Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 28.01.2020 № 11 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 5. Мемлекеттік басқару органдарына:
1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;
2) жұмыскерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту;
3) тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығы берілсін. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын тиісті жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.05.2022 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Ұйымдардың басшыларына:
1) мемлекеттік басқару органымен келісу бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдардың атауларына қызмет ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдануға, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестіру;
2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалған тәртіппен ұйымдардың қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілсін.
7. Осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.