Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы



бет6/22
Дата19.09.2024
өлшемі166,61 Kb.
#204737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
p1500001193.17-07-2024.kaz (4)

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8)

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6.



COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені және оны жұқтыру қаупі үшін қосымша ақы





1)

Жоғары тәуекел:
COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері (төсек) мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық персонал, инфекция жұқтырған пациенттермен және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланыс жасайтын клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлерін қоса алғанда



Жеті еселік БЛА

Нақты жұмыс істеген сағаттары үшін

2)

Орташа тәуекел:
зертханалардың (сынама алуды қабылдау бойынша бөлімдердің) қызметкерлері:
санитариялық-эпидемиологиялық
қызмет дәрігері, маманы, зертхана маманы, сынама алу маманы, зертханашы



Бес еселік БЛА

Нақты жұмыс істеген сағаттары үшін тікелей:
COVID-19 коронавирустық инфекциясымен контаминацияланған биологиялық материалмен;
COVID-19 коронавирустық инфекциясын ықтимал жұқтырған адамдардан биологиялық материалды алумен жұмыс істейтіндерге

3)

Төменгі тәуекел:
COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері (төсек) мен басқа да стационарларды қоса алғанда, провизорлық стационарлардың, провизорлық бөлімшелердің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы, инфекция жұқтырған пациенттермен және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланыс жасайтын клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлерін қоса алғанда;
COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар, сондай-ақ СOVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын клиникалық және эпидемиологиялық белгілер бойынша вирустық пневмониясы (COVID-19 коронавирустық инфекциясының ықтимал жағдайы) бар тіркелген контингент қатарынан стационарлық жағдайда пациенттерге медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы;
карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина персоналы, жұқпалы пациенттер және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланыс бар барлық клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлерін қоса алғанда



Үш еселік БЛА

Нақты жұмыс істеген сағаттары үшін



жедел медициналық жәрдемнің, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрігерлер, фельдшерлер және жүргізушілер





COVID-19 коронавирустық инфекциясы диагнозы зертханалық расталған пациентке (пациенттерге) бір немесе одан көп шақырту болғанда нақты жұмыс істеген ауысым үшін



медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлері мен орта медициналық персоналы тартылған жағдайда;
шұғыл ден қою бригадаларының және апаттар медицинасы бригадасының дәрігерлері мен орта медицина персоналы, жүргізушілері мен қызметкерлері тартылған жағдайда;
мобильді бригадалардың дәрігерлері, орта медицина персоналы және жүргізушілері





Нақты жұмыс істеген сағаттары үшін



осы қаулыға қосымшаның 6-жолының 2) тармақшасында айқындалған қызметкерлерді қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде дезинфекциялық қызмет қызметкерлері





Мына:
COVID-19 коронавирустық инфекциясы ошақтарына эпидемиологиялық зерттеу кезінде жұмыс істейтіндерге;
COVID-19 коронавирустық инфекциясымен ықтимал контаминациялан-ған биологиялық материалмен тікелей жұмыс істейтіндерге;

COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізетіндерге нақты жұмыс істеген сағаттары үшін





жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері





Нақты жұмыс істеген сағаттары үшін



COVID-19 коронавирустық инфекциясы диагнозы расталған мәйіттерге сот-медициналық зерттеу, айыпталушыларға, жәбірленушілерге және басқа адамдарға сот-медициналық сараптама жүргізу өндірісінде тікелей жұмыс істейтін
сот сараптамасы органының дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы





Нақты жұмыс істеген сағаттары үшін

Ескертпелер:
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін екі (немесе одан да көп) негіз бойынша: медицина және өзге де персонал үшін туберкулезді емдеу-профилактикалық мекемелерінде (палаталарында, бөлімшелерінде, интернат-үйлерде) – БЛА-дан 220 % мөлшерінде, наркологиялық ұйымдардағы және маскүнемдікке, нашақорлыққа, уытқұмарлыққа шалдыққан науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда – БЛА-дан 40 % мөлшерінде, 20 %-дан 22 %-ға дейін қосымша ақы көзделген басқа да ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерде – БЛА-дан 23 % мөлшерінде қосымша ақылар белгіленеді.
2. Медицина қызметкерлері кезекшілікті атқарғаны үшін еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізіледі. Кезекшілікті ұйымдастыру және оған ақы төлеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган бекітеді.
3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар арнаулы органдар жүйесінің, ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атақтары жоқ медицина қызметкерлеріне, білім және ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының медицина және ғылыми қызметкерлеріне қолданылады.
4. Мейіргерлерге "Бас" мәртебесі үшін БЛА-дан 30 %, "Аға" мәртебесі үшін БЛА-дан 25 % қосымша ақы төлеу белгіленеді.
5. АИТВ – адамның иммунтапшылығы вирусы.
6. COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені және оны жұқтыру қаупі үшін қосымша ақы тәуекел тобына жатқызылуына байланысты COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тікелей қатысатын қызметкерлерге де нақты жұмыс істеген сағаттары үшін қолданылады.
7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.06.2022 № 389 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
6-қосымша
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар
Ескерту. 6-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 940 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.01.2021 № 7 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi); 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.08.2023 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/с


Қосымша ақылардың атауы

Қосымша ақылардың түрлері

Қосымша ақылардың мөлшері

Ескертпе



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет