73. Сенімхаттың тоқтатылу негіздерін көрсетіңіз
Сенімхаттың тоқтатылу негіздері : 1)сенімхат мерзімінің өтуі; 2)сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы; 3)сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;4)сенімхат берген адамның одан бас тартуы; 5)өз атынан сенімхат берген немесе оның атына берілген заңды тұлғаның тоқтатылуы; 6)сенімхат берген адамның немесе оған сенімхат берілген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттігі жоқ, әртүрлі қабілеттігі шектеулі немесе хабар –ошарсыз кетті деп танылуы;
Сенімхат берілген адам, оның құқық мирасқоры сенімхат тоқтатылысымен оны дереу қайтару тиіс.
74. Міндеттемені орындауды көрсетіңіз
Міндеттемелердің орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетте жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекеті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді. Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқталуына әкеледі.
75. Кепіл ұғымы және оның пайда болу негіздерін көрсетіңіз
Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.
Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк, кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.
2. Кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше ережелер белгiленбеген реттерде ипотекаға осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады.
3. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңізде" жүзетін кемелердің кепілі (кемелер ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі. Осы Кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ережелер көзделмеген жағдайда кемелер ипотекасына қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар жасалып жатқан теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзетін кемелерге, "өзен-теңізде" жүзетін кемелерге де қолданылады.
Кепiл шартқа сәйкес пайда болады. Кепiл заң құжаттарының негiзiнде, егер заң құжаттарында қандай мүлiк және қандай мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiлде жатқан деп танылатыны көзделсе, оларды көрсетiлген мiндеттемелердiң пайда болуы кезiнде де туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |