасшы, іскер дипломат, тілге шешен болған екен
№ 192

Бүгін бізде кесте ... қазақ тілі сабағы жоқ. Нүктенің орнына керекті шылауды қой.

А) туралы

В) кейін

С) дейін


D) бойынша

Е) өйткені


№ 193

Халқының саны он бес миллионнан асады. Бұл сөйлемде қай сөз бастауыш болады?

А) халқының

В) саны

С) он бес



D) миллионнан

Е) асады
№ 194



Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Бұл сөйлемде қай сөз мекен пысықтауыш болады?

А) ақылды, парасатты

В) Шоқан

С) әжесінің

D) бауырында

Е) өсті
№ 195



Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. Бұл сөйлемде қай сөз толықтауыш болады?

А) Шоқан


В) туған халқының

С) жақсы тұрмысқа

D) жетуін

Е) армандады


№ 196

Былтыр мен Мәскеуге саяхат жасадым. Бұл сөйлемде қай сөз мезгіл пысықтауыш болады?

А) былтыр

В) мен

С) Мәскеуге



D) саяхат

Е) жасадым


№ 197

Кеше біз үлкен жиналыс өткіздік. Бұл сөйлемде қай сөз баяндауыш болады?

А) кеше


В) біз

С) үлкен


D) жиналыс

Е) өткіздік


№ 198

Бүгін үйде жақын адамдар жиналады. Бұл сөйлемде қай сөз бастауыш болады?

А) бүгін


В) үйде

С) жақын


D) адамдар

Е) жиналады


№ 199

Мен өзіме тамаша кітап сатып алдым. Бұл сөйлемде қай сөз анықтауыш болады?

А) сатып алдым

В) мен

С) өзіме


D) тамаша

Е) кітап
№ 200



Ұшағымыз салқын ауаны қақ жарып ұшты. Бұл сөйлемде қай сөз толықтауыш болады?

А) ұшты


В) қақ жарып

С) ауаны


D) салқын

Е) ұшағымыз


№ 201

Алматының көңілді көшелері мен көрікті алаңдары төменде қалып барады. Бұл сөйлемде қай сөз пысықтауыш болады?

А) қалып барады

В) төменде

С) көңілді көшелері

D) көрікті алаңдары

Е) Алматының


№ 202

Жай сөйлемді көрсет.

А) Күн жылынды да, қар еріді

В) Саша қазір қыдырмайды, өйткені емтиханға дайындалады

С) Көктем келді, бірақ күн әлі суық

D) Ол жерде ғалымдар, әкімдер, өнерпаздар көп жиналған

Е) Әмір оны қанша іздесе де, таба алмапты
№ 203

Бұйрықты сөйлемді көрсет.

А) Жаздыгүні сендер Астанаға барасыңдар

В) Сен ертең ерте тұр, сабаққа кешігіп қаласың!

С) Мұғалім әдетте сабақты қызықты жүргізеді

D) Әрқашан да күн сөнбейді

Е) Сен Түркияда аз ғана уақыт боласың ба?
№ 204

Хабарлы сөйлемді көрсет.

А) Кешке киноға барайық

В) Айжан үйге хат жазсын

С) Мен дүкенге барайын

D) Мені күтпей, театрға жүре беріңіздер

Е) Бүгін таңертең ұшаққа мініп, жоғары көтерілеміз
№ 205

Лепті сөйлемді көрсет.

А) Шіркін, Ақмоншақ! Көркі ғой біздің ауылдың!

В) Ертең табиғатты тамашалауға барайық!

С) Сабаққа кешікпе!

D) Үй жұмысын орындаңыз!

Е) Самат, мені үйге дейін шығарып сал!
№ 206

Әл-Фараби Бағдад қаласына білімін жетілдіру үшін келді. Бұл сөйлемде қай сөз мақсат пысықтауыш болады?

А) Әл-Фараби

В) Бағдад қаласына

С) білімін

D) жетілдіру үшін

Е) келді
№ 207

Зат есімнен жасалған баяндауышы бар сөйлемді көрсет.

А) Ұлы ғұлама математика мәселелерімен де айналысты

В) Ол туған Отанын қай жерде жүрсе де қатты сағынған

С) Сол кезде Бағдад ірі мәдени орталық болатын

D) Әл-Фараби – дүние жүзіне әйгілі ұлы ғалым

Е) Оның жазған еңбектері – 150 шамасында


№ 208

Салалас құрмалас сөйлемді көрсет.

А) Оған ескерткіштер орнатылып, көшелерге аты берілді

В) Кірген бетте директор өз орнына отырмастан, сөзін түрегеп тұрып бастады

С) Өз күшіміз аз болғандықтан, сендерден көмек сұрай келдік

D) Раушан келіп қалған соң, ол ауылға жүріп кетті

Е) Ұшақ қонды да, жолаушылар ұшақтан шықты
№ 209

Жерлесіміз С.Торайғыров атақты жазушы болған. Бұл сөйлемде қай сөз анықтауыш болады?

А) атақты

В) С.Торайғыров

С) жазушы

D) болған

Е) жерлесіміз
№ 210

Солтүстігі мен батыс жағында жаз бойы Есенейдің жылқысы жайылып жатады. Бұл сөйлемде қай сөз мезгіл пысықтауыш болады?

А) солтүстігі мен батыс жағында

В) жаз бойы

С) Есенейдің жылқысы

D) жайылып жатады

Е) жатады


№ 211

Абай В.Г.Белинскийдің еңбектерін ұнатып оқыған. Бұл сөйлемде қай сөз толықтауыш болады?

А) Абай


В) В.Г.Белинскийдің

С) еңбектерін

D) ұнатып

Е) оқыған


№ 212

Оның кітапханасында 1170 мыңдай кітап болған. Бұл сөйлемде қай сөз мекен пысықтауыш болады?

А) оның


В) кітапханасында

C) 1170 мыңдай

D) кітап

Е) болған


№ 213

Персиялық ғалым Уәзір Сахиб – кітапты ерекше сүйген адам. Бұл сөйлемде қай сөз баяндауыш болады?

А) Персиялық ғалым

В) кітапты

С) ерекше сүйген

D) адам

Е) Уәзір Сахиб


№ 214

Кітапханашы адамдар Сахибқа керекті кітапты тауып беретін болған. Бұл сөйлемде қай сөз анықтауыш болады?

А) кітапханашы адамдар

В) Сахибқа

С) керекті

D) кітапты

Е) тауып беретін


№ 215

Жақты сөлемді табыңыз.

А) Біздің ашық сөлесуіміз керек

В) Менің бұл сөзге косылғым келмеді

С) Еңбексіз құр жүруге болмайды

D) Менің келгім келмеді

Е) Қалың қар жауды
№ 216

Жалаң сөйлемді көрсет.

А) Менің өз қатарымнан қалғым келмеді

В) Дивизияда көп ұлттың адамдары болды

С) Партизандар ұйықтап кетті

D) Рамазан Елебеков елге әйгілі адам ғой

Е) Олар басқа дивизияға қосылды
№ 217

Баяндауышы ауыспалы келер шақ етістіктен болып тұрған сөйлемді көрсет

А) Завод директоры ғой, бір ақыл табар

В) Мен оларды қалай тастап кетпекпін?

С) Балжан қарындасымды үйге алып қайтамын

D) Өнерлі балалар ән салды

Е) Балық енді өрге қарай жүзді
№ 218

Кеш. Павлодар қаласы. Сөйлемнің түрін анықта

А) Лепті


В) Жақсыз

С) Жақты


D) Атаулы

Е) Толымсыз


№ 219

Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сендер қараңдар

В) Мен кетіп барамын

С) Айдала

D) Ол өте көркем және байсалды жігіт еді

Е) Үй жап-жарық
№ 220

Біздер, жастар, ел сенімін ақтайық!

Үтірдің қойылу себебің түсіндіріңіз.

А) Оңашаланған айқындауыш

В) Бірыңғай мүше

С) Қаратпа

D) Одағай



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет