5. Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуын сипаттап жазыңыз
4-бап. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы
1. Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды және өздерi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады. Азаматтық заң құжаттарының заңдық күшi өздерi күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастарға бұл оларда тiкелей көзделген реттерде қолданылады.
2. Азаматтық заң құжаттары күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастар бойынша ол өзi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған құқықтар мен мiндеттерге қолданылады. Азаматтық заң құжаттары күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт бойынша тараптардың қатынастары осы Кодекстiң 383-бабына сәйкес реттеледi.
6. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғауды сипаттап жазыңыз
8-бап. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
1. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады.
2. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды.
3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiс.
4. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс.
Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi.
5. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға зиян келтiруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi.
6. Ешкім де өзінің теріс пиғылды мінез-құлқымен артықшылық алуға құқылы емес.
Осы баптың 3-6-тармақтарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда сот адамға тиесілі оның құқығын қорғаудан бас тарта алады.
7. Азаматтық құқықтық қатынастарды сипаттап жазыңыз
Азаматтық құқытық қатынас дегеніміз азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық катынас.
Азаматтық құқықтық қатынастың келесі элементтері бар:
азаматтық құқықтық қатынастың объектісі (мүліктік және мүліктік емес игіліктер және құқықтар;
азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері (жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер;
азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны (қатысушылардың субъективті құқықтары мен міндеттері.
8. Азаматтық құқықтағы тараптардың теңдігі қағидасын сипаттап жазыңыз
9. Азаматтық құқықтағы тараптардың меншікке қол сұғылмаушылық қағидасын сипаттап жазыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |