толықтауыштық қатынас
|
1. Меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркес-терге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
сөзге (неге?) шебер
гүлді (нені?) суару
терезеде (неде?) тұр
сенен (кімнен?) алды
көзбен (немен?) көру
|
пысықтауыштық қатынас
|
1. Меңгеру, қабысу, жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қайда? қашан? қайтіп? қалай? неліктен? т.б. деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
ауылда (қайда? ашылды
биыл (қашан?) ашылды
зорға (қалай?) ашылды
|
СӨЙЛЕМ
Сөйлем –тиянақты бір ойды білдіретін сөздер тобы.
Айтылу мақсатына қарай:
1.Хабарлы сөйлем (ойды хабарлап жеткізеді) Соңында нүкте . тұрады.
2.Сұраулы сөйлем (сұраулы мағынада айтылады) Соңында сұрау белгісі ? тұрады. 3.Бұйрықты сөйлем (бұйыру мағынасында айтылады) Соңында нүкте немесе леп белгісі ! тұрады. 4.Лепті сөйлем (адамның эмоциясына байланысты айтылады) Соңында леп белгісі ! тұрады.
түрі
|
Жасалу жолдары
|
Хабарлы
сөйлем
|
Хабарлау, мақсатында айтылған жай сөйлем арқылы жасалады. Мысалы,
Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті. Ақырын соққан самал шалқар көлдің ақша бетін аймалап сүйгендей болады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |