Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Кепілдік және кепіл болушылықты көрсетіңіз



бет36/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Азаматтық сессия

76. Кепілдік және кепіл болушылықты көрсетіңіз
Кепілдік бойынша кепілдік беруші борышкердің кредиторы (несие берушісі) алдында осы тараптың міндеттерін орындауына толық немесе борышкермен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Ал кепіл болушылық (аманат) бойынша кепіл болушы басқа тараптың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді (АК-тің 330-б.). Яғни, кепіл болушыға қарағанда, кепілдік етушінің құқықтық жағдайы бірталай күрделі болады (АК 329 – 336 б., б.). Кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартының жарамсыз болуына әкелiп соқтырады. Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышкердің мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын несие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл үшiн жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi. Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы мiндеттеме жөнiндегi барлық құқықтары және кепiл ұстаушы ретiнде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабын қанағаттандырған көлемде көшедi. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ, борышкерден несие берушiге төленген соманың айыпақысын және сыйақысын (мүддесiн) төлеудi және борышкер үшiн жауапкершiлiкке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап етуге қақылы. Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орындағаннан кейiн несие берушi борышкерге қойылған талапты куәландыратын құжаттарды кепiлдiк берушiге тапсыруға және осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды беруге мiндеттi.
77. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылықты көрсетіңіз 
Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.Мiндеттеменi бұзғандық үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi.Мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк негiздерi Борышқор кiнәлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғаны дәлелдесе, ол кiнәсiз деп танылады. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды. Заңдарда немесе шартта жауапкершiлiктiң және одан босатылудың өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн. Мiндеттеменi қасақана бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған шарт жарамсыз болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет