Мақсаты: қазақ тілінің төл дыбыстарының бұзушылықты жеңуге бағытталған тактильді-кинестикалық әсер етуді пайдалана отырып, логопедиялық түзету жұмысының жолдарын көрсету.
Міндеттері: Арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиетті зерделеу.
Кузнецовтың тактильді-кинестикалық әсер ету иппликатор құралын қосу арқылы түзету жаттығуларын жұмыста пайдалануды көрсету.
Өз жұмысымда ғылыми тұрғыда дәлелденген және іс-тәжірибеде пайдаланылған жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану.
Бұл жұмыста мен Е.Ф.Архипова бойынша тактильді-кинестикалық әсер етуді пайдалану арқылы «Ң» дыбысын түзету, автоматтандыру, дифференциялау кезінде Кузнецовтың иппликаторын қолдану барысын көрсеткім келді.
Қос қол саусақтарының рецепторлық аймақтарына әсер ету, түзету жұмысын қосу кезінде тактильді-кинестикалық модальдықты сезіну күшейеді. Әсер етуді дауысты дыбыстарды бір уақытта айта отырып, жоғары жағы ұшталған затқа саусақтарды басу арқылы жүзеге асырады.
Әсер ету үшін, әр түрлі қолданылатын заттар:
массажерлар, мысалы, Кузнецовтың иппликаторы, массаж жасайтын щеткалар, үсті ине тәріздес пластмассалық сабынсалғыш, т.с.с.
Тілдік қызмет жүйесінде барлық анализаторлар қолданылуы керек: есту, қозғалғыш, тері- кинестикалық, көру. Олардың әрбірі тілдің афференттік, эфференттік негізіне өзіндік үлесін қосады.
Қол саусақтарының қозғалысы орталық жүйке жүйесінің жетілуіне әсер етеді және оның бір көрінісі ретінде баланың тілі жетіледі.
Кузнецовтың иппликаторының әсерінен тері бұзылмайды. Тек кейбір созылуды сезінеді. Иппликатор шағын циркуляцияны арттырады, бұлшық еттерді тыныштандырады, қан айналымын арттырады, соның есебінен ағзаның қоректендіру жүйесін жақсартады.
«Ң» дыбысын қою, автоматтандыру «Ң» дыбысының артикуляциясы:
- «Ң» - мұрын жолды, тіл арты, дауыссыз үнді дыбыс.
- Еріндер жымқырылады, тілдің артқы жағы жоғары көтеріліп, жұмсақ таңдайға көтеріліп, онымен тоғысады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауаны жауып тастайды, дауыс желбезегі мол тербеледі.
Айтудағы бұзушылықтар: 1. Тіл ұшы мен жоғарғы тіс аралығында таңдайдың алдынғы жағында болады. Дыбыс тіл алды дыбыс болып, «Н» дыбысына ауысып кетеді.
Дайындық жаттығуларыды орындаған кезде, балаға тіл ұшының қозғалыстарын сезінуіне мүмкіндік беру керек. Тіл ұшы төменгі жақтан көтеріледі, ал тілдің артқы жағы жоғары көтеріліп, жұмсақ таңдайға тиеді. Бала аузын кең ашқанда тіл артын жоғары көтереді, таңдайға тигізеді және жібереді. Осы жаттығулар бірнеше рет қайталанып, тіл түбірінің көтерілуін дағдыландырады.
Дыбысты қою Еліктеу бойынша: «Қақпа»- «Терезе»- «Көпір»- «Төбешік». Содан соң балаға «Қақпа»- «Терезе»- «Көпір»- «Төбешік» жаттығуын орындауды ұсынады және «н» дыбысын айтқызыды, төл дыбыс «ң» шығуы керек.
Механикалық әдіс: Логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен тілдің алдыңғы арқа жағын басады және тілді ауыздың артқы қуысына жылжытады. Ауыз қуысы ашық қалады. Тілді ұстай тұрып, баланың «ан» буынын айтуын сұрайды, алғашқы кезде «н» дыбысы шығады, сосын тілді тереңірек жылжытқанда «ң» дыбысы естіледі. Баланың назарын дыбысты айтуына аудартады.