Қазақ тілінің төл дыбыстарын түзетуге арналған тактильді-кинестетикалық стимуляцияны қолдану



бет4/4
Дата22.09.2022
өлшемі30,33 Kb.
#150369
1   2   3   4
Байланысты:
1618943071 1

1-модуль. Дауыссыз-дауыстыны жекелей айтуда олар үзікпен бұрмалау арқылы ұзақ айтылады: «Ң-А, Ң-О, Ң-У, Ң-И, Ң-Ы».
Инелі тренажердың жоғарғы жағына қол саусақтарын кезекпен басып, дауысты дыбыстар айтылады. Балаға дауысты дыбыстарлы айту кезінде еріндер белсенді жұмыс істеу керектігі ескертіледі.
2-модуль.
Дауыссыз- дауысты дыбыстар қосылып айтылады. Қойылған дыбыстар дауысты дыбыстармен бірге қосылады: «ҢА, ҢО, ҢУ, ҢИ, ҢЫ». Балаларға ескерту керек: Қазақ тілінде «ң» төл дыбысы сөздің басында айтылмайды. Қос қол саусақтары иппликаторға басылу арқылы саусақ қозғалысы жасалады.
3-модуль Дауысты – дауыссыз дыбыстар үзікпен бұрмалау арқылы ұзақ айтылады: «А-Ң, О-Ң, У-Ң, И-Ң, Ы-Ң».
4-модуль. Дауысты дыбыс қойылған дауыссыз дыбыспен қосылып айтылады: «АҢ, ОҢ, УҢ, ИҢ, ЫҢ, ЭҢ»
Қорытынды:
Кузнецовтың иппликаторымен тактильді-кинестикалық әсер етуді қосу арқылы, балалардың сөйлеу моторикасының жай-күйі сапалы да оң динамиканы көрсетті:

  • Бұзылған дыбысты қою мерзімінің жылдамдығы артты;

  • Қозғалысты нақты және тура орындау өсті;

  • Бір артикуляциядан екінші артикуляцияға өту жақсарды;

  • Дыбыстарды дифференциациялау жақсарды.

Бұл өзгерістер оқшауланған дыбыстарды дұрыс айту жағдайына өз әсерін тигізді. Тәсіл бала бақшасында, мектептерде, үй жағдайларында балалардың тілдік ақауларын түзетуге қол жетімді және тәжірибеде қолдануға болатынын дәлелдеді.

Пайдаланған әдебиет:


1. Архипова Е.Ф. Коррекционно-логопедическая работа по преодолению стертой дизартрии, изд, «Астрель», 2008
2. Сорочинская Т.В. Способ коррекции речевых нарушений у детей. патент РФ на изобретение №2092150, 10.10.1997
3. Фомичева М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения, - М., 1989

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет