Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату


§11. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату



бет10/14
Дата17.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#102296
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ҚҚ 13

§11. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату

Қылмыстық кодекстiң 75-бабы ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатудың тәртiбiн белгiлеген. Осы бапқа сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оның өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасы бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрi өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн (75-бап, 1-бөлiгi).

Аурулығына байланысты жазадан босатуға заңда екi түрлi аурумен ауыру негiз бола алады. Өзiнiң әрекетiнiң мағынасын түсiну немесе оны басқару мүмкiншiлiгiнен айыратын психикалық ауру немесе жазаны өтеуге кедергi жасайтын басқа қатаң ауру.

Аурудың бiрiншi түрi сот үкiм шығарғанға дейiн немесе үкiм шығарғаннан кейiн бiрақ жазаны өтеуге дейiн психикалық ауруға шалдыққан адамға қолдануға негiз болса, аурудың екiншi түрi жазаны өтеу барысындағы адамдарға қолдануға негiз бола алады. Әдiлеттiлiк және адамгершiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, қылмыстық заң сотталғандарды аурулығына байланысты жазаны өтеуден босату институтын жүзеге асырады. Психикалық ауруға шалдыққан адамдарға сот жазадан босата отырып, оларға медициналық сипаттағы ерiксiз шараларды қолдана алады. Олардың ауруханада болған уақыты жаза өтеу мерзiмiне есептеледi. Аурудан жазылған ретте ондай адамдар жазалануға жатуы мүмкiн. Қылмыстық заңға сәйкес, психикалық ауруға шалдыққан адам негiзгi, сондай-ақ қосымша жазадан немесе осы жазаларды одан әрi өтеуден босатылуға жатады.

Сот үкiмi шыққаннан кейiн, өмір бойы бас бостандығынан айырудан басқа жазаны өтеуге кедергi жасайтын басқа ауыр науқасқа шалдыққан адам науқасының сипаты, істелген қылмыстық құқық бұзушылығының ауырлығы, кінәнің жеке басы және басқада мән-жайлар ескеріле отырып, соттың шешiмi бойынша жазадан босатылып немесе бұл жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. Ауыр науқасқа шалдыққан адамдардың психикалық дертке шалдыққандардан айырмашылығы сол, мұндай адамдар өзiнiң әрекеттерiне толық жауап бере алмайды. Олардың жазаны өтеуiне басқадай ауыр науқастар кедергi келтiредi. Осыған байланысты мемлекет мұндай адамдарға iзгiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, жазадан босатуды немесе жазаны жеңiл жазамен ауыстыруды қолдана алады.

Жазаны өтеуге кедергi келтiретiн ауыр науқастар сот-дәрiгерлiк сарапшы арқылы анықталады. өзiне-өзi жарақат салған немесе қасақана өз денсаулығына зиян келтiрген адамдарға бұл тәртiп қолданылмайды.

Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдар, егер осы Кодекстiң 71 және 77-баптарында көзделген ескiру мерзiмi өтпеген болса, олар сауыққан жағдайда қылмыстық жауапқа тартылып, жазалануы мүмкiн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет