Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз



бет1/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия


  1. Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз

Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес, жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы

  1. Азаматтық құқықтың қайнар көздерін сипаттап жазыңыз

.ҚР. Азаматтық кодексі
2.ҚР Конституциясы
3.Президент жарлықтары
3. Азаматтық құқықтың негізгі принциптерін (қағидалары) сипаттап жазыңыз
Азаматтық құқықтың қағидаларына:
тараптардың теңдігі;
шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
еркіндік;
тәуелсіздік;
меншікке қолсұқпаушылық;
біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

  1. Азаматтық құқықтың жүйесін сипаттап жазыңыз

Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және өсиетнама.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет