Қазақстан Республикасы
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қожабахы ауылы
№17 «Айгүл » балабақшасы
Танаш Фарида
Тәрбиеші
Әдеби шығармалардың тіл дамытудағы ролі
Мақсаты: Балаларға әдеби шығармаларды оқып беріп, оларды түсіндіру арқылы танымын кеңейту,ойлау қабілетін арттыру,
қиялын дамыту. Өз ана тілдеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тәрбиелеу дегеніміз алға белгілі бір мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасты қалыптастыру .
Оқыту дегеніміз белгілі жоспар мен бағдарлама
бойынша жүйелі түрде балаларға қарапайым білім беру, икемділігі мен жағымды әдет – дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту .
Балабақшада тәрбиешінің қоладанатын іс - әрекет түрлері
Ойын әрекеті
Оқу әрекеті
Еңбек әрекеті
Қоғамдық әрекет
Көркемөнер әрекеті
Спорт әрекеті
Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың дүние танымын, ой-өрісін кеңейту,сөйлеу тілінің лексикалық қорын жетілдіру,Эстетикалық талғамын оятып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше
Мектепке дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды өз бетінше оқуға қабілетті еместігі мәлім.Олар әдеби мұраларды шебер педагогтың шынайы өнері, тілінің мәнері арқылы тыңдап, сөз сырын санасына ұялатады, Лексикасын қорландырып, керегін іріктеп алуға жаттығады.
Ертегі шағын әңгіме,өлең-әндер,мақал-мәтел жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркемсөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісіне тиек болғаны белгілі.Мектепте бақшада болмаған кезде қазақ ауылы жанұяларында бала тәрбиелеу,өмірдің қыры мен сырын жан-жақты ұғындыру жұмысы ауыз әдебиет нұсқалары арқылы іске асады.
Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдап, жаттап алады.
Олардың сөздік желісін әуезін игереді. Мысалы: «Торғай», «Бақа-бақа балпақ», «Қарғалар», «сСанамақ» т.б сияқты халық өлеңдері ойнақы тілмен ,қайталама сөзімен ,музыкалық үнімен бөбектерді баурап,сөз өрнегін баулиды.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен –ақ құмартып, қызығады. Қысқа өлең тақпақ жаттау арқылы оның тілі ұшталады,сана- сезімі жетіле түседі.Әдеби кейіпкерлердің жақсысына жаны ашыса ,жаманына жиреніп,бойын қорқыныш билейді. Осылайша жас сәбидің адамгершілік сезімі оянып, білімі кеңейеді. Тілінің лексикалық жағы,сөйлеу дағдылары жетіле түседі.Ал,тілінің дамуы-баланың қабылдау ,ес,зейін сияқты психологиялық процестерінің қалыптасуына негіз болады.
Оқыған шығарманы әңгімелетіп айтуға үйрету,сабағының үлгі жоспары:
1 Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі
2 Тәрбиешінің әңгімені оқып беруі
3 Оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар беріп айтқызу.
Тәрбиеші қай тақырыпта қандай шығарма оқыса да бақылау экскурсия,әңгімелесу,сабақтарын өткізсе де балаға берілетін білім мен сөз,сөз бен зат арасында шартты байланыс болу ескертуі керек.Сөздік атауларды бала саналы түсініп,дәл тани білуге тиісті.
Әдеби шығармаларды оқу,тіл дамыту жұмысындағы басты әдістердің бірі- Сөздік жұмысын жүргізу мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі балалар өздігінен оқи білмейді.Сондықтан шығарма оқу ,әңгімелеп айтуға үйрету,көркем сөздерді меңгерту жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық ұстанымдарға негізделеді Ол ұстанымдар айналадағы дүниемен ,қоғамдық өмірмен табиғатпен таныстыру,дүниетанымын,ой-өрісін жетілдіру,зейінін ,қабылдауын бағдарлай білу,қабілеттіліктерін дамыту болып табылады. Осы мақсаттарға орай әдеби-шығармалар оқу, алған білімдерін тиянақтау,жалпы сөздікті молайта отырып,синоним,антоним сөздерді игерту,көрген-білгені жөнінде (салыстыра,теңей айтуға үйрету) алғашқы ұғымдарын қалыптастыру міндеті қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |