10. , Жеке тұлғаны - азаматтық құқықтың субьектісі ретінде түсіндіріңіз 12-бап. Жеке тұлға ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша белгiленбесе, бұл тараудың ережелерi барлық жеке тұлғаларға қолданылады.
Азаматтык кодекстің 12-бабына сәйкес жеке түлға деп Казакстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жок адамдарды атаймыз.
Азаматтык алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық занда жеке тұлғалардың құқық кабілеттілігі туралы емес, азаматтардын кұқык кабілеттілігі туралы ғана айтылған. Күкык кабілеттілігі ең алдымен толық түрде Казақстан Республикасынын азаматтарына беріледі.
11. Азаматтың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігін түсіндіріңіз 13-бап. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi
1. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.
2. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады..
17-бап. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi
1. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.
2. Заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.
3. Егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.
12 Заңды тұлғаны тарату негiздерi 49 бап. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.
Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын тарату Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2. Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
4) қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған:
заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған;
қызметін тиісті лицензиясыз не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған;
5) басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін.