Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату


§13. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату



бет12/14
Дата17.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#102296
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ҚҚ 13

§13. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату

Айыптау үкiмi белгiлi бiр себептермен орындалмай қалуы да мүмкiн. Мұндай жағдайларда оны орындаудың мерзiмi ескiредi. Мерзiмi ескiрген айыптау үкiмi орындалмайды. Ал кiнәлi адамдар қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазадан босатылады.

Айыптау үкiмiнiң орындалмай қалуының себептерi сан түрлi. Мысалы, сот қызметкерлерiнiң салақтығынан, үкiмнiң тиiстi органға орындаушыға жiберiлмей қалуы, қылмысты iстiң жоғалуы, үкiмдi орындауды жүзеге асыратын органның ұқыпсыздығынан оның орындалмай қалуы немесе сотталған адамның жаза өтеу мекемелерiне жiберiлмей қалуы сияқты мәселелерден туындайды. Көп жағдайларда айыптау үкiмi сотталған адамның жазасын өтеуден бой тасалап, жалтаруынан орындалмай қалады.

Айыптау үкiмi екi түрлi жағдайдың жиынтығы негiзiнде орындалмайды:

–бiрiншiсi, заңда белгiленген нақты мерзiмнiң өтуiне байланысты;

–екiншiсi, осы көрсетiлген мерзiм iшiнде сотталған адам жазаны өтеуден бұлтармаса.

Қылмыстық кодекстiң 77-бабы айыптау үкiмiн орындаудың мерзiмiн ескiруi жөнiнде белгiлi бiр мерзiм белгiлеген.

1. Қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталған адам, егер айыптау үкiмi оның заңды күшiне енген күнiнен бастап есептегенде:

1) қылмыстық терiс қылық үшiн сотталғанда – бiр жыл;

2) онша ауыр емес қылмыс үшiн сотталғанда – үш жыл;

3) ауырлығы орташа қылмыс үшiн сотталғанда – алты жыл;

4) ауыр қылмыс үшiн сотталғанда – он жыл;

5) аса ауыр қылмыс үшiн сотталғанда он бес жыл мерзiмде орындалмаған болса, жазаны өтеуден босатылады.

2. Қылмыстық терiс қылықтар бойынша ескiру мерзiмiнiң өтуi, жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан, тоқтатыла тұрмайды және үзiлмейдi.

3. Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, қылмыстар бойынша ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезiне қарай өтiп кеткен ескiру мерзiмi есепке алынуға жатады. Бұл ретте айыптау үкiмi, егер оның шығарылған уақытынан бастап жиырма бес жыл өткен болса және ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасау арқылы үзiлмеген болса, орындала алмайды. Жазаны өтеу кейiнге қалдырылған жағдайда, ескiру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

4. Егер адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмдер өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, қылмыстар бойынша ескiру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Мұндай жағдайларда ескiру мерзiмiн есептеу жаңа қылмыс жасалған күннен бастап қайта басталады.

5. Өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін болады деп таппаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты осындай қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке, бейбітшілік пен адамзат кауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ жеке адамға мемлекеттің Конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы экономикалық қызмет саласында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға ескіру мерзімдері қолданылмайды.

Қылмыстық кодекстiң осы бабының талабына сәйкес, айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi iстелген қылмыстың немесе оның санкциясында белгiленген жазаның ауырлығына қарай емес, үкiм бойынша нақты тағайындалған жазаның ауырлығына қарай белгiленедi. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi егер сотталған адам жазаны өтеуден бұлтарса, үзiледi. Мұндай ретте ескiру мерзiмi сотталған адамның жазаны өтеуге айыбын мойындап өзi келген я ұсталған күннен бастап қайта жаңғыртылады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезiне қарай өткен ескiру мерзiмi есептелуге тиiс. Бұл орайда айыптау үкiмi егер оның шығарылған уақытынан бастап 25 жыл өтсе және ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасау арқылы үзiлмеген болса, орындалмауы керек. Жазаны өтеуден бұлтарудың өзi кiнәлiнiң iстеген қылмысынан тиiстi қорытынды шығармағандығын, жазаның алға қойған мақсаттарын мойындамағандығын көрсетедi. Сол себептi де мұндай адамдардың тағайындалған жазаны нақты түрде өтеуi жөн болады.

Егер адам осы 77-баптың 1-бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескiру мерзiмi үзiледi. Мұндай жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледi (77-бап, 4-бөлiгi). Қылмыстық кодекстiң 77-бабының 4-бөлiгiне сәйкес, өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескiру мерзiмiн қолдану туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот ескiру мерзiмiн қолдану мүмкiн деп таппаса, өлiм жазасы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмiр бойы бас бостандығынан айыру 25 жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористiк қылмыстар, экстремистiк қылмыстар, азаптаулар, жас балаларға жыныстық тиiспеушiлiкке қарсы қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттiң конституциялық құрылысы негiздерiне және қауiп-сiздiгiне қарсы, экономикалық қызмет саласында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адамдарға ескiру мерзiмдерi қолданылмайды (ҚК-тің 77-бабы, 4-бөлігі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет