Сабақ. Адами қҰндылықТЫҢ адам өміріндегі ролі. ҚАйырымдылық Қорлар ескерту!: Көк түспен белгіленген тапсырмаларды ғана орындайсыз. Ой бөлісейік



бет1/5
Дата17.05.2020
өлшемі21,85 Kb.
#69116
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
12 сабақ практика-БОӨЖ
12 сабақ практика-БОӨЖ

12-сабақ. АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ РОЛІ. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАР

ЕСКЕРТУ!: Көк түспен белгіленген тапсырмаларды ғана орындайсыз.


Ой бөлісейік

1. «Құндылық» сөзіне ассоцация құрыңыз.

2. Адами құндылықтарға не жатады?

3. Қайырымдылық сөзіне мағыналас сөздерді атаңыз.

4. Қандай қайырымдылық қорларын білесіз? Олардың мақсаты не?
ОҚЫЛЫМ

Мәтінді түсініп оқыңыз.
«Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.

Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету сияқты келеңсіздіктер толып жатыр. Адамзаттың ең асылы «адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме? Көпшілігі «заманына қарай адамы» деген принциппен өмір суруде. Ал заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден-бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз.

Рухани-адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті…



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет