Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату



бет1/14
Дата17.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#102296
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ҚҚ 13


Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ

§1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсiнiгi және түрлерi

Жалпы қағидаға сәйкес, қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кiнәлi адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуiрдегi нормативтiк қаулысында:

Қылмыстық белгiлерi бар әрекет жасаған, бiрақ қоғамға елеулi қауiп келтiрмейтiн адамдарға сот қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың түзелетiндiгi мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселенi талқылап, негiз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК-нiң 65–68-баптарында көрсетiлген негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатуға тиiс. Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы iстiң жан-жақты, толық және объективтi түрде зерттелген мән-жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәлiметтерге негiзделуi қажет, – деп атап көрсетiлген (10-тармақ). Осыған орай кейбiр реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кiнәлi адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бiрақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзiмiнен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлiгiн жеңiлiрек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкiн.

Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңiлiрек жазамен айырбастау туралы институтты белгiлейдi. Мұның әрқайсысы тәжiрибеде кеңiнен қолданылады. Сонымен бiрге ескерiлетiн жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңiнен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты практикада жиi қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсiз болуы принциптерiн аяққа басады. Сондықтан да көрсетiлген мәселелердi қолдану заңға негiзделген және тиiмдi болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.17-тарау236

Осы тарауда жасы толғандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негiздерi қаралмайды. Жасы толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелерi арнаулы тарауда қарастырылады.

Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлерi көрсетiлген:

1. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

2. Қажеттi қорғану шегiнен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату.

3. Процестiк келiсiмнiң талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.

4. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

5. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

6. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

7. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату.

Осы аталған негiздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлi түрде шартсыз жүзеге асырылады.

Қылмыстық заң бойынша кiнәлi деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеудi жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңiлiрек жазамен ауыстырылуы мүмкiн.

Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негiздер бойынша жүзеге асырылады:

1. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.

2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату.

3. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру.

4. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердi, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуін кейiнге қалдыру.

5. Ауыр мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеудi кейiнге қалдыру.

6. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату.

7. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде жазадан босату.

Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрi өтеуден босатудың бiр-бiрiнен айырмашылығы оларды қолдану негiздерiне байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату (қылмыстық жауапқа тартудың мерзiмi ескiруге байланысты жауаптылықтан босатудан басқасы) iстелген қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi онша көп болмаған және оны iстеген адамның түзелуi, жаза қолданбай-ақ мүмкiн болған жағдайларда қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрi өтеуден босату сот үкiмi бойынша белгiлi бiр жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерiнiң түзелгендiгiн дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан босату тек заңда белгiленген тәртiппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбiр түрлерi жұртшылық өкiлдерiнiң қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату жазаны өтеу мекемесiнiң және бақылау комиссиясының бiрлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзiмi ескiруге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жауаптылықтан босату, айыптау үкiмiн орындаудың мерзiмi ескiруге байланысты жазадан босату (71,76-баптар) жұртшылық өкiлiнiң пiкiрiн ескермей-ақ қолданыла бередi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет