Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы


органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік



бет18/22
Дата19.09.2024
өлшемі166,61 Kb.
#204737
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
p1500001193.17-07-2024.kaz (4)

органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік
қызметші болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша
жұмыс өтілін есептеу қағидалары
Техникалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі белгілі бір функционалдық блокқа, буынға және сатыға жататын атқаратын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық айлықақысын айқындау мақсатымен есептеледі.
1. Лауазымдық айлықақы алуға құқық беретiн мамандық бойынша жұмыс өтіліне мемлекеттiк органдарда iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінде, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында және әскери-тергеу органдарында мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
1-1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерген;
2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың ішкі істер органдары жүйесіндегі, қылмыстық-атқару қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесіндегі қызметте, прокуратура органдарындағы қызметте, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде жұмыс істеген;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының соттарында, прокуратура органдарында, ішкі істер органдарында, Кеңес Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде еңбек сіңірген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретін лауазымдарда жұмыс істеген;
4) Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесінде жұмыс істеген;
5) жүктілігі және босануы бойынша демалысы, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген баланы үш жасқа толғанға дейін күту жөніндегі жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты;
6) егер шетелге жіберер алдында қызметкер мемлекеттік органдарда жұмыс істеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі айдың ішінде мемлекеттік органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
7) Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асырған;
8) егер қызметкер курсқа түскенге дейін мемлекеттік органда жұмыс істесе және оны бітірген соң мемлекеттік органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзіп оқыған;
9) ұйымдарда мемлекеттік органдардағы атқаратын лауазымдары бойынша мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда кейінгі жұмыс істеген уақыты кіреді.
2. Осы Ережеге сәйкес есептелетін мамандық бойынша жұмыс өтілі күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық айлықақысын арттыру құқығы туындаған қызметкерлерге, өтілін ескере отырып лауазымдық айлықақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды.
Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділер екі данада дайындалады және: бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.
5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттары мамандығы бойынша жұмыс өтілін айқындауға арналған құжаттар болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
21-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер, мемлекеттік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет