Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату


§2. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату



бет2/14
Дата17.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#102296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ҚҚ 13

§2. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

1. Қылмыстық терiс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам, кiнәлi адамның жеке басы, айыбын мойындап келуi, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткенi, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрген зиянды қалпына келтiруi ескерiле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi баптарында арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, террористiк қылмыс, экстремистiк қылмыс, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды (65-бап, 1-бөлігі).

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың бұл түрi Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетiлген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзiнде шын жүректен өкiну деп тану үшiн кiнәлiнiң кiнәсiн мойындап, өз еркiмен келуi, шын жүректен өкiнуi қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтiрiлген зиянның орнын толтыруы белгiлерi болуы шарт.

Кiнәсiн мойындап келу деп бiткен немесе дайындық арасындағы (дайындалу, оқталу), қылмыстарды iстегеннен кейiн кiнәлi адамның өзiнiң айыбын мойындап, заңда көрсетiлген органға келуiн айтамыз. Кiнәсiн мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты iстегеннен кейiн орын алады. Шын жүректен өкiну деп, iстеген кiнәлiнiң қылмысы үшiн ағынан жарылып өкiнiш бiлдiруi; өзiн-өзi айыптауы; iстеген iсi үшiн қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр екендiгiне көз жеткiзу; iштей қатты күйзелiп, қайғылануы сияқты әрекеттерiн айтамыз. Келтiрiлген зиянның орнын толтыру деп кiнәлiнiң өз еркiмен ешкiмге айтқызбай-ақ келтiрген материалдық зиянның орнын толтыруы, жәбiрленушiден келтiрген моральдық зияны үшiн кешiрiм сұрап, iстеген iс-әрекетi үшiн өзiнiң айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруi және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп тергеу органдарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа қатысқандарды дұрыс анықтап берудi, қылмыстық құралдарды, қолды болған затты табуға көмек беруiн, сондай-ақ жәбiрленушiге келтiрген моральдық зияны үшiн одан кешiрiм сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлiгi бойынша шын жүректен өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату бiрiншiден, айыптының бiрiншi рет қылмысты iстеуi, екiншiден, қылмыс iстегеннен кейiн: а) айыбын мойындап өз еркiмен келуi; б) қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтiрген зиянның орнын қалпына келтiрсе ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

Қылмыстық кодекстің 65-бабының 2-бөлігінде шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол берілмейтін жағдайлар көрсетілген: террористік, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарға, жас балаларға қарсы жыныстық қылмыс істегендерге, жеке адамға қарсы ауыр, аса ауыр қылмыс жасағандарға Қылмыстық кодекстің 65-бабының 1-тармағы қолданылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет