Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату


§15. Сотталғандықтан арылу және оны жою



бет14/14
Дата17.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#102296
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ҚҚ 13

§15. Сотталғандықтан арылу және оны жою

Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген күннен бастап сотталғандығы өтелген немесе алып тасталған кезге дейiн сотталған болып есептеледi. Сотталғандық осы Кодекске сәйкес қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауiптi қайталануы айқындалған кезде және жаза тағайындау кезiнде ескерiледi.

Жазадан босатылған, сондай-ақ қылмыстық терiс қылық жасағаны үшiн сотталған адам сотталғандығы жоқ деп танылады (ҚК-тің 79-бабы, 2-бөлігі).

Заң бойынша сотталғандық атағы жоқ адамдарға ғана бас бостандығын шектеу (44-бап) жаза түрi тағайындалады. Сотталғандық атақ түзеу мекемелерiнiң түрiн белгiлеуге (46-бап), адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысты қайталаған деп тануға (14-бап) тiкелей әсерi бар. Сотталғандық атақ жауаптылықты және жаза-ны ауырлататын мән-жайлар ретiнде қарастырылады. Мысалы, (54-бап, 1-бөлiгi, «1» тармағы). Бұрын сотталғандық көптеген нақты қылмыс құрамдарының күшейтiлген, жетiлдiрiлген белгiсi ретiнде де көрiнiс табуы мүмкiн.

Сотталғандық атақтың кейбiр реттерде қылмыстық құқылық емес зардаптары да бар (мысалы, бұрын сотталған деген сөздiң өзi оның моральдық беделiне кiр келтiредi). Заңда белгiленген тәртiппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылғандар бұрын сотталғандар деп саналмайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстiң 65–69, 70–78-баптары.

Жоғарыда көрсетiлгендей, сотталғандық атақтың құқылық зардабы мәңгiлiк емес, заңда белгiленген белгiлi бiр мерзiм өткен соң ондай атақ жойылады. Заңда көрсетiлген тәсiлмен сотталғандықтан арылу және оны жою бiр мезетте оның заңдылық зардабын жояды.

Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкiмi заңды күшiне енгеннен кейiн заңда белгiленген белгiлi бiр мерзiм iшiнде ол жөнiндегi үкiмнiң орындалмауын айтамыз. Сотталғандықтан арылу белгiлi мерзiм өткен соң өзiнен-өзi жойылады. Ол үшiн соттың арнаулы шешiмiнiң болуы қажет емес. Қылмыстық кодекстiң 79-бабының 3-бөлiгiне сәйкес соттылық:

3. Сотталғандық:

1) шартты түрде сотталған адамдарға қатысты – пробациялық бақылау мерзiмi өткен соң;

2) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiне сотталған адамдарға қатысты – жазаны iс жүзiнде өтеген соң;

3) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты – жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өткен соң;

4) ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты – жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өткен соң;

5) аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өткен соң жойылады.

4. Егер сотталған адам Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлiгi жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылса, онда сотталғандықты жою мерзiмi жазаның iс жүзiнде өтелген мерзiмi негiзге алына отырып, негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеуден босатылған кезден бастап есептеледi.

5. Егер соттың үкiмi бойынша адамға негiзгi жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда сотталғандықты жою мерзiмi негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеу кезiнен бастап есептеледi.

Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыру түрiнде қосымша жаза тағайындалған жағдайларда, онда сотталғандықты жою мерзiмi жазаның негiзгi түрiн өтеу кезiнен бастап есептеледi.

6. Адам әр түрлi ауырлық дәрежесiне жататын қылмыстар үшiн қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша сотталған кезде, сотталғандық әрбiр қылмыс үшiн жеке жойылады, бұл ретте жою мерзiмдерi қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша жазаны өтеу кезiнен бастап есептеледi (ҚК-тің 79-бабы, 1–6-бөліктері).

Сотталғандықтан арылу сот тағайындаған жазаның түрi мен мерзiмiне байланысты әр түрлi болады.

Сотталғандықтан арылу мерзiмi негiзгi және қосымша жазаны өтеген немесе одан босатылған күннен бастап есептелiнедi. Сотталғандықтан арылу мерзiмiне ескiру мерзiмi үзiлмеген айыптау үкiмiн орындаудың барлық мерзiмi кiредi. Егер үкiм заң күшiне енгеннен кейiн орындалмай қалса, онда сотталғандық атақ үкiмдi орындаудың ескiру мерзiмiне байланысты жойылады. Егер адам заңда белгiленген тәртiппен жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылса немесе оның жазасы неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылса, сотталғандықтан арылу мерзiмi жазаның нақты өтелген уақытынан бастап есептелiнедi.

–сотталғандықты жою;

–сотталғандар санаты;

–шартты түрде сотталғандар;

–бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңiл түрiне сотталғандар;

–онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталғандар;

–ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталғандар;

–аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталғандар;

–жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылса;

мерзiмi:


–сынақ мерзiмi өтуi бойынша;

–жазаны iс жүзiнде өтегеннен кейiн;

–жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өтуi бойынша;

–жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өтуi бойынша;

–жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өтуi бойынша;

–соттылықты жою мерзiмi жазаның нақты өтелген мерзiмiн негiзге ала отырып, негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеуден босатылған кезден бастап есептеледi.

Сотталғандықтан арылу рақымшылық немесе кешiрiм беру актiсi арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Сотталғандықтан арылуды сотталғандық атақты жоюдан ажырата бiлу керек. Сотталғандық атақты жою Қылмыстық кодексте көрсетiлген шарттар негiзiнде соттың арнаулы шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Қылмыстық заңда сотталғандықтан арылудан басқа нақты бiр жағдайларға байланысты адамның сотталғандық атағын мерзiмiнен бұрын жою туралы мәселесi де қарастырылған.

Егер сотталған адам жазасын өтегеннен кейiн өзiн мiнсiз ұстаса, сот оның өтiнiшi бойынша соттылықты жою мерзiмi өткенге дейiн одан соттылықты алып тастай алады.

Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды (79-бап, 7-бөлігі).

Егер сотталған адам соттылықты жою мерзiмi өткенге дейiн тағы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзiмi тоқтатылады. Бiрiншi қылмыс бойынша соттылықты жою мерзiмi соңғы қылмысы үшiн негiзгi және қосымша жазаны iс жүзiнде өткеннен кейiн қайта есептеледi. Бұл жағдайда адам екi қылмыстың ең ауыры үшiн соттылық мерзiмi өткенге дейiн олар үшiн сотталған деп есептеледi (79-бап, 8-бөлігі).

Бiрақ та қылмыстық заңда қанша уақыт өткеннен кейiн соттың сотталғандықты мерзiмiнен бұрын жоя алатындығы көрсетiлмеген. Егер сотталған адам жазасын өтегеннен кейiн еңбекке, оқуға деген адал көзқарасымен, үлгiлi мiнез-құлқымен өзiнiң түзелгендiгiн дәлелдесе, сот белгiлi бiр мерзiмiнiң өткенiне қарамастан, сотталғандық атақты мерзiмiнен бұрын жоюға құқылы.

Сотталғандықты мерзiмiнен бұрын жою туралы ұсыныс жазаны өтеген немесе одан босатылған адамның тұрғылықты жерiндегi аудандық (қалалық) сот арқылы мiндеттi түрде прокурордың, өзi жөнiнде ұсыныс келтiрген адамның немесе ұсыныс берген еңбек, оқу ұжымы өкiлiнiң қарауымен шешiледi.

Сотталғандықты жоюдың тәртiбi Қазақстан Республикасы Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнде нақты көрсетiлген. Сотталғандықты жою немесе алып тастау өмір бойына тағайындалған жазаның қосымша түрімен белгіленген шектеулерді қоспағанда, сотталғандыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшiн жояды (ҚК-тің 79-бабы, 9-бөлігі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет