Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Шартты орындаудан біржақты бас тарту негіздерін көрсетіңіз



бет37/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Азаматтық сессия

78. Шартты орындаудан біржақты бас тарту негіздерін көрсетіңіз 
1. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.

2. Тараптардың бiрi, атап айтқанда:

1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);

2) егер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған; 

3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

3. Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.



4. Егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.
79. Азаматтық кодекстің 195-бабының 1 тармағына сәйкес меншік құқығымен қатар заттық құқықтарды көрсетіңіз 
Азаматтық кодекстің 195-бабының 1 тармағына сәйкес меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға: 1) жердi пайдалану құқығы; 2) шаруашылық жүргiзу құқығы; 3) оралымды басқару құқығы; 4) Азаматтық Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар.
80. Кондоминиум - ортақ меншіктің арнайы формасы ретінде көрсетіңіз 
Азаматтардың меншік құқығы объектілерінің ерекшелігі кондоминиумде көрініс табады. Кондоминиум – жылжымайтын мүлікке меншік формасы, бұл ретте жылжымайтын мүліктің кейбір бөліктері, оның ішінде кейбір жер учаскелері азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің жеке дара меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншіктегі бөлігі жылжымайтын мүліктердің меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі болады.Кондоминиумды басқару формаларынанегізінен, жер учаскелері меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, пәтерлерлің меншік иелерінің кооперативтері және басқалар жатады.
Азаматтардың меншік құқығының мазмұны меншік иесінің мүлікті өз қалауынша және өз мүддесіне иемдену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі құқық өкілеттіктерін құрайды. Әрбір құқықтың өзінің жүзеге асырылу шегі бар. Азаматттық құқықта олар рұқсат етілгендік және диспозитивтік принциптерімен анықталады. Рұқсат етілгендік принципін „тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етілген” қағмдасымен беруге болады.Диспозитивтік принципі меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруға немесе жүзеге асырмауғажэ жүзеге асырудың тәсілі мен шегін өзі анықтауға құқығын қарастырады.
Кәсіпкердің еңбек құқығын жүзеге асырудағы ерекшелігі жеке дара кәсіпкерліктің түрі мен меншік сипатына байланысты. Азамат жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайлардың ортақ мүлкін пайдаланса, егер заң құжаттарында немесе некелесу шартында не жұбайлар арасындағы басқадай келісімдерде өзгедей көзделмеген болса, пайдалану үшін басқа жұбайдың рұқсаты керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет