Ереже
|
Мысалдар
|
Анық-тауыш
|
Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады.
|
Болатын бала бесігінде бұлқынар. Адасқанның айыбы жоқ. Айтар сөзіңді айтып қал.
|
Баста-уыш
|
Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады.
|
Оқыған білімді болады. Көрмес - түйені де көрмес. Бітіргендер сыртқа шықты.
|
Толық-тауыш
|
Есімше атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып қолданылса, толықтауыш болады.
|
Сөзді тыңдайтынға айт. Естігенді ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар. Оны атарға оқ таппады.
|
Пысықтауыш
|
Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші
есіммен, септеулік шылаулармен
тіркесіп пысықтауыш болады.
|
Оны көрген сайын баласы есіне түседі. Мен оны көргенде таң қалдым. Мен үйге барғанға дейін кітап оқыдым
|
Баян-дауыш
|
Есімше жіктеліп келіп сөйлемде баяндауыш болады.
|
Адал кісі арымас. Сыпайы сырын сақтар. Мен қалаға ертең барармын. Мен қалаға кеше барғанмын.
|
КӨСЕМШЕ
Көсемше – бірде пысықтауыштың, бірде баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Іс-әрекеттің жай-күйін білдіріп, пысықтауыштың қызметін атқарады.
Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, баяндауыштың қызметін атқарады.
Көсемшенің жұрнақтары:
1
|
-а, -е, -й
|
бар-а-ды, кел-е-ді
|
2
|
-ып, -іп, -п
|
шығ-ып,ез-іп
|
3
|
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі
|
ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы
|
Көсемшенің жіктелуі
|
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
І
|
бара-мын
|
келе-мін
|
бара-мыз
|
келе-мін
|
ІІ
|
бара-сың
бара-сыз
|
келе-сің
келе-сіз
|
бара-сыңдар
бара-сыздар
|
келе-сіңдер
келе-сіздер
|
ІІІ
|
бара-ды
|
келе-ді
|
бара-ды
|
келе-ді
|
Ескерту: көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы жіктелмейді.
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Пысықтауыш
|
Баяндауыш
|
Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады.
|
Көсемше күрделі етістіктің құрамында келіп, баяндауыш болады.
|
Мен сөйлескелі (не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді. Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.
|
Алып та халықтан үйренеді. Ол үйіне барып келді. Ол өз ойын айта салды. Түнде жаңбыр жауыпты.
|
ҚОСЫМША:
Есімше мен көсемшенің жұрнақтары арқылы етістіктің шақ категориясы жасалады. Мысалы,
-ған, -ген, -қан, -кен: бұрынғы өткен шақ есімшесі
-ар, -ер, -р: болжалды келер шақ есімшесі
-атын, -етін, -йтын, -йтін: ауыспалы өткен шақ есімшесі
-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек: мақсатты келер шақ есімшесі
-ып, -іп, -п: бұрынғы өткен шақ көсемшесі
-а, -е, -й: ауыспалы осы (келер) шақ көсемшесі
-мақ, -мек ... формасы арқылы жасалған есімшелерден зат есімге айналып кеткен сөздер аса көп. (құймақ, піспек, ілмек, шақпақ, соқпақ т.б.)
ЕТІС
Етіс іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Оның 4 түрі бар:
түрі
|
ереже
|
жұрнақ
|
мысал
|
Өздік етіс
|
Іс-қимылды адам
өзі істейді.
|
-ын, -ін, -н
|
жу-ын-ды,
ки-ін-ді,
тара-н-ды,
Ол тез киінді.
|
Өзгелік етіс
|
Адам іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады.
|
1. -дыр, -дір, -тыр,
-тір, -ыр, -ір:
2. -ғыз, -гіз,
-қыз, -кіз:
3. -т:
4. -сет
|
1)жаз-дыр,ас-ыр
2)айт-қыз, бар-ғыз
3)жаса-т,оқы-т
ал-дыр, айт-қыз,
4) көр-сет.
|
Ырықсыз етіс
|
Іс-қимылдың
орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді.
|
1. -ыл, -іл, -л:
2. -ын, -ін, -н (етістіктің түбірінде "л" әрпі болса):
|
1)аудар-ыл-ды
2) ал-ын-ды
шөп шаб-ыл-ды, киім іл-ін-ді, өлең айт-ыл-ды.
|
Ортақ етіс
|
Адам іс-қимылды
біреумен бірлесіп, ортақтасып істейді.
|
-ыс, - іс, -с
|
жаз-ыс-ты,
бөл-іс-ті.
оқы-с-ты.
жер қазыс-ты, телефон арқылы сөйле-с-ті.
|
Қосымша:
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс мағынасын береді. (ақылдас, қоштас, тілдес, пікірлес, сырлас т.б.)
-лын, -лін, -ныл, -ніл жұрнақтары ырықсыз етіс мағынасын береді. (алма же-лін-ді, жоқ ізде-лін-ді, ат байла-ныл-ды т.б.)
-лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнағымен жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мағынасында жұмсала береді. (әуре-лен, қату-лан, шат-тан, қаһар-лан, мейір-лен, әл-ден т.б.) Сондай-ақ -ырқан, -іркен, -сын, -сін жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мәнін береді. (шім-іркен, тұш-ырқан, аз-сын, көп-сін, жер-сін, бәл-сін т.б.)
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. Етістіктің 3 шақ тұлғасы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
1. Осы шақОсы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар:
1. Нақ осы шақ
|
2 . Ауыспалы
осы шақ
|
Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар:
|
Күнделікті болып жатқан іс-қимыл-ды білдіреді.
|
1. Жалаң нақ осы шақ:
"жатыр, отыр, жүр, тұр" қалып етістік-терінің жіктелуі арқылы жасалады.
|
2. Күрделі нақ осы шақ:
(-а, -е, -й, -ып, -іп, -п) (қалып етіст.) + ж.ж
|
Етістік +
(-а, -е, -й) +
жіктік жалғауы
|
жатырмын, жүрміз, отырсың, тұрсыз.
|
бар-а жатырмын,
кел-іп отырсың.
|
Күнде сабаққа бар-а-мын.
|
2. Өткен шақ
Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар:
Жедел ө. ш.
|
Бұрынғы ө. ш.
|
Ауыспалы ө. ш.
|
Іс-қимылдың
жуық арада болға нын білдіреді.
|
Іс-қимылдың жалпы
болғанын көрсетеді.
|
Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді.
|
етістік + (-ды, -ді, -ты, -ті) + жіктік жалғауы
|
етістік + (-ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п) + жіктік жалғауы
|
етістік +(-атын, -етін, -йтын, -йтін) + жіктік жалғауы
|
Кеше сабаққа бар-ды-м.
|
Кеше сабаққа бар-ған-мын(бар-ып-пын).
|
Күнде сабаққа бар-атын-мын.
|
3. Келер шақ
Келер шақ сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар:
Болжалды к. ш.
|
Мақсатты к. ш.
|
Ауыспалы К. ш.
|
Іс-қимылдың
келешекте болаты-нын дәл көрсет-пей, болжай ғана білдіреді.
|
Іс-қимылдың
келекшекте мақсат етіле орындалаты-нын білдіреді.
|
Алдағы уақытта
болатын іс-қимыл-ды білдіреді.
|
етістік + (-ар, -ер, -р) + жіктік жалғауы-ма (-с)
|
етістік + (-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек) + (-шы, -ші)+ ж.ж.
|
етістік +
(-а, -е, -й) +
жіктік жалғауы
|
Ертең сабаққа барармын.
Ертең мен сабаққа бармаспын
|
Ертең сабаққа бармақшымын.
Бармақпын
Айтпақпын
|
Ертең сабаққа барамын.
|
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ
Етістіктің райлары орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді. Етістіктің 4 рай түрі бар:
түр
|
ереже
|
жасалу жолы
|
мысал
|
Ашық рай
|
Іс-қимылдың
қай шақта екенін
білдіреді.
|
Үш шақтың жасалу жолдары арқылы.
|
Мен келдім
(келе жатырмын,
келемін, келмекшімін, келгенмін т.б.).
келетінмін
|
Бұйрық
рай
|
Іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді.
|
Етістіктің бұйрықты
түрде жіктелуі арқылы.
|
Мен бар-айын
Сен бар
Сіз бар-ыңыз
Ол бар-сын
Біз бар-айық
Сендер бар-ыңдар
Сіздер бар-ыңыздар
|
Шартты рай
|
Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.
|
Етістік + (-са, -се) + жіктік жалғауы.
|
Күн ашық бол-са, тауға шығамыз. Егер сен ойна-са-ң, мен де ойнаймын.
|
Қалау рай
|
Қалау, тілекті білдіреді.
|
Етістік + (-ғы, -гі, -қы, -кі) + тәуелдік ж. / кел етістігі.
|
Біздің сабақ
оқы-ғы-мыз келді.Сенің үйге қайт-қы-ң келе ме?
|
Қосымша: Төмендегі қосымшалар да қалау рай жасайды:
1. -ғай, -гей, -қай, - кей: оқы-ғай-сың, кел-гей-сің
2. -са, -се игі еді: бар-са игі еді, кел-се игі еді
ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК
Тұйық етістік – шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.
Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалады
Негізгі етістік
Туынды етістік
Болымсыз етістік
Етіс
|
-у
|
қара-у
ойна-у
алма-у
оқыт-у
|
Тұйық етістік есімдерше түрленеді:
Көптеледі
|
Тәуелденеді
|
Септеледі
|
жүгірулер
жарысулар
тексерулер
|
I) айту-ым,айту-ымыз
II) айту-ың, айту-ларың
айтуыңыз, айтуларыңыз
III) айту-ы,
|
Ілік: білу-дің
Барыс: білу-ге
Табыс: білу-ді
Жатыс білу-де Шығыс: білу-ден
|
Тұйық етістіктің емлесі
1
|
2
|
3
|
й+у=ю
и+у=ю
|
қ,+у=ғу
к+у=гу
|
п+у= бу
|
жай+у=жаю
жи+у=жию
|
жақ+у=жағу
төк+у=төгу
|
жап+у=жабу
кеп+у=кебу
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |